167
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
167
Ақ сөзінің этимологиясы жөнінде түркітанушы ғалымдар арасында
пікірлер бір жақты емес. Мәселен, алтаист ғалымдар К. Менгес, М. Ряся-
нен
aq (a:q) сөзін қытай тілінен енген кірме сөз деп қарайды. Әрине бұл
пікірмен келісу қиын. Себебі ақ сөзі Орхон-Енисей, көне ұйғыр, Қараханид,
оғыз, орта ғасырдағы қыпшақ, хорезм, шағатай ескерткіштерінде, сонымен
қатар қазіргі түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Түркі тілдерінің көне
қабатына жататын байырғы лексема болып табылады.
Табиғаттағы түс-түстің ішінде ақ лексемасы өзгеріске көп ұшырайтын,
тілдегі қалыптасқан дәстүр мен мағыналық ерекшеліктерді қатаң сақтай
отырып, синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы сөзжасам
жүйесіне кіреді. Мысалы,
ағар, ағарт, ағараңда, ақтал, ақтат, ақшылдан,
ақсыра, ақ тарту, аққа айналу, аққа көшу, ақ болу, ағараң тарту, ақшыл
тарту, ақ түске бөлену, ақ түске шомылу және т.б.
Ақтың негізгі мағынасы қардың, сүттің, бордың түсіндей (қараға
қарама-қарсы) түс. Бұл ақтың негізгі, түстік, номинативтік мағынасы бо-
лып табылады.
Ақ атауы барлық жағдайда тек түсті ғана білдіре бермейді. Оның се-
мантикасы метафоралық, метонимиялық және символдық мағыналардың
негізінде өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, логикалық, семантикалық
байланысынан ажырап, қолданысқа түсуі фраземалар құрамында жиі
кездесетін құбылыс. Қазақ тілінде ақ – пәктік пен ақтықтың, махаббат
пен қайырымдылықтың символын беретін қасиетті заттарды аққа балаған.
Бұның себебі, қазақтың ең қасиетті тағамы сүтпен байланысты. Осының
негізінде қазақ тілінде этнофразеологизмдер пайда болған. Этнофразео-
логизмдер – ұлттық таным нәтижесінде қалыптасқан, халықтың тұрмыс-
тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасынан хабардар ететін тілдік бірліктер.
Этнофразеологизмдердің пайда болу уәждері туралы Ә. Қайдар,
Р. Сыз дықова, Е. Жанпейісов, Ә. Нұрмағамбетов, Н. Уәлиев, С. Сәтенова,
А. Сал қынбай еңбектерінде біршама қарастырылады. Ә. Қайдар кез келген
этнографизмнен этнофразеологизмге номинативтік мағынасымен қатар,
шағын этно-графиялық этюдтердің де қажет екендігін атап өткен болатын
[А.Т. Қайдаров, 1985; 37 б.].
Ақ ұғымының семантикалық шеңбері қазақ тілінде этно-графиялық
деректердің негізінде ашылады. Мысалы,
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
Достарыңызбен бөлісу: