191
Фразеологиялық коннотация
191
тор экспарессивтіліктің өзін екіге бөліп қарайды: бірінші – жеке автор-
лар қаламына тән семасиологиялық категория, екіншісі – жеке ав тор лар
қаламына тән, тілдік құралдар мен стилистикалық тәсілдер не гі зінде
жасалатын стилистикалық экспрессивтілік. Мұндағы бізге қажеттісі –
мағына аспектісінің денотативті микрокомпоненті болып табылатын
экспрессивтіліктің семасиологиялық категориясы. Көптеген лек сико-
логияға арналған оқулықтар мен оқу құралдарында лексикалық мағынаның
эмоциоанлды-эксперссивті бояуы туралы сөз қозғалады. Сонда осы аталған
терминнің қолданысы қаншалықты орынды? Қолданыс дұрыс болған
жағдайда, лексикалық мағынаның микрокомпоненті туралы пікірге не ай-
тамыз? Ол денотативті ме, әлде коннотативті ме?
Алдымен айта кететін жайт: зерттеушілердің басым көпшілігінің сөз
мағынасы мен фразеологизм мағынасының құрамында эмотивті семаның
барлығын мойындайтындығы. Эмоционалдық сема сөйлеушінің атау но-
минациясын қабылдауда нақты сезімін білдіреді. Бұл сезім сөйлеушінің
талабына орай әр қилы болуы мүмкін: сүйсіну, қуану, таңырқау, жиіркену,
жек көру, күрсіну және т.б. Мысалы:
мақтану, қораздану, қоқилану, ісіну,
Достарыңызбен бөлісу: