Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


Фитоценоздың қалыптасуының заңдылықтары фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсер ету нәтижесіне негізделген классификациясы



бет13/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
4. Фитоценоздың қалыптасуының заңдылықтары фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсер ету нәтижесіне негізделген классификациясы. Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы.
ФИТОЦЕНОЗДАРДЫ ҚҰРАЙТЫН ТҮРЛЕРДІҢ ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Ценопопуляция /гректің koinos –жалпы және популяция / -
фитоценоздардың ішіндегі бір түрдің особьтарының жиынтығы. Бұл түсінікті ғылымға енгізгекн Т.А. Работов / 1945, 1950/. Бірақ “ценопопуляция” деген термин кейінірек енгізілді / Петровский, 1961/.
Өсімдіктер қауымдарының популяциялық құрамын жан-жақты зерттеу оның қазіргі кездегі жағдайын, тарихын және даму тенденциясын білудің кілті болып табылады.
Фитоценоздарда өсімдіктердің әрбір түр особьтарының /дербес организмдерінің/ саны өте көп болады. Олар бір-бірінен жасымен, тіршілік күйімен және орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Фитоценозда популяция особьтары әр қалай орналасады / сурет №7, 8/.
Сонымен ценопопуляциының қасиеттері оның құрамына кіретін дербес организмдердің санымен, орналасу ерекшеліктерімен, жастық және тіршілік күйімен анықталады.

Сурет 7. Екі популяция особьтарының орналасуларының алты типі: Адиффузиялы бөлінбеген; Б- топталған жарым-жартылай бөлінген; Е-Жарымжартылай топталған және бөлінген (Грей-Смит, 1967)

Сурет 8. Artemisia terrae- albae қауымының жазықтықтағы проекциясы (1м2); 2- Poa bulbosa; 3- Kochia prostrata; 4- Rheum tataricum; 5- Megacarpaea megalacarpa; 6-Allys desertorum


5. Фитоценоздың құрамы. Фитоценоздың флоралық құрамы, флоралық байлығы. Флоралық толықтығы, фитоценоздың экологиялық құрамы.
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІМЕН ТІРШІЛІК КҮЙЛЕРІ.
Дербес организмдердің жасын дәл анықтауға болмайтын жағдайда, популяция әртүрлі жастық топтарға кіретін дербес организмдердің ара қатынасымен сипатталады. Мұндай жағдайда популяцияның жастық құрамы емес, ол жастық спектрі болып табылады. Тұқымынан /дәнімен/ көбейетін көпжылдық өсімдіктерді жастық топтарға бөлудің негізіне олардың тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлу жатады. /Рабатнов, 1945, 1950/. Ол кезеңдер мыналар:

  1. Жасырын /латентный/ - бірінші тыныштық кезеңі.

  2. Виргинильді /қыздық кезең/ - тұқымның өсуінен бастап дербес организмнің генеративтік жолмен көбеюіне дейін.

  3. Генеративтік кезең.

  4. Сенильді /кәрілік/ кезең.

Т.А. Работнов /1978/ пікірінше жастық топтарға жоғарыда көрсетілгендей бөлуді вегетативтік жолмен көбейетіндерге және папоротниктерге де қолдануға болады.
Т.А. Работнов /1950/ ұсынған көпжылдық өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері кейіннен А.А. Урановтың басшылығымен жасалған жұмыстарда /Уранов, 1975, Ценопопуляция растений, 1976, 1988/ жетілдіріп толықтырылады /таб.5/.
Кесте 5. Тұқымды өсімдіктердің жастық кезеңдері және тіршілік күйі

Кезең

Тіршілік күйі

Индексі

1. Латентті
/жасырын/

1. Тұқым

Sm

2. Прегенеративтік

2.Өскін

Pl


3.Ювенильдік

I


4. Имматурлық

Im


5. Виргинильдік

W

3. Генеративті

6. Жас

g 1


7. Піскен

g2


8. Қартайған

g3

4. Постгенеративті

9. Субсенильдік

Ss


10. Сенильдік

S


11. Қурап бара
жатқан

Sc

Осы уақытқа дейін бірнеше жүздеген, жабық тұқымдас және папоротник тәріздес өсімдіктер түрлерінің тіршілік күйлері зерттелді.
Өсімдіктердің жасына байланысты тіршілік күйлерін сипаттау үшін қосымша биометриялық көрсеткіштерді мысалы, сандық сипаттама беретін биоморфологиялық, анатомиялық, экологиялық және физиологиялық белгілерін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет