Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет17/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

жүрегі  елжіреп  қайтқан  (М.  Әуезов);  Тырнадан  төре  қойсаң,  басыңнан 
қиқу кетпес (мақал); 
Қарға тамыр ел едік қашаннан-ақ,
Жекжатымен ел өсіп жасаңдамақ (Жамбыл) 
Барлық фразема құрамындағы фраземажасам компоненттер – сөздер, ал 
фразема сөйлемде тұтас қалпында жеке сөздер функциясын атқарып тұр. 
Құрылымы жағынан қарастырар болсақ, бірінші сөйлемдегі фразема қан 
жүрегі қақ жарылып, ет жүрегі елжіреп сөз тіркесі моделімен жасалса, 
екінші, үшінші сөйлемдердегі басыңнан қиқу кетпес және қарға тамыр ел 
фраземалары сөйлем моделімен жасалған.
Фразема  мен  сөздердің  арақатынасы  мәселесі  екі  көзқарас  негізде 
дәлелді.  Біріншісі,  фразема  мен  сөздің  арақатынасы  теориясы  болса, 
екіншісі, фраземаның сөзге эквиваленттігі теориясы болып табылады. Фра-
зема мағынасын сөзбен (сөз-идентификатормен) ауыстыруға болу-болмау 
қасиетіне негізделген эквивалент теориясы Ш. Баллиден бастама алады.
Аталған  теория  бойынша,  фразема  сөзге  эквивалент  бола  алса  ғана 
фразеологиялық бірлік қатарына кіреді. А.И. Смирницкий бұл тұжырымды 
толықтыра келіп, фраземаның сөзге эквиваленттілігі оларға категориялық 
ортақтықты қамтамасыз етеді, яғни мағына тұтастығы мен сөйлеуде тілдік 
бірлік ретінде дайын қалпында қолданыла алу қасиеттерін атап өтеді.
Эквивалент  теориясы  бойынша  фразема  сөзбен  бірдей  дәрежеде 
лексикалық мағына мен грамматикалық категорияларға ие бола алады. Мы-
салы: қан жұту – «қайғыру», қара қылды қақ жарған – «әділ, турашыл», 
ауыз бастырық – «пара, ақы», ат үсті – «үстіртін» және т.б. фразема мен 
сөздердің мағыналары тепе-тең болған жағдайда, олардың грамматикалық 
категориялары  да  ортақ  болады,  яғни  лексикалық  бірліктерге  тән. 
Процессуалдылық, атрибутивтік, заттық, адвербиалдылық және т.б. кате-
гориялар негізінде түрлене алады.
Әрқашанда  фразема  сөзге  эквивалент  бола  ала  ма,  оның  мағынасын 
сөзбен алмастыруға бола ма, болған жағдайда да толық сол мағынаны беру-


27
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
27
ге сөздің құдіреті жете ме? деген сұрақтар міндетті түрде туады. Әрине, сөз 
фразема  мағынасын  толық  дәрежеде  бере  алмайтынын  мойындауға  тура 
келеді. Сөзбен алмасқан фразема ның мағыналық элементтерінің біршама 
бөлігі сыртта қалып отырады. Мысалы, қазақ тілінде ит пен мысықтай болу, 
орыс тілінде как кошка с собакой фраземасын «өш, араз, қас» деген сөзбен 
алмастыра  аламыз,  бірақ  тұрақты  тіркес  беріп  тұрған  информацияның 
біршамасы  тасада  қалып  қояды,  бұл  тіркестің  мағынасы  «жанжалдасу» 
ғана емес, «бір-бірін жек көретіні соншалықты, олар әрқашан да бір-біріне 
өш, араздасу үстінде» деген мағынада қолданылады.
Сонымен  қатар  лексика-грамматикалық  тұрғыдан  да  сөз  бен  фра-
зема  арасында  толық  эквивалент  әрқашан  бола  бермейді.  Мысалы: 
соңғы  сыңары  зат  есім  болып  келетін  фраземаның  барлығына  да  зат 
есімнің  грамматикалық  категориясы  тән  емес:  ат  үсті  «үстіртін»,  көз 
ұшында «алыста, қашықта», ақ қар, көк мұзда «суықта, қыста» және т.б. 
фраземалардың негізгі сыңарлары зат есімнен бола тұрып, олардың тұтас 
мағынасы үстеудің қызметінде қолданылып тұр.
Сондықтан  да  эквивалент  теориясымен  салыстырғанда  сөз  бен 
фраземаның  арақатынасы  теориясының  салмағы  ауырлау  деп  ойлаймыз. 
Арақатынастылық (соотносительность) дегеніміз – екі номинативтік бірлік 
арасында  айырмашылық.  Бірақ  бұл  ерекшеліктер  олардың  арасындағы 
ұқсас, қатар қасиеттер мен белгілерді ешқашан да жоққа шығара алмайды. 
Себебі:
–  біріншіден,  фразема  «құрылыс  материалы»,  қаңқасы  сөз  бола 
тұрса  да,  фразема  құрамындағы  сөздер  мағынасы  мен  олардың  тұтас 
мағынасын салыстыруға келмейді, тұрақты тіркестің жеке компоненттері 
өздерінің лексикалық мағынасынан айырылған, семантикалық жағынан 
қайта  құрылған,  жаңадан  жасалынып,  десемантикалық  жағынан  қайта 
құрылған, жаңадан жасалынып, десемантикаланған номинация болып та-
былады. Мысалы: екі көзі төрт болу «зарыға күту», үріп ауызға салғандай 
«сүйкімді, әдемі» және т.б.;
–  екіншіден, фразема  мағынасының көлемін сөзбен  теңестіру  мүмкін 
емес;
–  үшіншіден,  сөздің  лексикалық  мағынасы  мен  фраземаның 
фразеологиялық мағыналары арасында сәйкестік бар болғанымен де, олар 
әр түрлі құрылымдарға ие.
Сөз  құрылымы  ең  кішкентай  тілдік  элемент  –  морфемалардан  тұрса, 
фразема компоненттерінің шығу төркіні – сөздер. Сондықтан да сөз – тұтас, 
бүтін тұлға, ал фразема – жеке дара тұлға болып табылады.
Акцентологиялық тұрғыдан қарастырсақ, сөз бір екпінді, ал фразема-
лар екі немесе одан көп екпінді болып келеді.
Арақатынастық,  сәйкестік  теориясы  –  фразема  мен  еркін  сөз 
тіркестерінің  арасындағы  ұқсастық  пен  айырмашылықтарды  туындатуға 
бағышталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет