Функционалдыќ пернелер



бет11/42
Дата06.01.2022
өлшемі410,5 Kb.
#14404
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
2 Үшөлшемді объектілер

3D STUDIO МАХ объектілерінің бірнеше түрлері бар: Standart Primitives (стандартты примитивтер), Extended Primitives (жақсартылған примитивтер), Compound Objects (жалғамалы объектілер), Practicle Systems (жүйенің кішкентай бөлігі), Patch Grids (шағымдар тарауы), NURBS Surfaces (NURBS беттері), Dynamic Objects (динамикалық объектілер).

Standart Primitives

10 стандартты примитивтерге келесілер жатады: Box (параллелепипед), Cone (конус), Sphere (сфера), Geosphere (геосфера), Cylinder (цилиндер), Tube (құбыр), Torus (тор), Pyramid (пирамида), Teapat (шәйнек) және Plane (жазықтық) (6-cурет). Стандартты деректер үш категорияға бөлінеді: бір сатылы, екі сатылы, үш сатылы. Біз бір қимылмен – ақ келесі стандартты примитивтерді жасай аламыз: сфера, геосфера, шәйнек және жазықтық. Ал екі сатылы стандартты примитивын жасау үшін екі қимыл қажет, оларға мыналар жатады: тор, параллелепипед, цилиндер және пирамида. Үш сатылы стандартты примитивтерді жасау үшін үш қимыл керек және оларға құбыр мен конус жатады. Әрекеттер барлық примитивалар тор терезесінде орындалады.

Extended Primitives

Command панелі 13 жақсартылған примитивтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұлардың әрқайсысы параметр теруіне ие. Стандартты примитивтермен салыстырғанда жақсартылған примитивтер одан әрі жетілген (қиындатылған) үшөлшемді объектелірмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсартылған примитивтер стандартты примитивтер сияқты тышқанның қимылына сай бірнеше категорияға бөлінеді. Екі сатылы жақсартылған примитивтерге мыналар жатады: Torus knot (**), Hose (**). Үш сатылы жақсартылған примитивтерге келесілер жатады: Chamfered box (қиылған параллелепипид), Chamfered cylinder (қиылған цилиндер), Oil tank (цистерна), Spindel (веретено), L-Ext (L-экстүзуінің денесі), C-Ext (С-экстүзуінің денесі), Prism(призма). Бір сатылыға Hebra (көпбұрыш) жатады. Ring wave аса жақсартылған примитив болып саналады. Ал Cengon примитив ешқандай сатыға жатпайды.Жақсартылған примитивтер 7-суретте көрсетілген

Негізгі екіөлшемді фигуралар

Үшөлшемді модельдерді проекттегенде екіөлшемді фигураларды қолдану негізгі роль атқарады. 11 екіөлшемді фигуралар бар: Line (түзу), Rectangle (тіктөртбұрыш), Circle (шеңбер), Ellips (эллипс), Arc (доға), Donut (сақина), NGON (дұрыс көпбұрыш), Star (жұлдыз), Text (текст), Helix (спираль) және (қима). Соңғы 2 элемент екіөлшемді фигураға жатпайды. Олар үшөлшемді кеңістікте орналасқан түзулік құрылым болып табылады. Ал қалғандары екіөлшемді кеңістікте жатады, яғни олар екіөлшемді жазықтықта жатады және олардың көлемі болмайды.

Жалғамалы объектілер

Жалғамалы объектілер – бірнеше объектілермен жұмыс істегендегі нәтижесі. Модельдеу процессінде жалғамалы объектілер примитивтерден кейін логикалық саты болып табылады. Жалғамалы объектілер көмегімен одар әрі дамытылған үшөлшемді модельдер жасауға болады, себебі Scatter, Connect, Conform, Boolean және Loft сияқты одан әрі дамытылған формалар негізгі элементтерде қолданылады.

Morph, Conform, Shapemerge, Terrain, Tesher, Scatter, Connect, Boolean, Loft. Жалғамалы объектіні 2 басқа объектілерден жасауға болады. Оны біз Scatter жалғамалы объектісі арқылы істейміз. Connect операциясы кез- келген 2 объектіні біріктіреді. Boolean (булева) операциясы үшөлшемді проектілеу программасында ең негізгі модельдеу операциясы болып табылады. Оның үш түрі бар:

UNION булева операциясы – объектелерді біріктіреді, нәтижесінде ортақ беті бар жеке объект шығады.

Subtract булева операциясы – бір объектіден екіншісін алып тастайды, нәтижесінде алынып тасталған объектіге тең бос орын пайда болады.

Intersection булева операциясы – 2 объектінің қиылысқан шығарады.

Cut операциясы үшөлшемді модельдеу программалау ішінде тек қана 3D STUDIO MAX-та кездеседі. Бұл операция бізге Subtract пен Intersection операцияларын есімізге түсіреді. Оның көмегімен екіөлшемді фигура мен үшөлшемді объектті ортақтандыруға болады.

ShapeMarge обектілері


ShapeMarge операциясы екіөлшемді фигураны екіөлшемді объектіге бейнелеудің ең жылдам түрі. Ешөлшемді фигура сахнада визуализацияланбайды, ал екіөлшемді объект үшөлшемді объект сияқты визуализацияланады. Мұндай нәтиже сахнада анимациялауда текстік объектілерді қолданғанда немесе жазық символдарды жасағанда қажет.

3 Қиылысуға негізделген объектілерді құру

Суретшілер мен аниматорлар қиылысуға негізделген үшөлшемді объектілерді құруды жиі қолданады, себебі ол модельдеудің негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Барлық үшөлшемді модельдеу программаларының ішінен 3D STUDIO MAX-та қиылысуға негізделген объектілерді құру жақсы дамыған. Loft операциясын қолдану үшін сахнада екіөлшемді екі фигура болу қажет. Оның біреуі жолдың ролін атқарса, екіншісі қима(cross-section) деп аталады. Қима жолдың бойымен созылады, осылайша үшөлшемді объект немесе модель жасалады. Command басқару элементі арқылы жасалған объектінің өлшемін өзгертуге болады. Ол үшін келесі іс-қимылдарды орындау қажет:

Loft операциясы арқылы кез-келген объектіні жасаңыз.

Осы жасалынған объектіні тышқанның көмегімен кез-келген проекция терезесінде белгілеп алыңыз.

Command панеліндегі Modify салымына өтіңіз және онда Deformations батырмасын тышқанның көмегімен таңдаңыз.

Қиманың өлшемін өзгерту үшін Scale батырмасын басыңыз. Нәтижесінде Scale Deformation панелі пайда болады. Бұл панель келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді:
 өлшемін 0-ге дейін азайтуға болады.

 өлшемін натурал үлкен шамаға дейін арттыруға болады.

 бастапқы және соңғы нүктелеріндегі жолдардың өлшемін көрсетеді.

Әрбір басқару нүктелерін кезек-кезек тышқанмен басыңыз және оларды графикте 20 шамасында жылжытыңыз.


Scale Deformation панелін жабыңыз.

Нәтижесінде экранда 20-ке азайтылған үшөлшемді бастапқы объект шығады. Scale Deformation панелінен басқа, Command басқару элементінде тағы да деформацияның 4 түрі бар: Twist (Бұрмалау), Teeter (Бүгу), Bevel (Скос), Fit (Подгонка). Аздаған практикадан кейін осы деформациялар көмегімен объектінің көптеген нұсқауларын жасауға болады.

Қиылысуға негізделген объектіні жасау модификацияның бір түрі деп қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет