Фотосинтездік аппарат. Жапырақтың анатомиялық құрылысы. Хлоропласт пигменттері



бет7/7
Дата24.10.2022
өлшемі1,05 Mb.
#45084
1   2   3   4   5   6   7

Фикобилиндердің химиялық құрамы

Хлорофилдің химиялық құрамына ұқсас. Фикобилииндердің хлорофилден айырмашылығы, ол тұрақты берік қосылыс жасайды. Ол өте берік болады. Оны белоктардан өте жоғары температура қайнатып немесе фикобилиндерге күшті қышқылдар құйып ажыратуға болады. Фикобилин адам өтіндегі билирубин пигментіне ұқсас.Балдырлардың фотосинтездеуші құрлымындағы фикобилииндер ерекше түзілімдерде – фикобилисомаларда орналасқан. Фикобилиндердің жарық сіңіру ерекшкліктерінің балдырлар тіршілігіндегі маңызы үлкен.Жалпы айтқанда, фикобилиндер, хлорофилл b орнына жарық жинаушы пигменттер жиынтығындағы қосымша пигменттер болып есептеледі. Фикобилиндер арқылы сіңірген энергияның 90% шамысы хлорофилл а-ға тасымалданады.

Антоциандар

Антоциандар

Антоциан (грекше «антоциан» - гүл, «цианос» -бояу) деген мағына береді. Антоциандар өсімдіктің клеткасында шырынынан бөліп алып, оның химиялық құрамын зертегенде, оның құрамы өте күрделі екенін анықтады. Антоциан пигменті флагоннан (лат. «флагос»-ашық - сары) құралады. Флагон В2 витаминнің қосындысында пайда болды. Ол өте тотыққан зат. Антоциандар бастапқы қалпына қайтып келмейтіндей реакцияласады.Мұндай қосылыс антоциандардың өсімдік клеткасында өтетін физиологиялық және биохимиялық реакциялануға қатынасуына өте қолайлы. Сондықтанда олар клеткадағы тотығу – тотықсыздану реакциясын реттеп отырады. Таулы жерлерде өсімдік гүлдерінде антоциандар көп болатынын әрі әсем, әрі үлкен болуы осы пигментке байланысты.

Флавондар мен флавонолдар

  • Флавондар мен флавонолдар
  • Флавондар антоциандар сияқты тек клеткалардың вакуольдерде ғана кездеседі. Олар эпидермияльды клеткаларда синтезделеді. Флавондар мен фловонолдар тропикалық және биік тауларда өсетін өсімдіктердің жапырақтарында, сабағында, гүлінде, тамырында мол жиналады. Олар күн сәулесінің ультракүлгін спектрін өздеріне қабылдап өсімдік организімін оның зиянды әрекетінен сақтап тұрады. Әсіресе хлорофилді және цитоплазманы қорғайды.
  • Флавон қосындылары оның сақиналарының қосылуы арқылы синтезделетін бұл қосылыс оттегі арқылы өтеді де сутегі босап шығады. Фловондар үш топқа бөлінеді. Бұл қосылыстар өсімдік жапырағында және гүлінде антоциандармен бірге кездеседі. Фловонолдар пигментттердің өсімдіктің тотығу – тотықсыздану процесіне қатысады. Антоцианы бар жапырақтар жасыл жапырақтарға қарағанда күн сәулесінің жасыл спектіріндегі энергияны мол сіңіріп аз шашыратады.Антоциандардың қабылдаған күн сәулесіннің энергиясын өсімдікте әртүрлі метаболизмдерді реттеуге пайдаланады.
  • Фловонолдар өсімдіктің жемісін, гүлдерін әртүрлі түске бояп рең береді. Флавондар мен антоциандар ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестерін уландырады. Өсімдіктердегі фловонолды пигменттер және глюкозиттер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет