Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны
Фунциональдық фитоценология Фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны. 1. Геоботаника (гректің geo-жер және botanicos-өсімдіктерге қатысты) - жер бетіндегі өсімдіктер және олардың қауымының құрамы, құрылысы, өнімділігі, пайдаланылуы, өзгеруі туралы ғылым. Бұл пәннің негізгі мақсаты өсімдік қауымдарының құрылысын, олардың табиғат және адам әрекеттеріне байланысты факторлардың әсерінен белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі өзгеруін зерттеу. "Геоботаника" деген терминді ғылымға 1866 жылы бір-біріне байланыссыз Ф.Н.Рупрехт (Россия) және А.Гризебах (Германия) енгізген. Ф.Н. Рупренхтің түсінігі бойынша геоботаника өсімдік жабынының физико-географиялық ортамен, ең алдымен топырақпен қарымқатынасы туралы ғылым.
Геоботаниканың негізгі зерттеу обьектілері фитоценоздар және олардан құрылған жер бетіндегі өсімдік топтары. Геоботаника фитоценоздардың структурасын, олардың ішіндегі биотикалық қарым-қатынастарын, фитоценоздардың ішкі ортасының ерекшеліктерін /синэкология/, даму тарихын /ценогени/ зерттейді және фитоценоздарды классификациялаумен айналысады. Геоботаника өсімдіктер және жануарлар экологиясымен, топырақтану және климатологиясымен /ауа райын зерттейтін ғылым/; өсімдіктер және жануарлар географиясымен, геоморфологиясымен/ жер бетінің көрінісін, оның жаратылыс тегін, өзгерісін тексеретін ғылым/ және тағы басқа ғылым тармақтарымен тығыз байланысты / сурет 1/.
Жер бетіндегі өсімдіктер жабыны әр алуан өсімдік түрлерінен және олардың бірлеусінен түзілетін өсімдік қауымдарынан құралады. Өсімдіктер жабынын зерттегенде оны “флора” және “өсімдіктер” деген екі түрлі ұғымға бөледі. Әдетте бұл екі ұғымды жиі шатастырады.
Флора дегеніміз, ол белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда, жерде тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып, сол жерге тән барлық өсімдік қауымдарын құратын өсімдік түрлерінің жиынтығы / Томочев, 1974/ Әр флораның негізгі белгісі - ол оның түрлік құрамы. Белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу, демек флоралық инвентаризация жасау – ол әр бір флоралық зерттеу жұмыстарының негізі болып саналады. Флорадағы түрлердің құрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы және олардың қандай туыстарға, тұқымдастарға жататындықтары туралы түсінік береді. Флораны құратын түрлердің саны оның байлығын тікелей көрсетеді. “Өсімдіктер” /растительность/ немесе өсімдіктер жабыны /растительный покров/ дегеніміз- орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасқан әртүрлі өсімдік қауымдарының жиынтығы. Ол типтердің әрқайсысы көптеген өсімдік түрлерінен тұрады, сондықтан оларды зерттеу кезінде, ең алдымен олардың флорасын/ түр құрамын/ білген жөн.
Геоботаниканың жеке бөлімдері өсімдіктердің негізгі типтерін зерттейді / ормантану, шалғынтану, батпақтану, шөл және далатану және т.б./
2. Геоботаниканың пайда болған кезінен бастап осы күнге дейін дамуының тарихын кең түрде беретін тарихи шығарманың авторы ХХ Трасс /1976/ оны алты кезеңге бөлді.