Фразеосемантика


§ 4. Зооморфтық фраземалар



Pdf көрінісі
бет37/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

§ 4. Зооморфтық фраземалар
Адамзат  өміріне  жануарлар  әлемі  өте  етене  таныс,  жақындығы 
өркениеттің  тарихи  дамуы  үрдісімен  байланысты.  Ертедегі  адамдардың 
табиғат  алдындағы  дәрменсіздігі  мен  оған  деген  теріс  түсініктері  жану-
арлар культінен туындаған. Жануар-лар әлеміндегі культтік таным адам-
зат творчествосының ең көне көрінісі болып табылады. Тіл мен мәдениет 
байланысын зерттеген ғалым В.А. Маслов пікіріне сүйенсек: «Культ жи-
вотных – первая грань, которую древний человек проводит между собой и 
миром природы, признавая еще ее господство, но уже не отождествляя себя 
с  ней»  [В.А.  Маслова,  1997;  122  б.].  Қазіргі  уақытта  рухани  мәдениетте 
жануарлар әлемінің танымдық сипаты еш төмендеген жоқ, сондықтан да 
анимализм тілдік және мәдени стреотиптер мен поэтикалық бейнелердің 
ұғымдық көрінісінің жалғасы болып табылады.
Жануарлар  әлемімен  байланысты  туған  культтік  фраземалар  мағы-
насының мифологиялық төркініне зер салу – тіл тарихының қатпарларына 
үңілуге  мүмкіндік  береді.  Адамзаттың  саналы  ғұмырынан  бергі  кезеңде 
онымен  біте  қайнасып  келе  жатқан  алуан  түрлі  мифтік  дүниетаным 
қазыналарының  фраземалар  қойнауларында  жатқаны  белгілі.  Тілде  өмір 
шындығы,  адамның  өзін  айнала  қоршаған  дүние  туралы  сан  ғасырлар 
бойындағы таным түсінігі мен болмыс-бітімі мол жинақталған.


69
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
69
Адамзаттың  алғашқы  қауымында,  яғни  әлем  заңдылықтарын  танып 
білудің балаң кезеңінде жалпы халықтың жинақталған қиял жемісі – миф 
пайда болған. Миф – ертедегі адамдардың не жайлы ойлағаны, неге сенгені, 
бір сөзбен айтқанда, әр нәрсені белгілі бір сезіммен қабылдауының бірден-
бір  көрінісі.  «Мифте  айтылған  аңыздар  мен  шарттар,  жабайылық  емес, 
ол  мәдениеттің  басқа  бір  саласына  енетін  бір  шындықтың  саңлақтары»  
[Е.М. Мелетинский, 1979; 34 б.] болып табылады.
Ежелгі  архаикалық  ұғымдар  ойдың  сөзбен  берілген  көрінісін  мойын-
даған, сондықтан да тілдің көне құрылымы сол дәуірдің архаикалық да-
муын  бейнелейді.  Фраземалар  –  ұлттық  тілдің  архаикалық  формасы,  ал 
мифологиялық фраземалар – фразеоло-гияның ең көне түрі.
Қазақ мифологиясы – бүгінгі қазақ халқын жасауға қатысқан бірнеше 
мыңжылдық  көшпелі  ру-тайпалардың  «орташа»  алынған  сөздері,  дүние-
ғалам,  өмір  туралы  түсініктерінің  елесті  танымдарының  бірыңғай 
жүйесі. Қазақта айқын, мөлдір сипатты мифология жоқ. Ол ауыз әдебиеті 
мұраларының,  жырлар  мен  дастандардың,  әр  түрлі  шежіре  аңыздардың, 
ертегілердің жұмбақ пен мақал-мәтелдердің, фразеологизмдердің астарын-
да, сондай-ақ қазақ тілінің сөздік қорының қойнауында жасырынып жатыр 
[С. Қондыбаев, 1995; 17 б.]. 
Қазақ тіліндегі фраземалар өзіндік мазмұны мен құрылымына қарай әр 
алуан  болып  келеді.  Олардың  көбісі  халықтың  тарихын,  наным-сенімін, 
көзқарасын,  дүниетанымын  білдіреді.  Осы  ерекшеліктер  фраземалардың 
бейнелі-реңктік негізін құрайды. Фраземалар – тілдің мазмұндық жағының 
сан  ғасырлық  дамуының  нәтижесі,  сондықтан  олар  бізді  қоршаған 
нақтылықтың  күрделі  ұғым  мен  түсініктерді  ең  қысқа,  ықшам  пішінде, 
түсінікті, бейнелі және эмоционалды түрде бейнелеу қабілетіне ие.
Алайда,  фраземалардың  бұл  жалпы  мінездемесі  әр  нақты  жағдайда 
бейнелі-реңктік  негізіне  байланысты  өз  дифференциясын  табады.  Фра-
зе малардың  бейнелі-реңктік  негізін  халықтың  әлеуметтік-экономикалық 
өмірін, рухани әлемі мен материалдық мәдениетін, тұрмыс-салтын, діни-
мифологиялық наным-сенімдерін білдіретін факторлар көрсетеді.
Сол  себепті  фраземалардың  пайда  болуы  мен  жасалуына  әр  түрлі 
дәрежеде  ықпал  ететін  экстралингвистикалық  факторларды  ұмытпаған 
жөн. Мысалы, егер Қиыр Солтүстік пен Сібір түркі халықтары тілдерінің 
лексика-фразеологиялық  категориялары  бұғы  шаруашылығының  неме-
се тайгадағы аңшылық кәсібінің ерекшеліктерін бейнелесе, ал Орта Азия 
халықтарында мақта шаруашылығы, Поволжье халықтарында балық аулау 
кәсібінің, ал қазақтарда мал шаруашылығының ерекшеліктерін көрсетеді.
Мұның бәрі үй жануарларын өсіру мен күту, көлік, күнкөріс есебінде 
пайдалану, сол сияқты киім мен үй жабдықтарын жасау шикізаты ретінде 
пайдаланудың сан ғасырлық тәжірибесі тілде көрініс таппауы мүмкін емес 
еді.  Қазақтардың  көшпелі  тұрмысының  бұл  ерекшеліктері,  ең  алдымен, 
фраземаларда орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет