Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет50/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

шыққан мүйізің» деген тіркес қалыптасқан, ол «артықшылығың қандай» 
деген ойдың баламасы ретінде осы күнгі қолданыстан шықпай айтылып 
келеді.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті сая-
саты да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған фразеологизм-
дерде қандай да бір тарихи оқиғаның, құбылыстың, ситуацияның бейнесі 
ашық  көрініп  тұрады.  Бұлар  тұрақты  тіркестерге  ерекше  экспрессиялық 
реңк  беретіндіктен  халық  жадында  сақталып,  осы  күнге  дейін  сақталып 
отыр.
Фразеологиялық тіркестер құрамындағы фольклорлық антропонимдер:
Америка  ашты,  Асан  қайғыға  түсті,  Әлімсақтан  келе  жатқан, 
Әлінің дүлдүліндей, Бибібатпа пірімнің қолы, Қорқыт атам қобызындай, 
Қорқыттың көрі, Су патшасы Сүлеймен, Толағай күш және т.б.
Біздің негізгі мақсатымыз  –  халық ауыз әдебиетінің  қай түрінде бол-
сын,  оның  құрамында  кездесетін  антропонимдердің  бәрін  қамту  емес, 
ішінара, яғни тарихи тұлғалар мен қасиетті пірлер, әулие аттарының та-
рихтан мәңгілік орын тебуіне себепкер факторлар мен уәжділікті анықтау. 
Халық даналы-ғының мейлінше сұрыпталған, жинақталған «тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйіні» мақал-мәтелдерден көрінеді. «Мақал-мәтелдер – 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
90
қаншама мазмұнды да, көркем болғанымен, көлемі тым шағын, мағынасы 
жалпы  келетіндіктен,  үлкен  уақиғаны,  кесек  ойды  бере  алмайды,  келте 
қайырылады» [Қазақтар, 1998; 159 б.]. Әдетте аңыз-әңгімелермен, көркем 
туындылармен  жымдасып  өмір  сүреді.  Кейде  оларға  мазмұндық  нәр, 
көркемдік әр беретін, айтылар ойды айқындайтын, толықтыратын фактор 
– адам аттары.

 Түгел сөздің
    Түп атасы Майқы би
Шежіреге  сүйенсек,  тарихта  екі  Майқы  болған  деседі.  Біздің 
қарастыратынымыз – б.д.д. 178-189 жж. ғұмыр кешкен, ел билеген көсем, 
басынан сөз асырмаған шешен Мән баласы Майқы. Аңыз бойынша, Ор-
манбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен 
[Қазақ совет энциклопедиясы, 1975; 50 б.]. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» 
деп  таңның  атысы,  күннің  батысы  талмай  шырылдайтын  құсқа  теңеген 
[Қазақ совет энциклопедиясы, 1975; 19 б.]. Абайдың айтуынша, Шыңғысты 
хан көтерген он екі бидің бірі. Бүкіл өмірден түйгендерін түйдектеп төгіп, 
ақыл таразысына тартатын Майқы бидің сөздері мірдің оғындай өткір де 
өктем болған. Сол Абыз атаның:
«Танысаң қара егер де
Оқи білсең, хат жақсы
Жыласқанға өз жақсы
Сыйласқанға жат жақсы» – 
деген сөздері ауыздан ауызға айтылып жүрер асыл дүние болып қалды.

 Аяз би, әліңді біл
Құмырсқа, жолыңды біл
Аяз би Жаманұлы – данышпан, ақылгөй абыз, шешен ертегі кейіпкері. 
Атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі болған. Бірде Құмырсқа батыр 
екеуі Майқы бидің алдын кес-кестей беріпті. Сонда Майқы би:
Билер, бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл, –
 
деген екен.


91
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
91
Бұл мақалды мәні – қандай да болмасын биікке шыққан адамның бақ-
дәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза ақырын жүрып, аңдып басуға 
үндейді.

 Ұмайға табынса, ұлды болар
Бұл  мақал  –  әйгілі  түркітанушы  М.  Қашқариде  «Умайқа  табынса  – 
оғул болур» [М.Қашқари, 1993; 40 б.] деген нұсқасының аудармасы. Көне 
ескерткіште «Умай текті шешем қатын-құтына інім Күлтегіннің ер атағы 
шықты», – деген сөйлем кездеседі. Ұмай – тәңірі көктің әйелі деп сана-
лады [Мифологический словарь, 1991; 548 б.]. Кейбір зерттеушілер Ұмай 
атын  Иран  мифологиясындағы  Құмай  атымен  байланыстырып,  құстың 
көлеңкесі түскен адам бақытты болады деп сенгендігін айтады. Бүкіл түркі 
жұртында  Ұмай  –  нәрестелердің  қамқоршысы,  шаңырақ  киесі,  ошақтың 
қолдаушысы  деген  түсінік  бар.  Таратып  айтсақ:  қазақтарда  –  Ұмай-Ене 
– балалардың сақтаушысы, оғыздарда – ана құрсағында жатқан баланың 
қорғаушысы, шорларда – сәбилердің құдайы, қырғыздарда – Фатима – мол 
астық пен мал өсімінің сақтаушысы және т.б.
Ұмайға бала көтере алмаған әйелдер қатты табынған, жалбарынып бала 
сұраған. Сәбиді сылау кезінде:
«Менің қолым емес,
Ұмай Ана, Қамбар Ата қолы
Фатима, Бибі, Зухра қолы
Тастай қыл, темірдей қыл», – 
деп айтуды әдетке айналдырған.
Ақылы Аплотондай
Атымтайдай жомарт
Наушаруандай әділ
Платон – б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген, ежелгі Грек философы, 
Сократтың шәкірті, Афинада өз мектебін ашып, оны грек мифологиясының 
қаһарманы  Академ  атымен  атаған.  Оның  данышпандығы,  даналығы, 
ғылымның  бірнеше  түрін  меңгергендігі  жайлы  аңыз-әңгімелер  Шығыс 
елдеріне кең тарап, «Аплатондай дана бол, Атымтайдай сара бол» деген 
алғыс мәнді бата сөздердің тууына себепші болған.
Атымтай  –  V  ғ.  соңы,  VІ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген,  асқан  бай-
лығымен, оған қоса жомарт мінез мырзалығымен, даңқы төрткүл дүниеге 
жеткен. Оның Хатым – Ат – Тай (арабша – һатым кісі есімі, Тай – ру аты) 
атымен «жомарт» сөзінің тіркесіп келуі – Мырза, шүлендігінің символы. 
Мұндай қосалқы аттарды фольклордан көптеп кездестерміз: Асан қайғы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет