Функционалдық сауаттылық информатика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру



бет2/3
Дата17.08.2022
өлшемі24,62 Kb.
#38161
1   2   3
Байланысты:
баяндама

Компьютерлік сауаттылық
Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту. компьютерлік сауаттылық негізін қалайтын информатика пәнін оқытуды төменгі сыныптан бастап көшіру тиімділігі практика жүзінде дәлелденген. Себебі психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізін, ақпараттық сауаттылық пен мәдениетке тәрбиелеу қажет.
Компьютерлік сауаттылық-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.
Функционалдық сауаттылықтің негізгі стратегиялары:
1. Білім беру мен білім алудағы тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
Информатиканы оқытудың негізгі маңызы – оқушылардың шығармашық, зертеушілік қасиеттерін қалыптастыру және белсенді, әрі толыққанды өмірге, информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болғандықтан, өз тәжірибемде практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлемін.
Тапсырмалар (слайд)
Қазіргі заман талабына байланысты оқушының информатика пәнінен алған білімін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Сондықтан оқушыларға білім негізін меңгертуде, пәнге деген қызығушылығын арттыруда және шығармашылыққа іздену қалыптастыруда практикалық жұмыстың алатын орны ерекше.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай ұстаздан жаңашылдықты қажет етеді.

  • Оқушыға тиянақты білім беріп, білім сапасын көтеру жолында информатика пәніне қызығушылығын ояту үшін, АКТ-ны қолдану тиімді:

  • - Уақыт ұтамыз /көрнекілік дайындау т.б./

  • - Ұстаздардың өз білімін жетілдіруі, өзара тәжірибе алмасу. / Internet жүйесі /

  • -Тәжірибе жинақтау. /компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады/.

  • -Бақылау мен бағалаудың объективлігін қамтамасыз етеміз.

  • -Оқушылардың қосымша білім алуына мүмкіндік туғызамыз.

  • Қызығушылық /мотивация/ оятуға болады.

  • -Эстетикалық талғам ескеріледі.

  • -Заман талабына сай қажеттілікті ақтаймыз.

  • -Оқушылармен кері байланыс орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет