Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


Персоналдылық концептінің морфологиялық репрезентациясы



бет24/33
Дата15.12.2023
өлшемі371,6 Kb.
#139469
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздер-emirsaba.org

2.3 Персоналдылық концептінің морфологиялық репрезентациясы.
Персоналдылық – сөйлеуге қатысушылардың бір-біріне қатысын, көбінесе сөйлеушіге қатысын білдіретін семантикалық категория. Сонымен қатар персоналдылық – осы семантикалық категорияға негізделген функционалды-мағыналық өріс. Функционалды грамматика тұрғысынан алғанда‚ персоналдылық функционалды-семантикалық өрісінің негізін жақ грамматикалық категориясы құрайды. Ол – жіктеу есімдіктері мен етістіктің жіктелу жүйесінде көрініс табады. Персоналдылық орталығын құрайтын есімдік пен етістік формалары түрлі грамматикалық категорияларды емес‚ бір грамматикалық категорияны білдіреді. Персоналдылық бір орталықты функционалды-семантикалық өріс ретінде (есімдік пен етістіктен құралып‚ әртүрлі сөз табын қамтыған күрделі жұп құрылымды) қарастырылады. Етістік пен есімдік әртүрлі категорияға жатқанымен‚ жақ семантикасы тұрғысынан‚ олар өзара жақындасады да‚ өзінше өріс түзіп‚ өзек (І‚ ІІ жақ есімдіктері мен етістіктері) пен периферияға (ІІІ жақ) бөлінеді.
Тұтастай алғанда, жақ семантикасы белгілі бір иерархиялық сипаттағы орталық пен периферияға жіктелетін өріс құрылымын түзеді. Персоналдылықтың ең жоғары биігінде сөйлеуші білдіретін мен, І жақ орналасқан. Оған ІІ жақ сен сәйкес келеді. Персоналдылық семантикасының жақын перифериясын немесе орталық пен периферияның аралығын адамды білдіретін ІІІ жақ семантикасы қамтиды. ІІІ жақ персоналдылықтың семантикалық ядросымен тығыз байланыста болады. Ал заттық ІІІ жақ анық периферияда болады. Жақсыздық формаларының мәні шеткі периферияға тән. Кез келген тілде персоналдылықтың семантикалық орталығы – мен, ол сен есімдігімен тең түседі. Адамға тән ІІІ жақ орталықтан периферияға ойысу болса, заттар әлемі оның шеткі перифериясын құрайды.
Қазақ тіліндегі жақ жалғауларының анайы және сыпайы түрге жіктелетінін ескеруіміз керек. Мен есімдігінің (І жақ) ерекшелігі түркі тілдерінде‚ оның ішінде қазақ тілінің материалдары негізінде өте айқын көрінеді. Функционалды-семантикалық өрісте сөйлеуші мен тыңдаушы орындары өзара алмасып отыратындықтан‚ сөйлеуші (І жақ) әрдайым жекеше түрде қолданылады. І жақтың көпше түрі біз-ге ауысатын болса‚ оның құрамы мен+мен+… + мен емес‚ мен+сен немесе мен‚ ол т.б. түрінде келеді. Сондықтан І жақтың көпше түрі болмайды‚ ал сен ретінде сөйлеушіден басқа тыңдаушылардың бәрі қолданыла алады‚ яғни сендер: сен+сен+…+сен. І (сөйлеуші) жақ пен ІІ (тыңдаушы) жақ ерекше референтті білдіріп‚ өзара қарсы қойылады. І‚ ІІ жақтың көпше түрі бірдей адамдардың көптігін емес‚ әртекті референттердің жиынтығын білдіреді. Ендеше‚ сендер әртекті референттен құралуы мүмкін болғанмен‚ мен (І жақ) әртектілік құрай алмайды. Соған сәйкес сен есімдігінің көпше түрі сендер болғанмен‚ мен есімдігінің көпше түрі *мендер бола алмайды. Бұдан І‚ ІІ жақ «бірегейлік/жиынтық» корреляты бойынша қарсы қойылғанда‚ олар өзара тең түсе алмайтынын көреміз. Яғни сөйлеуші әрдайым біреу ғана болғандықтан‚ ол көптік тұлғада қолданыла алмайды. Осы жағынан келгенде‚ І жақ (мен) референтінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Сондықтан қазақ тіліндегі І жақ көптік формасы инклюзив/эксклюзив коррелятында қолданыла алмайды.
І‚ ІІ жақта сөйлесушілердің бір-біріне қатысы байқалады, олардың өзара ілтипаты, сыйластығы байқалады. Сондай-ақ дейксистік қатынас та көрінеді. Яғни мен, сен, ол деген кезде сөйленіс актіне қатысушылар көрсетіледі. Қазақ тіліндегі жақ категориясының анайы/сыпайы түрге жіктелуі ұлттық ділдің көрсеткіші бола алады. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Сыпайылап сөйлегенде, сөйлеуші өзін мен деудің орнына біз дейді, тыңдаушыға сен деудің орнына сіз дейді, бөгде кісіні ол деудің орнына ол кісі дейді. Сондықтан біз 
І жақ, сіз – ІІ жақ, ол кісі – ІІІ жақ болады» [10, 226 б.].

Біз‚ сіз есімдіктері – көптік ұғымда емес‚ жекелік ұғымда қолданылады‚ яғни сыпайы жіктеудің жекеше түрлері. Сол себепті де біз құрамына мен‚ сен есімдіктері‚ сіз құрамына сен‚ сен есімдіктері кіре алмайды. Біз‚ сіз сыпайы жіктеу тұлғалары мен‚ сен анайы жіктеу тұлғаларымен өзара сәйкес келіп‚ бірегейлік қатарын құрайды‚ жиынтық қатарында біздер‚ сіздер есімдігі танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет