Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет56/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Есім ханның ескі жолы – Қасымхан, Есімхан қазақ тарихындағы атақты хан-
дар есімі) мен оқиғалар (Ақ табан шұбырынды, Алқа көл сұлама – жоңғар 
шапқыншылығы кезіндегі халықтың жаугершілікке ұшырап, жұтаңдықтан 
шұбырған кезі) және т.б.
Фразеологизмдердегі  ұлттық-мәдени  ерекшеліктерді  ашып  оларды 
сипаттау  әрекеттері  адамзат  танымы  мен  оның  дүниені  қабылдауы  және 
түсініктерінің  тілде  көрінуі,  бейнелеу  мәселе-лерімен  тығыз  байланыс-
ты  зерттелуі  қажет  (мәселен,  әлемнің  тілдік  бейнесі  идеяларын  тарату 
негізінде дүниеге келген В. Фон Гумбольдт, Л.Й. Вейсгербер ілімдері мен  
Э.  Сепир  мен  Б.  Уорфтың  лингвистикалық  ықтималдық  болжамда-
ры,  неогум-больдттық  концепциялар,  антропологиялық  және  культуро-
логиялық зерттеулер және т.б.).


101
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
101
Сонымен  қатар  фразеологизмдердегі  ұлттық  нышандар  бір  ғана 
құбылыстың  әр  түрлі  халықта  түрлі  бейнелер  арқылы  берілуінен  де 
байқалады. Бұл ұлттық нышандардың сақталу тәсілдері «мәдени кодтар» 
деп аталады. Бұл кодтардың көрінер тұсы – жоғарыдағы топонимдік атаулар 
мен тарихи тұлғалар аттары ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыста 
қолда-нылатын ұлттық атаулар, ұлттық тағамдар, этимологиялық талдау-
ды қажет ететін көнерген заттар мен сөздер. Осы аталмыш кодтарды қазақ 
фразеологизм құрамынан да көптеп кездестіреміз.
Зерттеу  барысында  фразеологиялық  бірліктердің  қазақ  халқының 
данышпандығы мен парасатының, сол халықтың тарихи дүниетанымының 
және  тәжірибесінің  ассоциацияларынан  көрінетіні  дәлелденді.  Мәселен, 
қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігіне,  өмір  сүру  жағдайына,  менталитеті 
мен қоғамдық факторларына сай дүниеге келген тумаған сиырдың уызы-
нан дәмету фразеологизмі «босқа қиялдау, болмайтын нәрсеге бас ауыр-
тып  көп  сөйлеу»  мағынасында  қолданылады.  Дәл  осы  мағынаны  ұйғыр 
тіліндегі  Асмандики  ғазиниң  шовисиға  нан  чилап  йемәк  (аспанда  ұшып 
жүрген  қаздың  сорпасына  нан  жібітіп  жеу)  фразеологизмі  берсе,  орыс 
тілінде  Делить  шкуру  неубитого  медведья  фразеологизмінің  мағынасын 
бере алады. Осы мысалдардан көрініп тұрғандай, қоғамда, табиғатта бо-
латын бір құбылыс немесе ситуация әр халықтың, ұлттың өмір сүру орта-
сына, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, бейнелі ойлау мүмкіншілігіне қарай 
әр түрлі сөздерден жасалып, түрлі жолдармен, бейнелермен, тәсілдермен 
беріліп тұр.
Адам  арқылы  айтылып,  адам  арқылы  қабылданғаннан  барлығы  да 
когитивтік  талдаудан,  яғни  экстралингвистикалық  мәліметтер  жүйесі 
арқылы талдаудан өтеді. Әлемге деген көзқарас мәдени таңбалар арқылы, 
олардың  стреотиптері  негізінде,  эталондар  арқылы  жүзеге  асады;  соның 
негізінде  тілдің  таңба-лық  мағынасы  дүниетанымның  мәдени-ұлттық 
жүйесімен қатынасқа түседі. Шындық өмірде қандай да бір ситуацияның 
жалпы мағынасы фразеологиялық бірліктер құрамында әр түрлі бейнелер 
арқылы шешімін табады, сондықтан әлемдегі ситуа-цияны көру, бағалау әр 
халықта әр қилы болады.
Фразеологиялық  бірліктерді  зерттеудің  жаңа  бағыты,  жаңа  парадиг-
масы болып табылатын когнитивтік талдау негіздері В.Н. Телия ілімінде 
көрініс тапты.
Тілдік  таңбаның  ерекше  түрі  болып  табылатын  фразеология-лық 
бірліктерде ұлттың мәдени жемістері, яғни халық ауыз әдебиеті, діни фи-
лософиясы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, мифологиялық дүниетаным 
көздерінің іздері жатыр.
Тіл  мәдениетінде  сақталған  әдет-ғұрыптар  мен  салт-саналар  іздерін 
фразеологизмдер құрамынан кездестіруге болатынын жоғарыда айтылып 
өтті.  Кез  келген  фраземаның  пайда  болу  уәждінің  бар  екені,  ол  уәждің 
көздері кейде белгілі болса, кейде уақыт кеңістігіне орай оларды дөп басып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет