11ДӘРІС. ФИТОЦЕНОЗДЫҢ ГОРИЗОНТАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ СТРУКТУРАСЫ ТУРАЛЫ Т.А. Работнов бойынша мозайкалылықтың титптері.
Фитоценоздардың геометриялық структурасы
Фитоценоздардың хронологиялық структурасы
-Фитоценоздардың тәуліктік өзгергіштігі
Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігі
Фитоценоздардың флуктуациялық өзгергіштігі
1) Фитоценоздың көлденең жазықта біркелкі болуы өте сирек кездеседі. Соған байланысты фитоценоздардың құрылысында әртүрлі бөліктер ажыратылады, мысалы, микротоптар немесе микрофитоценоздар ценоэлементтер және парцеллалар. Л.Г. Раменский /1938/ фитоценоздар теңбілділігін экологиялық, фитоценотикалық және эпизотық /ауық-ауық/ деп бөлуді ұсынды. Ал Т.А. Работнов /1972/ теңбілділіктің /мозайканың/ жеті түрін ажыратуды ұсынды:
Эдафотопикалық, эдафатоптың біркелкі еместігіне байланысты / жердің тегіс еместігіне, сәл болсада көтеріңкі және төмендеу учаскелердің болуына тағы сол сияқты байланысты/.
Эпизодтық, өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өркендерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты;
Ценобиотикалық, өсімдіктердің бір түрлерінің екінші түрлеріне әсер етуі әсерінен ортаның өзгеруі арқылы, соның ішінде нанорельеф және микрорельеф пайда болуы;
Клональдық, кейбір өсімдіктердің вегетативтік көбеюінің ерекшеліктеріне байланысты бір-біріне жақын орналасқан бір түрге жататын дербес организмдерден клоналар пайда болады;
Зоогендік, ценоздардың зоокомпоненттернің әсерінен микрорельефттердің пайда болуы, ортаның өзгеруі;
Антропогендік, адам әрекетінің жергілікті әсерінен байланысты / орманда таңдап ағаштарды кесу, от жағу тағы с.с./;
Экзогендік, жел, су тағы басқа сыртқы факторлардың фитоценозға әсеріне байланысты.