Т
іл құпиясы адамзат құпиясымен байланысты болғандықтан,
олардың сырын ашу, ғасырлар қойнауындағы жұмбақтар сы-
рын ашуға жол ашады. Тіл – мифтердің сақталуының негізгі
қайнар көзі болғандықтан, осы деректер тілдің бейнелі тіркестері, халық
мәдениеті мен менталитетінің қайнар бұлағы болып табылатын аңыздар
мен дәстүрлер уәждерінің фразеологизмдермен байланысын талдау,
зерттеудің өзекті жағы болып табылмақ.
Сөз семантикасының дамуы, фразажасам механизмі, фразеологиялық
бірліктердің – тілдік болмыспен арақатынасы ерекшеліктері, сонымен
қатар фразеологизмдердің құрылымдық-семантикалық моделденуін
ұғыну да ішкі форма категориясының табиғатын ашудың ерекше маңызы
бар. Образдылық (бейнелілік) пен фразеологиялық бірліктер мағынасының
қаты насын сипаттауда ішкі форманың мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: