«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



бет13/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123
Байланысты:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org

Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін


оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ
қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше
сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап
береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды.
Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.
Жеке тұлғаны анықтау атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші
(мұғалім)
химик
ғалымдардың
портреті
жапсырылған
беттерді
таратады.Оқушылар ғалымның фамилясын, химия саласындағы өмірін,
жаңалықтарын есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау
ұзақтығы 5 минут.
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған
құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз
ететіндігі.Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан).
Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына,
қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.Құрылған әр топқа дәстүрлі
тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады.
Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі
сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың
ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады.
Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы
бөлінеді.
Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер:
Ыстық орындық.Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақы
рып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты
анағұрлым
мазмұнды
қылу
үшін,
оқушылар
белгілі
бір
пікір
бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі
бір рөлді немесе адамды сомдай алады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет