§ 7. Антропонимдік фраземалар
Адамның ата-тегінің ғана емес, аттарының шыққан төркінін қайдан
іздеуге болады, қоғам мен тіл дамуының қай сатысында, қашан, қалай пай-
да болған, бұл жағын дөп басып айта алмайтынымыз құпия емес. Мұндай
сансыз сұраққа тіліміздегі жалқы есім атаулыны зерттейтін лингвистика
ғылымының қызықты саласы – ономастика (гр. «ат беру өнері») жауап
береді.
«Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың талай ғасырларды тамсандырған
ұшқыр ойы мен даналығынан туған бай ауыз әдебиеті, шежіре тарихы,
түрлі сөздіктерден жүзден астам фольклорлық антропонимдерді сүзіп
алып, сарапқа салдық. Оларды тарихи оқиға, ситуация, дүниетанымы мен
ұлттық болмысына қарай шартты түрде бірнеше топтарға бөлдік:
1. Мифтік бейнелер: Әзірейіл, Үш пайғамбар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен),
Қаңбақ шал, Қыдыр ата, Нұх пайғамбар.
87
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
87
Ел аузындағы есімдер: Алаша хан, Асан қайғы, Аяз би, Жиренше шешен,
Қара қыпшақ Қобыланды, Құмырсқа батыр, Қорқыт ата, Тау көтерген
Толағай.
3. Қасиетті пірлер мен әулиелер: Арыстан бап, Бекет ата, Бибі Фатима,
Мұхаммед пайғамбар, Қожа Ахмет Ясауи, Ұмай ана, Төрт түліктің иелелері
мен киелері (Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара, Шопан ата, Шекшек ата).
4. Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Әз Жәнібек, Есет батыр, Есім
хан, Қасым хан, Майқы би, Мамай батыр т.б.
5. Басқа халықтан ауысқан аттар: Америка, Аплатон, Атымтай жо-
март, Ескендір Зұлхарнай-ын, Қарынбай, Наушаруан, Ұлықпан хакім.
6. Әдеби мәтіндердегі персонаждар: Дайрабай, Мырқымбай (Б. Май-
лин), Қоңқай (Ғ. Мүсірепов, Ш.Смаханұлы), Судыр Ахмет (Ә. Нүрпейісов).
Ойдан алынған аттар:Алтай, Жамал, Көшік, Қамбар, Қақбай, Қарабай,
Шығайбай, Тоңқылдақ, Шіңкілдек және т.б.
Кейбір тілдердің (орыс, ағылшын, неміс, француз) фраземаларының
құрамындағы жалқы есімдер 1000-нан асады екен, қазақ тіліндегі деректер-
ге көрсеткіші әлдеқайда төмен. Мұның өзі халық тілінде жалқы есімдердің
қаншалықты дәрежеде жасалуы мен сақталуы ұлттық менталитетті,
жалқылықтан гөрі жалпылықты жақтайтын тенденцияны байқатады.
Қай халықтың болмасын, фольклорында мифтер мен аңыздар ең басты,
маңызды орындарға ие. Олай болатын себебі халықтық бейнелер, культтік
геройлар, әдеби персонаждар тіліміздегі фразеологиялық тіркестерден де
көрініс табады, қолданыстағы белгілі бір стилистикалық қуаты сезіліп,
эмоциялық бояуы көрініп тұрады.
Ендігі сөз халықтың өзімен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан
тілдің шұрайлы да, құнарлы бай саласы фразеологизм-дер құрамында
ұшырасатын мифтік бейнелер мен тарихи тұлғалар жайында болмақ.
•
Адам Ата, Хауа Ана
Басқа сөздермен тіркесіп «баяғы», «атам заманғы» [І.К. Кеңесбаев,
1977; 11 б.] деген мағынаны береді.
Адам – мұсылмандар мифіндегі бірінші адам. Аңызға сүйенсек,
ол жұмақта тек арабша, жерде бірнеше тілде сөйлеген. Алла Адамды
жалғызсырамасын деп, қабырғасынан Хауаны жаратыпты-мыс. Библияда
«Ева» деп аталады, еврей тілінде Хавва, яғни хай – «өмір» дегенді білдіреді.
Екеуі Шайтанның азғыруымен тыйым салған жемісті жеп, жұмақтан
қуылып, Жерге жіберіледі. Жер бетіндегі тіршілік бастауы Адам Ата мен
Хауа Анадан басталып, Әбіл мен Қабыл деген балалары болады. Жер
бетінде зұлымдық атаулы сол Әбіл мен Қабылдың әрекеттерінен (бірінің
екіншісін өлтіруі) бастау алады. Діни әдебиеттерде Адам мен Хауананың
Меккеге жерленгендігі туралы дерек бар.
|