Фреондардың физико-химиялық қасиеттері
Фреондар – органикалық еріткіштерде және майлағыш майларда жақсы еритін, бірақ суда ерігіштігі өте нашар газ тәрізді немесе төмен температурада қайнайтын иісі өткір емес сұйықтықтар. Фреондар – улылығы нашар биологиялық активтілігі төмен қосылыстар. Фреондардың улылығы метан мен этан топтарынында фреон молекуласында фтор атомының саны көбейген сайын төмендейді. Фреондардың ең көп таралғандары дифтордихлорметан (CF2Cl), фтортрихлорметан (CFCl3) және дифтордихлорметан (CHF2Cl2), олардың қайнау температуралары оларға сәйкес -29,8°С, -23,8°С және -40,8°С.
Фреондар жанғыш емес, ауамен қопарылғыш қоспалар түзбейді және химиялық инертті болып табылады. Ашық жалында жанған кезде фреондар улы дифтор- және фторхлорфосген түзіп ыдырайды. Фреондар күкірт қышқылы мен концентрлі сілтілердің әсеріне тұрақты және техникада қолданылатын көптеген металдармен реакцияға түспейді.
Галоген көмірсутектерді фторлаудың теориялық негіздері
Хлорфторкөмірсутектер қарапайым алкандардың галогентуындылары болып табылады және кем дегенде бір ғана фтор атомынан тұрады. Химиялық құрылымы жағынан фреондар метан мен этанның хлорфтор туындыларын көрсетеді. Фтор – барлық элементтердің ішіндегі ең активті элемент болып табылады. Ол кез келген жағдайда көптеген заттармен реакцияға түсе алады. Фторалкандардың химиялық активтілігі төмен. Молекулада фтор атомы көп болған сайын оның реакциялық қабілеті төмен болады.
Хлорфторкөмерсутектерді галоген атомы бар хлортуындылардан алады және реакциялық қабілеті құрылысына байланысты сақталады:
RCOCl > C6H5CH2Cl > CH2 = CHCH2Cl > RCl > ArCl
Галоген атомын орынбасу үшін күміс фторидін, сынап және сүрме фторидін қолданады. Сүрменің үшфториді көп қолданысқа ие. Ол монохлоралкандардағы хлор атомының орнын алмастыра алмайды, сондықтан тек бір көміртек атомында бірнеше галоген атомы бар хлортуындылармен реакцияға түседі.
Хлортуындылардағы хлор атомының орнын басу және сүрме галогенидтерінің регенерациясын алмастырып жүргізген тиімді болып табылады. Бұл жағдайда хлор атомы фторсутек арқылы орын алмастырады, ал сүрменің хлориді мен фториді катализатор рөлін немесе фтор тасымалдаушы роль атқарады:
C HCl3 + HF CHCl2F + 2HCl
Бұл әдіс процесті жеңілдететіндіктен және бір сатыда бір аппаратта жүретіндіктен өндірісте көп қолданысқа ие. Хлор атомының орнын басу тізбекті-параллельді реакциялар арқылы жүзеге асады:
C Cl4 CCl3F CCl2F2 CClF3
C HCl3 CHCl2F CHClF2 CHF3
C Cl3–CCl3 CCl2F–CClF2 CClF2–CClF2 CClF2–CF3
Алынған өнімдердің құрамы бастапқы реагенттердің қатынасына байланысты болады. Мақсатты өнімнің шығымын хлор атомдарының фтор атомдарына тізбекті орынбасуы кезінде алынатын өнімдердің қайнау температураларының төмендеуіне байланысты реттеп отыруға болады.
1-кесте. Атмосфералық қысымда кейбір фреондардың қайнау температуралары:
Фреонның атауы
|
Химиялық формуласы
|
Тқай, ͦ С
|
R21
|
CHCl2F
|
+8,9
|
R22
|
CHClF2
|
–40,8
|
R23
|
CHF3
|
–82,2
|
R11
|
CCl3F
|
+23,7
|
R12
|
CCl2F2
|
–29,8
|
R13
|
CClF3
|
–81,5
|
R113
|
CCl2F–CClF2
|
+47,5
|
R114
|
CClF2–CClF2
|
+3,5
|
R115
|
CClF2–CF3
|
–38
|
R123
|
CF3CHC12
|
27,90
|
R124
|
CHCFCF3
|
–11,00
|
R125
|
CHF2CF3
|
–48,50
|
R142b
|
CH3CClF2
|
–9,80
|
Жоғары фторланған қосылыстар түзілмеуі үшін реакцияны белгілі температура мен қысымда жүргізеді. Ал жоғары температурада қайнайтын бастапқы компонент пен фторланбаған реагент ұшқыш мақсатты өнімге айналғанша сұйық реакциялық массада қалады. ССl3 типті полихлоралкандағы бір немесе бірнеше хлор атомдарын орын басу үшін 100 ͦС температура, ал үшінші хлор атомы өте ақырын орын алмастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |