Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет39/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

алыс жер; ат басындай алтын; ат бойы; сиыр бәсеке; бес биенің саба-
сындай; бие бауырындай жер, бие сауымдай уақыт; бұзау салмағындай 
уақыт; кәрі қойдың жасындай және т.б. 
– адамның нақты өмірлік жағдайдағы мінезіне, психологиясына, қоғам-
дағы қарым-қатынастары мен іс-әрекеттеріне байланысты ерек шеліктерін 
бейнелі не ассоциациялы негізде салыстырудан туған фраземалар: қой ау-
зынан  шөп  алмайтын,  түйе  үстінен  сирақ  үйіру,  түйе  шешкендей  ету, 
тойған қозыдай томпию, егінге түскен сиырдай жайпау, боз інгендей боз-
дау, бөрі көрген сиырдай мөңіреу, қолынан қой жарысы келмей, тұлпардай 
делебесі қозу, ат үстінде күн көру, ат арылту және т.б. 
–  адамның  төрт-түлік  малға  қарым-қатынасын,  көшпелі  өмірдің  мән-
маңызын, биологиялық, физиологиялық өзгешеліктерін көрсететін фразема-
лар: нарым әрі жүкті, әрі сүтті, әрі күшті, мал құлағы саңырау, ай мүйізді 
қошқар, төрт түлігі сай, құнаннын құдайындай, тайын тәңіріндей, нар атан-
дай, нар еді ердің құны, нардың пұлы, ауызыңа май, астыңа тай және т.б.
Қазақ  тіліндегі  фраземаларды  жіктеп  талдау,  көшпелі  халықтың  төрт 
түлік мал туралы ұғым-түсініктері бейнелеу немесе ассоциациялы салы-
стырулар түрінде тілдегі фраземаларда сақталғанын көрсетеді. Мұндай ас-
социациялы салыстырулар мен ұқсатулар бейнелі-реңктік негіздер арқылы 
жүзеге асады. Сондықтан фраземалардың күрделі табиғатын анықтаудың 
кілті тілдің бай фактілерінде – халықтың рухани байлығының сақтаушысы.
Фраземалар  халықтың  өмір-тіршілігімен,  жалпы  қоғаммен,  тарихпен, 
материалдық және рухани мәдениетімен тығыз байланысты болып келеді. 
Бұл  байланыстар  бүгінгі  тілдік  қолданыста  ұмытылған,  тек  олардың 
астарлы, бейнелі мағыналары ғана сақталған. Қазақ халқының күнкөрісі, 
тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты. Жесе – азық, кисе – киім, 
мінсе – көлік дегендей, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін 
төрт түлік мал тіршілік тірегі болды.
Өзінің тұрмыс-тіршілігінде осындай ерекше орын алған пайдасы тиіп, 
қызметі сіңген төрт түлік мал жайында қазақ халқы ерте заманда-ақ неше 
түрлі әңгіме, жыр, аңыз, өлеңдер шығарған. Бұлардың бәрінде де мал арма-
ны, тілек-мүддесі көрініп отырады. Қазақ мәдени өмірінде адамдар жара-
тылыс сырын түсіне алмаған кездің өзінде-ақ төрт түлік малға байланысты 
шығармалар туа бастаған.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
72
Ш. Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» дейтін еңбегінде 
төрт  түлікке  байланысты  шығармалардың  алғашқы  үлгілері  ертеден 
адамның ой-өрісі төмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. Жа-
ратылыс сырын түсіне алмаған ол кездегі адамдар әлем дүниесіндегі әрбір 
құбылыстарды  өзінше  жорыған,  бұларда  жаратушы  күш  бар  деп  сенген, 
соған табынған.
Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлардың алғашқы үлгілері осындай 
ескі наным-сенімдерге байланысты туған. Онда әрбір түліктің жаратушы 
құдайы бар деп білген. Мәселен, қазақта «Қазығұрт тауы» деген әңгіме-
жыр бар. Осы жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі 
діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндайды: Баяғы бір заманда дүние 
жүзін топан-су қаптап кетеді. Тек Қазығұрт тауы аман қалады және осы 
таудың ығына Нұқ дейтін әулиенің кемесі тұрады. Топан-су қаптаған кез-
де жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Кеме ішінде төрт түлік малдың 
әрқайсысынан  тұқым  бар.  Бұл  түліктерді  сақтап  қалған  олардың  жара-
тушысы, иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата (Қамбар ата), 
қойдың  иесі  –  Шопан  ата,  түйенің  иесі  –  Ойсыл  қара,  сиырдың  иесі  – 
Зеңгі баба, ешкінің иесі – Сексек ата деп әрқайсысына жекелей ат қояды  
[М. Ғабдуллин, 1974; 37 б.]. «В так называемый магико-мифологический 
период  развития  этноязыковых  общностей  люди  глубоко  верили  в  чудо-
действенную силу слова, они или с блоговеннием или со страхом говорили 
о технологических, мияологических понятиях и усматривали в названиях 
предметов и явлений нечто таинственное. В силу этой веры любой мог об-
ратиться к Зенгибабу (покрывателю рогатого скота), Ойсылқару (покрыва-
телю верблюдов), Камбарату (покрывателю лошадей), Шопанату (покры-
вателю овец), Шекшекату (покрывателю коз) с просьбой оберегать его скот 
от падежа и других стихийных бедствий» [Ә. Қайдар, 1998; 44 б.]. Төрт 
түлік малдың өз алдына иелері болуына, әрқайсысына жекелей ат қоюына 
қарағанда,  «Қазығұрт  тауы»  сонау  ерте  заманда,  көп  құдайға  табынған 
шамандық дәуірде туған деген жорамалдар бар. Бертін келе, қазақ арасына 
ислам діні тарап, көп құдайға табынушылық біртіндеп жойыла бастайды. 
Өйткені  ислам  дінінің  шарты  бойынша,  жаратушы  құдай  біреу  ғана  деп 
айтылады. Бірақ қазақтар ислам дінінің шартына да жан-тәнімен беріліп 
кете қойған жоқ.
Қазығұрт тауы туралы ел арасында мынандай аңыз сақталған: Дүниені 
топан  су  қаптағанда,  Нұқ  пайғамбар  жан-жануар,  жәндіктердің  барлық 
түрінен тұқым алып, кемесінде сақтап қалған. Нұқтың кемесі аңыздарда 
Қазығұрт тауына келіп іліккенін айтады. Ал жоғарыда аталған төрт түліктің 
иелері мен иесінің аттары да осы Нұқ сақтаған малдың төлдерінен шыққан 
екен. Ол туралы халық аузында мына жолдар сақталған:
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол киелі болмаса неге қалған?
Ішінде екі қозы болған екен
Шопан ата деген сөз содан қалған…


73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет