Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет34/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

СОМА
ТИКАЛЫҚ
 
ЗООМОР
Ф
ТЫҚ
ТҮС
СА
Н
АЛҒЫС-ҚАРҒЫС
ДІНИ-МИФ
О
ЛО-
ГИЯЛЫҚ
ҚАЛҒАНДАРЫ
2-сурет. Фразеологизмдердің жиілік көрсеткіші
Сызбада  фраземажасамға  ұйытқы  сөздердің  өнімділігі  Ісмет  Кеңес-
баевтың фразеологиялық сөздігі бойынша көрсетілді.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
60
§ 3. Адамның дене-мүшелеріне және  
қимыл-қозғалыстарына байланысты фраземалар
Лексикографтардың  пікірінше,  кез  келген  тілдің  фразеологиялық  қо-
рының  30%  соматикалық  тіркестер  құрайды.  І.  Кеңесбаев  сөздігінде 
630-дан  аса  соматикалық  фраземалар  тіркелген.  Түркі  тілдеріне  ортақ 
фраземалық қордың басым көпшілігі соматикалық фраземалар болып та-
былады. Башқұрт фразеологиясын зерттеуші ғалым, академик З.Г. Ураксин 
«Фразеология башкирского языка» еңбегінде башқұрт тілінің фраземала-
рына  лексика-семантикалық,  құрылымдық-морфологиялық,  синтаксистік 
тіркесімділігі  тұрғысынан  лингвистикалық  анализ  жасай  отырып
соматикалық  фраземалар  туралы  былай  дейді:  «Фразеологизмы,  общие 
для большинства современных тюркских языков, образуются чаще всего 
от названий тела, которые в сочетании с другими словами в прямом значе-
нии обозначают положение частей тела, различное состояние или действия 
органов тела. Употребление их в переносном значении, когда они начали 
обозначать психическое состояние, способности человека и др., привело в 
фразеологизации всего словосочетания» [З.Г. Ураксин, 1975; 158 б.].
Фразеологизмдердегі  бірінші  компонент  көбінесе  фраза  жасаушы 
ұйытқы сөз болып табылады, бірақ бұл негізгі шарт болып табылмауы ке-
рек. Тілдегі кез келген сөз фраземажасамда ұйытқы компонент бола алмай-
ды. Тек халықтың санасында, тілінде ұзақ жасасып келген, байырғы сөздік 
қордағы лексемалар ғана ұйытқылық қызмет атқара алды.
Фразеологиялық қордың басым көпшілігі болып саналатын анатомиялық 
атаулар мен дене мүшелері арқылы жасалған фраземалардың саны түркі 
тілдерінде,  соның  ішінде  қазақ  тілінде  аз  емес.  Соматикалық  атаулар 
арқылы жасалған фраземалар көне түркі ескерткіштерінде де көптеп сана-
лады.
Кез  келген  тілдің  лексикалық  қорындағы  соматизмдердің  алатын 
орны ерекше ескерсек, бұл лексеманың өте көне қабатқа жататынына көз 
жеткізуге болады. Көне түркі ескерткіштер тілінде кездесетін соматикалық
 
фраземалардың  қазіргі  түркі  тілдерінің  көбіне  ортақ  екенін  дәлелдеу 
қиынға соқпады. Мысалы: kozga tagin [Древнетюрский словарь, 1961; 320 
б.]. Қазақ тілінде көзге түсу, ұйғыр тілінде көзгә чүшмәк, өзбек тілінде куз-
га ташланбақ, қырғыз тілінде кузга ташланыу, татар тілінде козга таш-
ланту; til bekut «үндемеу» [Древнетюрский словарь, 1961; 560 б.], қазақ 
тілінде  тіл  байлану,  ұйғыр  тілінде  тили  тутулмақ,  өзбек  тілінде  тили 
тиймақ,  түрік  тілінде  дилини  тутмақ,  татар  тілінде  тел  саклау,  қырғыз 
тілінде тел сақтау және т.б. 
Сонымен қатар көне түркі тіліндегі
 
соматикалық фразеологизмдердің 
бірінші  есім  компоненті  басқа  түркі  тілдерінде  өзгерген,  ал  етістік 
компоненті  сақталған  фраземалар  да  кездеседі.  Мысалы,  til  ас  «сөйлеуді 
бастау» [Древнетюрский словарь, 1961; 559 б.], қазақ тілінде ашылу, ұйғыр 


61
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
61
тілінде ағзи ечилиақ, өзбек тілінде ағиз ачмақ және т.б. Фактілер көрсетіп 
тұрғандай,  көне  түркі  тіліндегі  тіл  лексемасын  қазіргі  түркі  тілдерінде 
ауыз сөзі алмастырған. Бір қызығы, көне түркілік вариантын қазіргі татар 
тілі сақтаған. Мәселен, татар тіліндегі «сөйлеп кету, сөзді бастау және аузы 
ашылу» мағыналарында тил ач фраземасы қолданылады.
Ал көне түркі тіліндегі bogus tog [Древнетюрский словарь, 1961; 110 б.] 
фраземасы  қазіргі  түркі  тілдерінде  төмендегідей  формада  қолданылады: 
қазақ  тілінде  қарны  тоқ,  ұйғыр  тілінде  қосиғи  тоқ,  түрік  тілінде  карин 
тоқ, қырғыз тілінде қарын тоқ және т.б. Мысалдар көрсетіп тұрғандай, 
көне түркі тіліндегі bogus «жұтқыншақ» сөзі қазіргі түркі тілдерінде қарын, 
қосақ лексемаларымен алмасқан. Айта кететін тағы бір факт мұндағы есім 
компонент фраземаға факультативтік, қосалқы мағына жүктеп тұр. Негізгі 
фразеологиялық  мағына  етіс  компонент  бойында.  Салыстырыңыз,  қазақ 
тілінде: қарным тоқ, ұйғыр тілінде: қосақ тоқ =Менің қарным тоқ ~ Мениң 
қосуғим тоқ; Мен тойдым ~ Мән тоқ және т.б.;
Қазақ тіл білімінде соматикалық
 
фраземалардың варианттылық сипа-
ты
11
, олардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері
2
, соматикалық фраземалардың 
процессуалдық  мағыналары  мен  етістіктерімен  тіркесімділік  қасиеттері 
және олардың этнолингвистикалық сипаты
3
, типологиялық құрылымы әр 
түрлі  тілдердегі  соматикалық  тіркестерді  қазақ  тілімен  салғастырмалы-
типологиялық тұрғыдан зерттеген
4
 еңбектер саны аз емес. 
Тіл  дамуының  ерте  сатысының  өзінде  таныс  сөздер  (лексемалар) 
негізінде жаңа комбинациялар жасау, жаңа тіркестер қалыптастыру үрдісі 
болған.  Осы  таныс  комбинацияларға  соматикалық  атауларды  жатқызуға 
болады.  Себебі  адам  қашан  да  когнитивтік  үрдісті  өзін-өзі  танудан, 
байқаудан бастайтыны анық. Адамға етене таныс, жақын атаулар – өзінің 
дене мүшелері.
Дене мүшелері ұйытқы болған, фраземалар құрамындағы басқа компо-
ненттерге «басшылық» етіп, ықпал жасап тұратын тілдік қорда сақталған 
кейбір  соматикалық  фраземалардың  ішкі  формасында  күңгірттілік 
байқалады. Итальян тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалым Т.З. Чердан-
цева  бұл  құбылысты  тіл  табиғатындағы  ассимиляциялық  құбылыс  және 
оның  бойындағы  метафоралану  қабілеті  мен  контекстік  мағынаға  ие  бо-
1
 Смағұлова Г.Н. Фразеологизмдердің варианттылығы. Оқулық. – Алматы, 1996.
2
  Омиралиева  Ж.К.  Национально-культурная  специфика  конвенциональных 
фразеологизмов с соматизмами. Автореф. дис. … канд.филол.наук. – Алматы, 1999.
3
  Уызбаева Б.К. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолинг-
вистикалық сипаты. Филол. ғыл.кандидаты дәрежесін алу үшін дайын.автореф. – Алматы, 
1994.
4
 Ахметжанова З.К., Валиханова Р.Е. Сопоставительно-функциональное исследование 
лексико-фразеологических  систем  казахского  и  русского  языков.  –  Алматы,  1999;  
Сабитова М.Т. Основы немецкой и казахской сопоставительной фразеологии. – Алматы, 
1999 және т.б. 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
62
луымен  қатар  кейбір  экстралингвистикалық  факторлардың  нәтижесі  деп 
түсіндіріп, төмендегідей пікір айтады: «Письменные свидетельства чело-
веческой  речи  и  более  поздние  литературные  источники  содержат  отно-
сительно большое количество несвободных словосочетаний, способных, с 
одной стороны, служить названием новых понятий и предметов и высту-
пать в качестве составных терминов, с другой стороны – описать ситуацию 
с  помощью  слов,  утративших  прямую  соотнесенность  с  тем  предметом, 
обозначением которого они могли являться, и выступать в качестве фразе-
ологических единиц» [Т.З. Черданцева, 2000; 179 б.].
Қазақ  тілінің  фраземалары  құрамында  мағынасы  қазіргі  сөйлеушіге 
түсініксіз сыңарлар кездеседі. Ол сыңарлар «дайын материал» болып та-
былатын фраземалардың тұтас мағынасын сол күйінде қабылдағанда ғана 
сөйлеушіге түсінікті. Мысалы: тілге тиек ету «сөзіне сүйеніш, ойына тая-
ныш, себеп». Мен де өз айтарымды айтып болған соң, тілге тиек таппай, 
амалсыздан үнсіз отырмын (С. Байжанов).
Фраземаға негізгі ұйытқы болып тұрған компонент – тіл. Ет көмекші 
етістігі процессуалдық (тіл ет < тілде <тілдес) қызмет атқарып тұр. Фра-
зема құрамындағы тиек сөзіне келетін болсақ, ол сөздіктегі мағынасынан 
(«домбыра  шегін  көтеріп  тұратын  құрал»)  басқа,  не  тура,  не  ауыспалы 
мағыналары  көрсетілмеген.  Фраземадағы  тиек  сөзінің  мағынасы  –  «се-
беп». «Себеп» тұлғасы араб тілінен ауысқан сөз. Оның түркілік баламасы 
«сылау». М. Қашқаридің «Диуанында» тылдығ сөзі «сылтау, себеп, негіз» 
мағынасын  береді  [Древнетюрский  словарь,  1961;  567  б.].  X  ғасырдың 
туындысы  «Алтун  йаруқ»  ескерткішінде  тылтағ  «себеп,  сылтау,  негіз» 
мағынасында түсіндірілген [Древнетюрский словарь, 1961; 567 б.].
«Бес  жүз  бес»  сөздігінің  авторы  Ә.  Нұрмағамбетов  тілге  тиек  ету 
фраземасына  этимологиялық  талдау  жасай  келіп  төмендегідей  ғылыми 
тұжырым айтады; «… бүгінгі таңда қолданылып жүрген сөзіміз «сылтау» 
–  ертедегі  түркі  тілдеріндегі  «тылдағ,  тылтағ»  тұлғаларының  дыбыстық 
өзгерістерге душар болған түрі. Мұны түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестігі 
заңдылықтары дәлелдейді» [Ә.Нұрмағамбетов, 1994; 282 б.].
Қырғыз тіліндегі чылтак [К.К. Юдахин, 1965; 886 б.]; тува тілінде чыл-
дак, сылдаг [Русско-тувинский словарь, 1980; 394 б.]; хакас тілінде сылдағ 
[Хакасско-русский  словарь,  1953;  207  б.];  якут  тілінде  сылтах  [Русско-
якутский словарь, 1968; 429 б.]. 
Көне түркі тілінде «тылдағ» түбірі – тыл немесе тіл [Древнетюрский 
словарь, 1961; 559 б.]. Тілге тиек тіркесі «сылтау» фонеметикалық вари-
анты «тілтағ, тылтағ» тұлғасы екі сөз тіркесі ретінде қабылдап, тіл және 
тағ деп түсінген. Тағ тұлғасындағы соңғы «ғ» – қазақ тілінде сөз аяғында 
келмейтіндіктен, үндестік заңына икемделіп тіл тек пайда болған. Кейін 
келе  тек  тұлғасының  тиек  сөзімен  сәйкестенуі  нәтижесінде  тілге  тиек 
қалыптасып,  септік  жалғауларының  дамуына  орай  тіл+ге  =  тілге  тиек 
болған.  Фраземалардың  тұлғасы  өзгерсе  де,  мағынасын  осы  күнге  дейін 
сақтаған. Себебі тілге сылтау ету деп айтса да тілдік заңдылық бұзылмайды.


63
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
63
Сонымен қатар мұндай тіркес басқа түркі тілдерінде сақталмаған. Қазақ 
тілінде  мағынасы  бұзылмай,  оның  тұлғасының  өзгеруі  кездеседі.  Қазіргі 
тілдік қорда тіл мен жағына сүйену фраземасы «әр нәрсені желеу ету, істің 
бабына,  сөздің  орайына  көнбеу»  мағынасында  қолданылады.  Ертедегі 
қазақтар сөйлеуге тек қана тілдің ғана емес, жақтың да қатысы барлығын 
ескеріп, алғашқы кезде тілдағ сөзін қос сөз деп қабылдай келіп, дәстүрмен 
тіл-жақ  деп  ұғынған.  Осыған  тәуелдік  және  септік  жалғаулары  қосылу 
нәтижесінде тіл-жағына сүйену фраземасы пайда болған. Тілге тиек ету, 
тіл мен жағына сүйену фраземалары – ертедегі түркі тіліндегі «тылдағ» 
тұлғасын тілімізде ежелден бар сөздерге ұқсату, сәйкестендіру нәтижесінде 
туған [Ә.Нұрмағамбетов, 1994; 284 б.].
Адам  –  табиғаттың  жаратқан  күрделі  де,  айрықша  феномені.  Жер 
бетіндегі  қоғамдық  өмірдің  негізгі  тұлғасы  бола  тұра,  адам  өз  өмірінде 
небір  ғаламат  күйлерді  басынан  кешіріп,  өзінің  табиғи  қасиетіне  орай 
жан-дүниесімен  тебірене  сезіне  алады.  Адам  басынан  түрлі  оқиғаларды 
өткізеді:  олар  қуанады,  сүйсінеді,  күледі,  шаттанады,  рахаттанады,  со-
нымен  қатар  ренжиді,  ашуланады,  ашынады,  күйінеді,  сүйінеді,  алдана-
ды, алдайды, біреуді немесе бір нәрсені ерекше жақсы көреді, жек көреді, 
түңіледі, бір нәрсеге қызығады, әуестенеді, құмартады немесе жиіркенеді. 
Адам бойындағы қасиеттер алуан түрлі. Осы қасиеттердің басым көпшілігі 
қазақ тілінде соматикалық фраземалардан мол көрініс табатынына көзіміз 
жетті.
ана
ТІЛ
жеткісіз
жүйрік
қайыру
шешен
қату
майда
сындыру
Қызыл
тигізу  
қағыстыру
Қазақ тілінде фраземалардың ұлттық-мәдени аспектілеріне синонимдік 
қатарлар  тұрғысынан  зерттеген  профессор  Г.Н.  Смағұлова  мағыналас 
қатарлардың  топтарын  антропо-центристік  және  тілдегі  адамдық  фак-
тор тұрғысынан семантикалық өрістерге жіктеп, мынандай пікір айтады: 
«Адам бойындағы сезім саласындағы айырмашылықтар түрліше. Тұрмыс 
жағдайы,  білім  деңгейі,  жас  мөлшері,  қоршаған  орта  әсері  де  ықпалын 
тигізеді. Қалыпты, күнде көріп жүрген, болып жатқан дүние құбылыстарын 
әркім әр түрлі қабылдайды, бағалайды» [Г.Н. Смағұлова, 1998; 56 б.].


Авакова Р.А. Фразеосемантика
64
Одан  әрі  фраземаларды  адамның  жағымды-жағымсыз  қимыл  әрекеті, 
сезім әрекеті, сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялық фраземалар, адамның 
физикалық қалпы, сөйлеу дағдысы, жеке басына тән қасиеттері, қоғамдық-
әлеуметтік  жағдайы,  түр-әлпеті  және  т.б.  семантикалық  топтарға  бөледі  
[Г.Н. Смағұлова, 1998; 57-58 бб.]. Көріп тұрғанымыздай фраземалардың ба-
сым көпшілігі адаммен, оның сезімдерімен, қасиеттерімен байланысты пай-
да болған. Осы типтес фраземаларды жасауға негіз болған фраземалардың 
көпшілігі соматикалық үлесіне тиеді.
Ауыз  –  адамның,  жан-жануардың  тамақ  қабылдайтын  мүшесі  [Қазақ 
тілінің  түсіндірме  сөздігі,  1974-1986;  476  б.].  Ауыз  соматизмі  ұйытқы 
болған алдау-алдану мағынасында жұмсалатын фраземалар: ақ ауыз қылу-
болу, аузы аппақ болу, аузын күн шығысқа қарату, аузы күн шығысқа қарап 
қалу, аузын аңқайту, аузы аңқиып қалу және т.б.
ақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет