Авакова Р.А. Фразеосемантика
116
Қазіргі қазақ тіл білімінде 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің қыс-
қаша этимологиялық сөздігі», Ә.Т. Қайдардың 1985 жылы шыққан «Струк-
тура односложных корней и основ в казахском языке», Р. Сыздықованың 1994
жылы 2-басылған «Сөздер сөйлейді» еңбегі мен осы жылы жарық көрген
Ә. Нұрмағамбетовтың «Бес жүз бес сөз» еңбектерінде негізінен сөздердің
этимологияларына талдау жасалып, кейбір фраземалар құрамындағы
қолданыстан шыққан сөздердің төркініне салыстырмалы-тарихи
тұрғыдан
анализ жасалып, тұрақты тір-кестердің кезінде еркін тіркестерде пайда
болған конструк-циялар екеніне ғылыми дәйектемелер арқылы көз жеткізді.
Қазіргі тілдік (синхрондық) тұрғыдан түсіндіруге келмейтін, олардың
түп негізі тарихи кезеңдермен тікелей байланысты екенін тілдік деректер
дәлелдеп отыр. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір фраземалар құрамындағы
түсініксіз сөздердің көзі кейде кірме элементтерде жатса, енді біреулерінің
тарихы көне ескерткіштер мен туыстас тілдерге апаратыны сөзсіз.
Лұғаттардан жинақталған фраземалық материалдар қазақ тіліндегі
фраземалардың тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыру-ымызға мүмкіндік
береді:
•
алтайлық (монғол, тунгус-маньчжур т.б.);
•
көне түркілік;
•
орта ғасырлық (араб, парсы).
Достарыңызбен бөлісу: