Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет98/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   123
V тарау 
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ  
КОННОТАЦИЯ


§ 1. Коннотация теориясының негіздері
Тіл туралы ғылымға алғаш рет «коннотация» (лат. сon. –«бірге», notatio 
– «таңбалау» – қосалқы, қосымша, толықтыратын) терминін Леонард Блум-
фильд енгізген. Бұл терминді психология ғылымының маманы Дж. Милл 
теориясы  негізінде  алған.  Қазіргі  семасиология  саласында  «коннотация» 
ұғымының  мазмұны  бастапқы  мағынасымен  салыстырғанда  әлдеқайда 
кең, әрі әр түрлі мағынаға ие болды. Аталмыш ұғым тіл білімі саласын-
да тілдің номинативтік бірліктерінің экспрессивтік бояуымен ғана байла-
нысты  қарастырылды.  Тіл  білімінің  бұл  феноменіне  деген  ой  желісінің 
күрделілігі  жинақталған  материалдар  негізінен  шығып  отыр.  Сөздер 
мен  сөз  тіркестерінің  бойындағы  мағынаны  толықтыратын  қосымша 
экспрессивтілік, тілдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдени құндылықтары 
оларға ерекше прагматикалық әсер, яғни сөйлеуді айшықтандыратын нәтиже 
беретіні сөзсіз. Салыстырайық: сараң – «біреуге бірдеңе бере қоймайтын, 
қолы  тар  (адам)».  Мысалы:  Алмабек  қолындағысын  оңайлықпен  ешкімге 
бермейтін  сараң,  іші  тар,  өзімшіл  бала  еді;  сырдаң  (ауызекі)  –  «сараң, 
қатты,  қолы  тар».  Түзде  –  мырзаң,  Үйде  –  сырдаң,  Сөзі  қылжаң  ерексіп 
(Абай); немесе қатты қытымыр, шығымсыз және т.б. қолы тар деген жал-
пы  денотаттың  адамдардың  бейнесін  ашудағы  қолданылатын  сөздердің 
мағыналарында  қосымша  экспрессивтік,  бағалауыштық  қасиеттер  мен 
стилистикалық  ерекшеліктері  бірдей  емес.  Бұл  сөздердің  көпшілігінің 
номинативтік  объектіге  қатыстысы  жағымды  емес,  керісінше,  жиіркену, 
жақтырмау мағынасы басымырақ.
Этникалық  мәдениеттің  із-таңбалары  –  мифологемалар,  архетиптер, 
салт-дәстүрлер,  тарихи  оқиғалар  мен  материалдық  элементтері  көрініс 
табатын  фразеологизмдердің  ішкі  құрылымын  зерделеу  –  белгілі  бір 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
186
ұғым-түсініктер  арқалаған  тілдік  бірліктердің  пайда  болуының  жалпы 
заңдылықтарының ойлау, тіл және шындық болмыспен қарым-қатынасын 
түсіндіретін, зат пен құбылысқа атау берудің тілден тыс себептерін  ашып 
көрсетуді, атауға негіз болған заттың (құбылыстың) негізгі белгілерін, ба-
сты қасиеттерін анықтауды мақсат ететін аталым (номинация) процесіне 
зер  салуды  міндеттейді.  Өйткені  фразеологизмдер  бойында  аталымның 
бірінші және екінші деңгейлерінің екеуі де орын алады.  Фразеологизмнің 
прототипі  болушы  еркін  сөз  тіркесінің  тура  мағынасы  білдіретін  ұғым-
түсінік  алғашқы атау болатын болса,  ауыс мағынада адамға қарата қол-
данылатын  ұғым-түсініктің  бейнелі,  көрнекі  атауы  екіншілік  атау  болып 
саналады.  Фразеологизм бойында тоғысатын аталым процесінің біріншілік 
және екіншілік деңгейлері арасын «қоғам–табиғат–адам», «табиғат – төрт 
түлік мал– адам», «кеңісті– уақыт– адам», «салт-дәстүр–әдет-ғұрып–адам» 
т.б. үштағандық тұтастықтардың тағанаралық қарым-қатынастары арқылы 
сипатталатын ассоциативтік параллельдер жалғайды.  Соның нәтижесінде 
фразеологизмнің  ішкі  құрылымында  айнала  шындық  болмыстың  өзінен, 
яғни  табиғат,  өмір,  қоғам  тіршілігінен  алынған,  тілдік  ұжымға  етене  та-
ныс  бейненің  (еркін  тіркес  арқылы  сипатталған)  ой  елегінен  қайыра 
өткізілген  бейнесі,  яғни  фраземика  бейнесі  түзіледі.  Фразеологиялық 
деңгейде тұрақталған  бейне  нақты өмірлік жағдаяттармен тығыз байла-
ныста болады. Бейеннің айқындылығы фразеологиялық тура мағынаның 
айқындылығына, ол арқылы сипатталатын  өмірлік жағдаяттың, дағдылы 
іс-әрекеттің,  заттың,  қимылдың  вербальды  көріністерінің  анық  болып 
келуіне  тікелей  қатысты  болып  келеді.  Бейне  неғұрлым  айқын  болған 
сайын,  тіркестің  идеялық  мағынасының  айшықтылығы,  айқындылығы, 
эмоциональдық-экспрессиялық күші, нысанаға дөп тиер өткірлігі соғұрлым 
арта  түседі.  Ал  фразеологизмдердің  теңеу,  айшықты  анықтауыштар,  ги-
пербола,  ассонанс,  аллитерация  тәрізді  көркемдеуіш-бейнелеуіш  амал-
тәсілдер арқылы көмкеріліп, қандай-да бір ойды, идеяны  әсерлі де  көркем, 
нақты да ықшам, бейнелі де көрнекті етіп жеткізу қабілеті оны көркемсөз  
өнерінің көрікті де құнарлы үлгілері деңгейіне көтереді. 
Фразеологизмдер  –  әлем  бейнесінің  фразеологиялық  фрагментін 
түзетін тілдік модельдер. Егер әлем, ғалам, әлем дегенді «адам және оның 
ортасының өзара байланысы» ретінде қабылдайтын  болсақ, әлем – адам 
және орта туралы ақпараттардың өңделуінің нәтижесі. Ал дүниенің тілдік 
бейнесі  дегеніміз  –    этностың  әлем  жайлы  білімінің,  өмір  сүрген  орта-
сын  игеру  барысында  сан  ғасырлар  бойы  жинақтаған  ұлттық  –  мәдени 
тәжірибесінің тілде көрініс табуы, бейнелеуі, сақталуы. Демек,  бір-бірімен 
мағыналық-грамматикалық  және  құрылымдық-синтаксистік,  бейнелік-
фондық  тұрғыдан сәйкес түсіп жататын фразеологизмдерден құралатын 
түркі тілдеріне ортақ фразеологиялық қор арқылы түркілік әлемінің тілдік 
бейнесі болмысының  жете танылары анық.  


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет