Авакова Р.А. Фразеосемантика
100
Халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізетін,
оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік
нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының
дайын қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құ-
рамдас бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым
үшін құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойында сақтаған қазақ
фразеологиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық
мәдениеті айқын көрініс тапқан.
Тіл философиясының өкілі Вильгельм фон Гумбольдт материалдық
және рухани мәдениет тілге әсер етеді; кез келген мәдениет ұлттық нақышқа
ие; тіл – адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын; тілге «халықтық
рух» пен мәдениеттің белгісі – ішкі форма тән – деген пікір кең тараған.
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстан лингвистикасында «Қайдаров
мектебі» мен оның шәкірттерінің этнолингвистикалық еңбек-терінде осы
бағыт өз жалғасын табуда.
Қазіргі тіл білімі адаммен, оның ойлау қабілетімен, танымымен, соның
негізінде тілдік фактілерді тілдік тұлғамен, олар өмір сүрген ұжыммен,
ортамен тығыз байланыста зерттеуге бой ұруда. Осы тұрғыдан келген-
де, сол тілде сөйлеуші халықтың тілдік құбылыстарының көріністерін
тілдің, тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени нышандарымен тығыз байланы-
ста зерттеу тіл-этнос-мәдениет үштігінің негізін құрайтыны сөзсіз. Тілдік
бірлік болып табылатын фразеологизмдер, кез келген халықтың рухани
байлығының жемісі. Халықтың мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің, бейнелі
ойлау болмысының, танымы мен санасының, қиялы мен дүниетанымының
көрінетін тұстары да осы – фразеологизмдер.
Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени нышандарын зерттеу дәстүр бой-
ынша оның жеткізу өрісі негізінде жүргізіледі.
Фразеологизмнің ұлттық-мәдени компоненттері ретінде фразеоло-
гия құрамына кіретін эквивалентсіз лексика үлкен рөл атқарады, яғни
географиялық атау (
Күлтөбенің басында күнде кеңес – Күлтөбе Тәуке
хан тұсында үш жүздің басын қосып, кеңес-жиын өткізілетін Ташкент
қаласының жанындағы жер), тарихи есімдер
(Қасым ханның қасқа жолы,
Достарыңызбен бөлісу: