«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



бет58/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123
Байланысты:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-


2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.-Астана, 2010.
3. PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырмаларының үлгілері.
Астана, 2014
4.TIMSS және PISA Халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға
аранлған есептер жинағын әзірлеу, Есептер жинағы, Астана ,2016


144
Мәтіндік есептер арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын 


дамыту 

Ауған Меруерт Муратовна


Павлодар қаласы М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Аннотация. Функционалдық сауаттылық- оқушылардың мектепте алған
білімдерін
өмірде
тиімді
қолдана
білу
қабілеті.
Болашақта
мамандығына,жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыру әдетін
қалыптастыру үшін қажетті дағдыларды дамыту жолдарын қарастырады.
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша қабылдаған ұлттық
жоспардың мақсаты – Қазақстан білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың
жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету . Ал математикалық сауаттылық
функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігінің бірі. Сондықтан бұл
мақалада математикалық сауаттылықты қалыптастырудың негізгі бағыттары
қарастырылады.

Кілт сөздер: функционалдық сауаттылық,математикалық сауаттылық,әдіс-
тәсілдер.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру — қазіргі заман
талабы.
Ең қарапайым сұрақ-мектепте не оқыту керек? Ең қарапайым жауап-Білім.
Оқушы тіл ережелерінің белгілі бір жиынтығын, тарихи фактілерді, физикалық
заңдарды, математикалық формулаларды және т.б. білуі және түсінуі керек.
Солай емес пе? Бәрі қисынды сияқты. Бірақ сарапшылардың көпшілігі нақты
өмірлік мәселелерді шеше білу және ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу
әлдеқайда маңызды деп санайды. Педагог-ғалымдар өз шеңберінде мұны
"базалық құзыреттер", "функционалдық сауаттылық", "шығармашылық
когнитивтік міндеттер" және өзге де дана сөздер деп атайды. Функционалдық
сауаттылық адам іс-әрекетінің, қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастардың
әртүрлі салаларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін өмірде
үнемі алған барлық білімді, дағдыларды пайдалану мүмкіндігі ретінде
қарастырылады. Функционалды сауатты тұлға-бұл әлемде бағдарланған және
әлеуметтік құндылықтарға, үміттерге және мүдделерге сәйкес әрекет ететін
адам.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек



145
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе


жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы шарттар бастауыш сыныпта
орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық- оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдана білу қабілеті. Болашақта мамандығына,жасына
қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастыру біздің
міндетіміз.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр,
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің
деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді.
PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалауды
«математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және
«оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.
Функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігінің бірі -оқушылардың
математикалық сауаттылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет