Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет103/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Фразеологиялық коннотация
193
Коннотация  дегеніміз  –  эмотивтік,  ассоциативтік-бейнелі  және  сти-
лис  тикалық  семалардың  жиынтығы  болып  табылатын,  таңбалайтын 
объектілердің белгілерінен гөрі сөйлеушінің таңбаланушыға және сөйлеу 
шартына  қатысын  білдіретін  номинативтік  бірліктер  мағынасы.  Мыса-
лы:  түймедейді  түйе-дей  ету;  аузынан  ақ  ит  кіріп,  көк  ит  шығу;  шы-
бын  жаны  шыққанша  және  т.б.  Бұл  номинативтік  бірліктердің  міндетті 
микрокомпоненті  –  эмосема  болса,  оған  қосалқы,  жанама  қызметті 
ассоциативтік-бейнелі  және  стилистикалық  микрокомпоненттер  атқарып 
отыр.  Осы  жанама  компоненттердің  болуы  коннотация  бояуын  күшейте 
түсіп, оларды денотативті мағынадан алшақтатады.
Номинативтік бірліктер микрокомпоненттерінің мағынасын жіктегенде, 
денотация мен коннотация табиғатындағы бір-біріне тәуекелділікті еске-
ру қажет. Екі аспектінің өзара тәуелділігінің себебі, олардың шығу арна-
ларының біріншілік денотативтік семаларда жатқанының дәлелі болмақ.
Біріншілік денотативті сема (Д1) таңбаланушы атауды тура мағынасында 
бейнелейді.  Сөздің  біріншілік  мағынасы  осылай  қалыптасады.  Мысалы: 
кітапхана – «қоғамның пайдалануына қажетті кітаптар сақталатын орын»; 
ақ – «сүттің, қардың түсіндей (қараға қарама-қарсы) түс»; отыру – «екі 
аяғын  бүгіп  бір  қалыптағы  қимыл»  және  т.б.  Мұндай  мағыналар  тура 
номинативтік мағына деп аталады.
Екіншілік денотативті сема (Д2) ауыспалы сипатта болады. Бұл мағына 
Д1  семасының  туынды  мағынасы  болып  табылады,  сондықтан  да  ол 
екіншілік мағына Д1 мағынадан көп алшақтап кетпейді. Бұл біріншілік және 
екіншілік номинация атаула-рының ортақ белгілері (қасиеттері) негізінде 
болатын  мүмкіндік.  Салыстырыңыз:  кітапхана  –  «кітаптар  сақталатын 
және  жиналатын  орын»  (Д1)  және  «белгілі  тақырыппен  топталған 
кітаптардың сериялары» (Д2). Мысалы: Оқушылар кітап-ханасы. Фило-
лог кітапханасы; ақ – «түс» (Ақ нан), контрреволюционер (Ақтар армия-
сы); отыру – а) «кіріп, бір жерге отыру» (Поезға отыру); ә) «ұшуды аяқтап, 
бір жерге қону» (Торғай ағашқа қонды) және т.б.
Д2  семасының  негізгі  қасиеті  –  оның  Д1  семасы  арқылы  уәжденуі 
және  содан  туындауы.  Мұндай  семалар  –  сөздің  туынды-номинативтік 
мағынасының негізін қалайды.
Сөз  мағынасының  басқа  семалары  коннотативті  болып  саналады. 
Әдетте, оларды үш топқа бөліп қарастырады (М.М. Копыленко, З.Д. Попо-
ва, И.А. Стернин). Бұл классификация денотативті семаның коннотацияға 
қарай алшақтауы негізінде жасалынған.
Бірінші дәрежелі коннотативті сема (к1) денотативті семамен логика лық 
байланысты сақтайды және соның негізінде уәжденеді. Мысалы: ақ түн – 
«солтүстіктегі түн», жарық түн, қараңғыланбаған түн. Коннотативті сема 
(К1) денотативті семамен (Д2) логикалық жағынан байланысқан және де-
нотат арқылы уәжденеді. Мәселен, мойынға отыру – «біреудің қарауында 
болу, ауыртпалығын түсіру, еш нәрсе бітірмеу» фраземасындағы отыру се-
масы коннотативті (К1) болып табылады. 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
194
Екінші дәрежелі коннотативті сема (К2) денотатпен логикалық байла-
нысты жоғалтқан, кезінде ондай байланыс болса да қазіргі тілдік тұрғыдан 
уәждеуге  келмейді.  Мысалы:  аузынан  ақ  ит  кіріп,  көк  ит  шығу  –  «дол-
данып, аузына не келсе, соны айтып ұрысу» немесе шошқа тағалау «түк 
бітірмеу», асмандики ғазиниң шовисиға нан чилап йемәк»бос қиялдау», са-
ман астидин су жүгәртмәк «қастандық жасау» және т.б.
Біздің ойымызша, (К2) коннотативтік семаның бойында ассоциативтік-
бейнелі  қасиет  бар.  Қандай  да  бір  сөз  (К2)  семасын  өз  бойындағы 
семасиологиялық ресурстардан (қордан) алады. (К2) семасына сол сөздің өз 
табиғатында болса ғана ие бола алады. Бұл қасиет сөздің тура номинативтік 
белгісінің  немесе  денотацияның  нәтижесі  емес,  бұл  –  сөздің,  фразема-
лардың  басқа  лексикалық  компоненттерімен  синтагматикалық  (жүйелік) 
байланыстарының,  қатынастарының  нәтижесі.  К2  –  импликационалдың 
арақатынасының фразеологизмдердегі сөздермен бірлестігінің нәтижесі.
Соңғы, үшінші дәрежелі коннотативті сема – (К3) сөз мағынасы бүтіндей 
денотатпен  байланысы  жойылған  сема.  Мысалы:  қыбы,  жегідей,  араны, 
апшы, аңыс, ыдын, шола, түйедей және т.б. сөздердің коннотациясы тек 
фраземалар  құрамында  ғана  түсінікті.  Бұл  сөздер  тілде  жеке  қолданыл-
майды,  тек  фразеологиялық  бірліктер  құрамында  ғана  кездесіп,  белгілі 
мағынаға ие. Мысалы: қыбын табу – «көңілін табу, тілін табу»; жегідей 
жеу – «өзін қоярға жер таппау, қанағатсыз»; апшысын қуыру – 1. «берекесін 
кетірді,  қатты  састырды»,  2.  «асып-састыру,  тездеттіру»;  аңысын  аңду  – 
«бір істің бет алысын, ыңғайын байқау»; ындыны кебу – «қатты шөлдеу»; 
түйедей құрдас – «бірдей құрдас, ұқсас құрдас, тең құрдас» және т.б. 
(К3)  дәрежесіндегі  коннотативті  семалар  саны  тілде  өте  аз  кездеседі. 
Себебі олардың құрамындағы түсініксіз семалар тек идиомалар компоненті 
ретінде  қолданылады.  Оларды  денотативті  семалармен  сөздердің  тарихи 
«тағдыры» ғана байланыстырады. Сөздер «тағдырын» этимологиялық тал-
дау барысында ғана аша аламыз.
Жоғарыдағы  топтауда  салғастырмалы  лексикологияда,  мәтіндерді  бір 
тілден екінші тілге аударғанда, жалпы аударматануда ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет