Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет40/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
73
Ш. Уәлиханов қазақтар ислам дінін, оның шарттарын мойындай оты-
рып, нағыз діндар халық болмаған. Сондықтан олар бұрынғы шамандықты 
да, кейіннен енген исламды да бірдей қолданғанын айтады. Бұның дәлелі 
– төрт түлік мал жайындағы аңыз әңгімелер, өлең-жырлар мен ырымдар, 
халық  санасындағы  жоққа  нанушылық,  соқыр  сезімге  салынушылық, 
әр  түрлі  иелерге  табынушылық  ертедегі  адамдардың  ақыл-ойы  мен 
танымының көздері болса, сол тілдік фактілер негізінде адамдардың хал-
жайын, ой-санасын, дүниеге көзқарасын түсінуімізге көмектеседі. 
Жер бетіндегі тіршілік иелері арасында жануарлар дүниесі адамға енте-
не жақын келеді. Адамзат өркениеті, тіршілік санасы жануарлар дүниесімен 
тығыз  байланысты.  Жалпы  қоғамның  алғашқы  синкреттік  ойлау  саты-
сында,  адам  мен  жануар  арасында  шектеу  болған.  Жануарлар  әлеміне 
(культіне)  сыйына  отырып,  адам  мен  жануар  арасында  ешқашан  теңдік 
белгісі  қойылмаған.  Мифологияда  жануарлар  поэтикалық  образ  ретінде 
келтіріліп, әр халықтың танымына, тіршілігіне, ойлау менталитетіне қарай 
жануарлар образының берілуі де әр қилы.
Өмірі  мал  бағып  өскен,  мал  сырын  жақсы  білген  қазақ  халқы  төрт 
түліктің әрқайсысына тән қасиетін, мінезін айқындаған. Мысалы: қойдан 
қоңыр, жылқыдан торы, қойдан жуас, тайдай тулау, сиыр мінезді, өгіздей 
өкіру, бұзау салмағындай, тойған қозыдай томпию деген фраземалардан 
төрт  түлік  мал  мінезі  мен  қасиеттерін  білу,  суреттеу  арқылы  адамға  тән 
мінез бен қасиеттерді тану болып табылады.
Қазақ халқының ертедегі күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы 
төрт түлік малға байланысты болғандығы халықтың психологиясына, сезім 
дүниесіне, әсіресе тіліне де қатты әсер етті. Белгілі әдебиетші ғалым Б. Кен-
жебаев былай дейді: «Қазақ халқы – малға сыр мінез. Адамның келбетін, 
түсін, сиқын жақсы-жаман мінезін, қылығын айқындап көрсету үшін, оны 
малдың мүшелерімен, мінезімен салыстырады, сөйтіп, әр түрлі теңеулер 
жасайды» [Б. Кенжебаев, 1958; 39 б.]. 
Қазақ баласын жақсы көргенде, айналып-толғанғанда құлыным, қозым, 
ботам дейді. Бұл сөздер бейнеге (образға) айналған. Сұлу қызға Ботакөз 
деп әдемі теңеумен теңеп, ат қояды, көңіл-күйін білдіруге келгенде бота-
дай боздады, қозыдай шулады, адам тұлғасын сипаттағанда жігіттің нары 
екен немесе бой жеткен сұлу қыздар жайында айтқанда жез бұйдалы нар 
тамақтай деседі. Бәрінің де оғаштығы жоқ адам ойына келген образды 
сөздер. Олардың қайсысы болса да, ерте заманнан бері төрт түлікпен кәсіп 
еткен  халықтың  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  туған  және  адамдардың 
мал жайындағы ой-сезімдерінен туындаған.
Қазақ  халқы  түйені  ардақтап,  сөз  етуі  –  тек  еті,  сүті,  жүні  пайдалы 
болғандығынан ғана емес, оның күшті, төзімді көлік екендігінде. Көшіп-
қонып жүрген жағдайда қазақ халқының негізгі көлігі түйе болған. Түйе 
жемге, шөлге төзімді келеді. Сондықтан да шаруа адамы түйе малын аса 
қадірлейтін болған. Бұның дәлелі – «Бозінген» ертегісіндегі түйенің асыра 
мақталып жырлануы. Егер ұзақ сапар, асу бел, бағыт-бағдарсыз жолды төс 
табаны төрт елі, атан жүрер жер екен, түйе табаны түсер жер екен 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
74
деп суреттесе, күштілігі – нар жолында жүк қалмас, атан жілік жігіт 
деп, сұлулығын – бота көзді боз жігіт, бота көз ару деп суреттейді.
Түйе малының атан, інген, нарша, тайлақ, бота, бура буырша, нар де-
ген  түрлері  бар.  Қазақ  тілінде  осы  атауларға  қатысты  фраземалар  көптеп 
кездеседі.  Мысалы:  атандай,  нар  атандай,  нар  еді,  мұрнын  тескен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет