209
Фразеологиялық коннотация
209
басының көзқарасын да жеткізеді. Сөйлемнің грамматикалық белгісінің
бірі болып саналатын модальдылық осыған негізделген. Айтушы өз
көзқарасын тектен-тек білдіріп қана қоймастан, оны беру жолын да, амал-
тәсілін де ойлайды.
Экспрессивті бояуы бар сөздердің көбісі – мағынаның өзгеруі немесе
екінші және жанама номинацияның жемісі. Осы орайда В.Н. Телияның
мына пікірін келтіргіміз келеді: «Таким образом, эффект экспрессивность
или «выделения» некоторой информации достигается усилением модаль-
ности в рамках некоторого целостного по смыслу языкового выражения,
которые может совпадать по протяженности со словом, идеальной фразе-
ологическим сочетанием, где хотя бы один компонент содержит коннота-
цию» [В.Н. Телия, 1986; 28 б.].
Егер біз адамзатқа айналамыздағы дүниені, әлемде болып жатқан
құбылыстарды тек өз күйінде қабылдап, оған өз көзқарастарымызды
білдірмейтін болсақ, онда дүниедегі құбылыстарға баға бере алмаған болар
едік. Әрқашанда объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылдаған
информация адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығын оған
белгілі баға да берілетіндігі де шындық. Көпшілік психологтар да эмоцияға
анықтама бергенде оны негіз етіп алады. Эмоция сөз мағынасына да өз
ықпалын тигізіп, оның мағына құрамынан орын алады [А.Г. Рубинштейн,
1946; 107 б.].
Қазақ тіліндегі фраземалар астарлы бейнелі мағынада қолдану
ерекшелігі жағынан олардың қай-қайсысында да мәнерлеп бейнелеп
айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздер тәрізді, тұрақты тіркестерде де
эмоционалдық-экспрессивті бояу мол. Көбісінде осы өзгешелік басым,
яғни фраземалардың көпшілігі айырықша бейнелі, экспрессивті қызмет
атқарады.
Экспрессивті-бағалағыштық қасиетке ие тұрақты тіркестер сезімге
айырықша әсер етеді. Мысалы,
жылады дегенді күшейтіп
қатты жылады
деп айту үшін қазақ тілінде
боз інгендей боздады, ботасы өлген бөгендей
Достарыңызбен бөлісу: