Фотосинтездік аппарат. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Хлоропласт пигменттері


Пигменттердің хлоропласттағы күйі



бет6/7
Дата24.10.2022
өлшемі1,05 Mb.
#45084
1   2   3   4   5   6   7

Пигменттердің хлоропласттағы күйі:

Пигменттердің хлоропласттағы күйі:

Пигментердің фотосинтез процесіне қатысу тетіктерін (механизмдерін) түсіну үшін олардың клеткадағы, хлоропластағы күйлерін білу қажет.Тірі клеткадағы пигменттердің физикалық күйі ерітіндідегіге қрағанда өзгеше юлады. Мысалы, жапырақтағы хлорофилл а спектрдіңқызыл аймағындағы 680нм-лік сәулені өте жоғары сіңіреді де, этиль эфиріндегі ерітіндісі 660 нм, ар ацетондағы ерітіндісі 663 нм-лік сәулені сіңіреді. Бұндай өзгешелікті 1921 жылы В.Н.Любименко клеткадағы хлорофилл молекулаларының белок молекулаларымен ерекше байланысқан күйде болатындығында деп түсіндірді. Осы ұйғарым кейінірек, 1957-1962 жылдар аралығында көптеген ғалымдардың зерттеулерінде де дәлелденді. Кейбір тәжірибелерде хлорофилл а-нің хлоропластта бірнеше түрде болатындығы анықталды.

Каротиноидтар

Каротиноидтар

Өсімдік жапырақтарында сары пигменті бар оларды каротиноидтар (лат. Carotion – қызғылт және сарғыш деген мағына береді). Мұны алғаш осылай атаған ғалым Цвет.

Каротиноидтар екі топқа бөлінеді:1. Оттексіз каратиноидтар. 2.Оттекті каротиноидтар немесе ксантофилдер. 3.Оттексіз каротиноидтардың ең басты өкілі В каротин.Ксантофилдердің ең басты өкілі – лютеин мен зеаксантин.Бұл каротиннің тұрақты серігі болып есептелетін лютеин күн сәулесінің 450 және 481 нм толқындағы спектрін сіңіреді. Ауада лютеин тез ағарып тотығады. Бірақ тотыққанмен А витаминін құрамайды. Тотыққан каротиннің бірнеше изомері болады. Олардың ең бастысы зеаксантин, виолаксантин. Сондай ақ томат және бұрыш жемістерінде кездесетін лютеин. Жүгерінің жапырақтарында тотыққан лютеин изомері зеаксантин,, ал сояда пловоксантин болады. Қоңыр балдырларда фукоксантин жатады.

Фикобилиндер

Фикобилиндер

Фикобилин дегеніміз (грекше «фикос»-балдыр, «билиис» - сөл) балдыр сөлі деген мағына береді. Бұл суда өсетін балдырларда кездеседі. Фикобилиндер тобындағы фикоэритрин кездеседі.Фикоэритрин (грекше «фикос» - балдыр, «эритрос» - қызыл) немесе қызыл пигментті балдырлар, бұдан басқа жасыл пигменттері де кездеседі. Көк-жасыл балдырлардың негізгі пигменті – фикоциан. Ол суда өсетін жасыл балдырларда көп кездеседі. Өзі үнемі хлорофилл пигментерімен қатар кездеседі. Фикоэритрин мен фикоциандар спирт, ацтон сияқты басқада органикалық ерітінділерде ериді, бірақ жылы немесе ыстық суда тез ериді. Фикоэритрин мен фикоцианин екі белоктық бөліктен құралады. Фикобилиндер спектрдің жасыл және сары бөліктерін сіңіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет