6. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы түрлерді құрайтын ценопопуляцияларының қасиеттері. Өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері мен тіршілік күйлері. Ценопопуляция құрамының әртүрлілігінің маңызы. Фитоценотиптер. ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯ ҚҰРАМЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ.
Ценотикалық популяция дегеніміз ол түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы, оның осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы. Ол өсімдіктің тіршілік стратегиясын бейнелейді.
Ценотикалық популяцияның санын және құрамын анықтайтын өсімдіктің бейімделу қасиеттерінің ішіндегі маңыздылары мыналар:
тұқымдардың бірден өнбей және топыраққа көмілген ұзақ уақыт өмірге төзімділігін сақтау;
Жарықтың, минералды заттардың және судың жеткіліксіз жағдайында ұзақ ювенильді және /немесе/ имматурлы күйінде қалу қабілеттілігі;
Ересек өсімдіктердің ұзақ уақыт өсіп жетілуге қолайсыз жағдайға шыдап, өлмей тек күйін өзгертіп сақталу қабьілеттілігі.
Ценопопуляцияны құратын дербес организмдердің, жастық және тіршілік күйінің айырмашылықтарына байланысты, жер үсіндегі және жер астындағы мүшелерінің қуаттылығы, олардың биогоризонттарда орналасуы әртүрлі болады /мысалы, жер үстіндегі мүшелерінің биіктігі және тамырларының тереңдігі бірдей емес/. Өсіп жетілу жағдайының өзгерісіне дербес организмдердің жауабы әртүрлі болатынын байланысты олардың экологиялық және биологиялық қасиеттеріде бірдей болмайды.
7.ЦЕНОТИКАЛАҚ ПОПУЛЯЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ /КҮЙІ/ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ.
Түрдің ценопопуляциясының ерекшеліктері тек қана оның экологиялық және биологиялық қасиеттерімен ғана емес сонымен қатар түр құрамына кіретін фитоценоздармен және ондағы түрдің алатын орнымен анықталады.
Ценопопуляция айтарлықтай динамикалық құбылыс, ол құбылыс ценеопопуляциялар өмір сүретін фитоценоздардың жағдайларының өзгергіштігіне /бір жыл ішінде, жылдан жылға тағы с.с./ байланысты. Сондықтан ценопопуляциялардың жеке типтерінің ішінде олардың жастық, маусымдық, әр жылдық /флуктуациялық- фитоценоздың бір жаққа қарап бағытталмаған он жылға дейін бұрынғы күйіне жақын жағдайға келіп тұратын өзгеріс / және сукцессиялық бір фитоценоз екінші фитоценозбен ауысады/ күйлерін ажыратуға болады. Сонымен ценопопуляциялар, фитоценоздардың құрамдық бөлігі болғандықтан фитоценоздарға құрамдық бөлігі болғандықтан фитоценоздарға тән маусымдық, флуктуациялық, сукцессиялық өзгерістері басынан кешіреді.
Ценнопопуляцияның маусымдағы өзгергіштігі дербес организмдердің санының өзгеруімен және олардың жастық және маусымдық күйлерінің ауысуымен көрінеді. Бұл құбылысты бір жылдық өсімдіктерден ерекше көруге болады.
Флуктуациялық өзгерудің жыл сайын немесе бірнеше жылда күрт өзгеріп отыратын жағдайында, тұқымнан өсіп жетілетін шөптесін өсімдіктердің ценопопуляциясында анық көруге болады. Флуктуациялық өзгерістер тек қана вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктердің ценопопуляцияларында өте нашар байқалады.
Сукцессиялық өзгеріс дегеніміз ол кері оралмайтын, ал егер кері оралса он жылдан артық уақытта оралатын өзгеріс. Көптеген өсімдік түрлері ценопопуляциялары белгілі бір фитоценоздарда пайда болып фитоценоздар ауысқанда тиісті өзгерістерге душар болып отырады. Соның нәтижесінде әрбір экотоп үшін ерекше сукцесиялық қатар пайда болады. Олар өздеріне тән даму сатыларынан өтеді. Сукцессиялық өзгерістер ерекше кең тараған.
Популяция дәрежесінде динамикалық процесстердің негізгі формаларының ординациясы / латын сөзі ordination- ретпен орналасқан/ ұсынылған: /Динамика популяции, 1985/: 1. процесстердің бағыты бойынша: ценопопуляция белгілерінің бір бағытта өзгеруі - сукцессия, бастапқы қалпына келетін өзгеріс – флуктуация; 2. ұзақтығы бойынша: уақытша сукцессия, ұзақ сукцессия; 3. қарқынына және өріс алуына байланысты. Апатты сукцессия және флуктуация; 4. себептеріне байланысты: а/ экзогендік сукцессия және флуктуация: экотопогенді, фитогенеді, зоогенді, антропогенді; б/ эндогенді сукцессия және флуктуация.
Популяцияның сукцессивті дамуын бірінші рет Т.А. Работнов /1950/ бейнеледі. Ол ценопопуляцияның үш типін ажыратты: инвазионды, қарапайым және регресивті: 1. инвазионды - түрдің фитоценозға кіруінің алғашқы стадиясы /ценопопуляция құрамына тіршілікке қабілеттілігі бар сырттар келіп түскен тұқымдар және виргинильді дербес организмдер/; 2. қарапайым – ең кең тараған ценопопуляциялар, фитоценозға орналасып генеративтік немесе вегетативтік жолмен табысты көбейтетін түрлерге тән; 3. регрессивті ценопопуляцияларда тұқымнан немесе вегетативтік жолмен көбеюге маманданған мүшелерден жаңа дербес организмдердің пайда болуы тоқтаған.
Инвазионды ценопопуляциялар өзін-өзі сақтауға әлі қабілеттілігі жоқ, өйткені диаспоралардың сырттан келіп түсуіне бағынышты .
Қарапайым ценопопуляциялар сырттан диаспоралардың келіп түсуіне бағынышты емес. Олар өзін-өзі сақтауға қабілеттілігі бар / вегетативтік жолмен/.
Регресивті ценопопуляциялар сырттан әртүрлі диаспоралар келеді, өйткені олар өзін-өзі сақтау қабілеттілігін жоғалтқан.