Фреондардың қоршаған ортаға әсері Фреондар


Фреондарды алудың өндірістік әдістері



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі39,3 Kb.
#131615
түріҚұрамы
1   2   3   4
Фреондарды алудың өндірістік әдістері

Фреондарды сәйкес хлоркөмірсутектерге фторлы сутек және сурьма фторидтерімен әсер ету арқылы алады. Өндірісте маңызды фреондарды сұйық және бу фазасында хлор атомын хлороформда, тетрахлорметанда, тетра-, пента- және гексахлорэтанда фтор атомына алмастыру арқылы алады.


Сұйық фазалы процесте сәйкес хлоркөмірсутектің және сусыз фторсутектің қоспасын 100-150°С теспературада және 1-3 МПа қысымда сурьма хлорфториді қатысында автоклавты реакторда қыздырады.
Бу фазалы процесс көмір катализаторы қатысында атмосфералық қысымда және өте жоғары температурада жүзеге асады. Бұл жағдайда хлороформ мен фторсутекті жылуалмастырғышта реактордан шығатын газбен бөлек буландырады, араластырады, қыздырады және катадизатордың үстімен өткізеді.
Дихлордифторметанды алудың өндірістік әдісі

Фреондарды өндірудің мысалы ретінде дифтордихлорметанды – фреон-12 өндірісте тетрахлорметан мен сусыз фторсутек қатысында сурьма галогенидтері қатысында алудың сызбасын қарастырайық. Реакция 100ºС температурада және 3 МПа қысымда жүргізіледі. Ал тетрахлорметан, трихлорфторметан және фторсутек қысымы сұйық жағдайда болады және дифтордихлорметан түзілгенде бірден трифторхлорметан түзілмей тұрып бөліп алу керек.


Фреон-12 алудың технологиялық сызбасы 1-суретте көрсетілген. Тетрахлорметан мен сұйық фторсутекті насос арқылы ішінде сұйық катализаторы бар реакторға жібереді. Сол реакторға аз мөлшермен хлорды жібереді.
Реактор 3 антикоррозиялы жапқышпен жабылған және дефлегмациялайтын қондырма колонкасы 4 мен кері конденсатордан 5 тұратын болат аппарат. Түзілген хлорсутекті оргаикалық заттардың буы және фторсутек ұшырып әкетеді. 4 колонкада булар дефлегмацияланып, тетрахлорметан және монофтортрихлорметан қайтадан реакторға барады. Флегманы түзу үшін дифтордихлорметан буының бір бөлігін кері конденсаторда конденсирлейді де қайтадан колонкаға жібереді.
Конденсатордан шыққан бу-газды монофтортрихлорметан, монохлортрифторметан және фторсутек қалдықтарынан тұратын хлорсутек және дифтордихлорметан қоспаларынан тұрады. Қысымды дроссельдік винтельде 6 атмосфералық қысымға дейін төмендеткеннен кейін фторсутек калий фториді түйіршіктерімен толтырылған 7 мұнарада бөлінеді. Одан әрі хлорсутектен тазарту концентрлі тұз қышқылын алу арқылы жүзеге асады. Сызбада хлорсутектен тазарту абсорбция арқылы судың артық мөлшерімен және сілтімен 8-9 скрубберлерде жүзеге асады. Қалған газды кептіру 10 колоннада циркуляцияланатын концентрлі күкірт қышқылымен жүзеге асады.



1-сурет. Фреон-12 алудың технологиялық сызбасы:
1,2 – насостар; 3 – реактор; 4 – дефлегмациялық бағана; 5 – кері конденсатор; 6 – дроссельді винтель; 7 – тазатқыш баны; 8,9 – скурбберлер; 10 – кептіргіш колонна; 11 – тоңазытқыш; 12 – газ бөлгіш; 13 - компрессор
Фторхлортуындыларды бөлу үшін төмен температуралы ректификация қолданылады. Буларды компрессормен 1,0 – 1,2 МПа қысымға дейін сығады да, тоңазытқышта 11 -10 , -15ºС температураға дейін салқындатады. Түзілген конденсат бірнеше ректификациялық колоннадан тұратын бөлгіш қондырғыға түседі.
Жеңіл фракция аралық өнім болып табылатын монохлортрифторметаннан тұрады. Ректификациядан қалған ауыр қалдық реакторға қайтып оралатын монофтортрихлорметаннан тұрады.Фреонның мақсатты фракциясы қысымда сұйық күйде алынады.Оны хладогент ретінде қолдану үшін тағы да қатты адсорбенттермен өндеу арқылы кептіреді.
Хлорфторметанды синтездеу үшін тетрахлорметан мен фторсутекті әрекеттестірумен қатар басқа да хлоралкандардан сынап оксиді қатысында синтездеуге болады:

C HCl3 + HgO + 2HF CHClF2 + HgCl2 + H2O


Бұл әдіс арқылы хлорды сутекке немесе фторға метан туындыларына ғана емес, сонымен қатар этан және пропан туындыларына орын басуға болады.


Сынап (ІІ) оксидін болат автоклавқа салып, - 78ºС-қа дейін салқындата отырып хлор туындыларды және фторсутекті 8-10 есе артық мөлшерде қосады. Реакция нәтижесінде сынап (ІІ) оксиді сынап дифторидіне айналады, кейін ол сынап дихлоридіне ауысады. Автоклавтағы температураны біртіндеп көтереді де, бірнеше сағат 100ºС-та ұстайды. Реакция өнімдерін айдауға жібереді. Дихлордифторметан шығымы 80%-ды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет