Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


«Қатынас концептінің морфологиялық деңгейдегі тілдік көріністері»



бет26/33
Дата15.12.2023
өлшемі371,6 Kb.
#139469
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздер-emirsaba.org

«Қатынас концептінің морфологиялық деңгейдегі тілдік көріністері» деп аталатын үшінші тарау екі тараушадан тұрады. Онда қатынас концептінің морфологиялық репрезентациясы, етіс және септік концептілерінің қалыптасу жолдары туралы сөз болады.

3.1 Етіс концептінің морфологиялық репрезентациясы. Қатынас бір заттың екінші бір затқа қандай да бір қатысын, тәуелділігін білдіреді. Яғни қатынас мазмұнының негізгі белгілерінің бірі байланыс, тәуелділік болып табылады.
Логика-гносеологиялық тұрғыдан алғанда, қатынас екі немесе одан да көп затты қандай да бір белгісі бойынша өзара салыстыру нәтижесінде пайда болады. Бұл орайда қатынастың бірнеше түрі түзіледі: заттардың арасындағы қатынас, ұғымдар мен пайымдаулар арасындағы қатынас, кеңістіктегі, уақыт, көлемі бойынша қатынас, туыстық қатынас, себеп-салдарлық қатынас, салыстыру, қайшылықты қатынас, тәуелділік қатынас т.с.с. қатынас сан алуан түрлі болғанмен, логиктер мен математиктердің есептеуі бойынша, қатынастың ортақ сипаттары бар: олар симметриялы, рефлексивті, өзара байланысты, қолданыс ұқсастығы, біркелкі, әркелкі т.с.с. болып келеді. Ішкі қатынастармен қатар, сыртқы қатынастар болуы мүмкін. Сыртқы қатынас түрлі заттардың арасында бола береді. Олар алуан түрлі болуы мүмкін, сол себепті адам оны түрліше концептуалдайды: уақыт, кеңістік, себеп-салдарлы қатынас, бүтін мен бөлшектің қатынасы, мазмұн мен форманың қатынасы, сыртқы және ішкі қатынас т.с.с.
Әмбебап сипаттағы қатынас негізгі (ядролық) концепті морфология деңгейінде етіс пен септік категориялары арқылы көрінеді. Етіс – субъектілі-объектілі қатынасты білдіретін етістіктің морфологиялық категориясы болып табылады. Сол себепті етіс концепті қалыптасуы үшін қатынас концепті негізгі концепт ретінде сипатталады. Бұл концепт жалпылау (дерексіздену) когнитивті механизмінің әсерімен түзіледі. Жалпылау арқылы қатынас негізгі концептінің мазмұнында субъектілі-объектілі қатынас үшін маңызды болып табылатын «іс-әрекеттің субъекті мен объектіге қатынасы» сипаты ерекшеленеді. Бұл сипат етіс концептіне негіз болады.
Етіс – тілде қатынас идеясын репрезентациялайтын, субъектілі-объектілі қатынасты білдіретін етістіктің морфологиялық категориясы. Сондықтан қатынас концепті етіс концепті қалыптасуының басты шарты болып табылады. Қатынас концепті жалпылану (дерексіздену) арқылы негізгі концептінің мазмұнында субъектілі-объектілі қатынас үшін маңызды болып табылатын «іс-әрекеттің субъекті мен объектіге қатынасы» сипаты түзіледі. Етіс концептінің мазмұнын құрайтын мәндер мен морфологиялық көрсеткіштер арасында «фон-фигура» ұстанымына негізделген репрезентация орнайды. Морфологиялық репрезентация арқылы етіс тұлғалары концептіні активтендіріп, оның мазмұнындағы белсенділік және белсенсіздік сипаттарын актуалдандырады, ол сөйлем-сөйлесімде қосымша лингвистикалық факторлардың (синтаксистік және семантикалық) көмегімен әрі қарай нақтылана түседі. Қосымша факторлардың әсерімен қатынас негізгі концептінің мазмұнында етіс концептімен қатар қосымша сипаттар да пайда болады. Олар концептімен бірге концептуалды мазмұн құрап, соның негізінде нақты грамматикалық және лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.
Етіс категориясы белгілі бір жағдаятқа қатысушылардың субъектілі-объектілі қатынастарының сипаты туралы тілдік білімдерге негізделеді. Жіктеуші сипатта болумен қатар ол тіл жүйесі мен сөйлеушіге бағытталады. Сөйлеуші түрлі етіс тұлғаларын қолдана отырып, жағдаятты қалай қабылдағанын білдіре алады, зат не адамды бастауыш мәнінде не белсенді субъекті ретінде көрсетеді. Яғни іс-әрекеттің бағытын (бастауышқа бағытталған немесе бастауыштан бағытталған) білдіре алады. Бір ғана жағдаят түрліше сипатталуы мүмкін: үйді тазалады – үй тазаланды. Мұнда бір нәрсе баяндалғанмен, олардың берілуі екі түрлі. Бірінші сөйлемде белсенді субъектінің үйді тазалағаны туралы сөз болса, екінші сөйлемде субъект мүлде көрінбейді, істің нәтижесі ғана белгілі. Үйді тазалады деген сөйлемде сабақты етіс (етіс атауын мақсатты түрде қолданып отырмыз. – О.Ж.) тұлғасы бастауыш тұлғалы субъектіден бағытталған қимылды білдіреді:
Мұндағы S– іс-әрекетті орындаушы белсенді субъект S2іс-әрекетке қатысы жоқ, пассив субъект, тыңдаушы, ақпаратты қабылдаушы. О – нысан. Үй тазаланды деген сөйлемде ырықсыз етіс тұлғасы жағдаятты басқаша сипаттайды. Мұнда нысан ғана, істің нәтижесі ғана көрінген:
Яғни екінші субъектіге, іс-әрекетке қатысы жоқ, белсенсіз субъектіге ақпарат беріледі. Ол әрекетке бірінші субъектінің қатысы байқалмайды. Іс өзінен өзі орындалғандай болады. Бұдан сабақты етіс пен ырықсыз етіс тұлғалары арқылы концептуалдау түрлі сипатта болатынын аңғаруға болады. Ырықсыз етіс тұлғасы етіс концептінің мазмұнындағы белсенсіздік сипатын актив қолданысқа түсіріп, морфологиялық мән қалыптастырады. Сол арқылы «сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалатын затқа бағытталған қимыл» мәні түзіледі.
Етіс мәндеріндегі белсенділік және белсенсіздік сияқты жалпыланған морфологиялық мәндер сабақты және ырықсыз етіс тұлғалары арқылы актив қолданысқа түседі. Әрі қарай қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен мәндері нақтыланып, қатынас негізгі концептінің сипаты түзіледі. Яғни етіс концепті етіс морфологиялық категориясы мен оның көрсеткіштері арқылы көрініс табатын концептуалды деңгей бірлігі болып табылады. Сонымен қатар ол осы категорияға негіз болып, белсенділік және белсенсіздік мәндері ретінде көрінеді.
Сабақты етісті қалыптасқан тұжырымдарға сәйкес етістік деп атамай, етіс деп атауымыздың өзіндік себебі бар. Себебі сабақты етістің етіске тән мағынасы бар. Сабақты етіс те, басқа етістер сияқты, қатынас концептін репрезентациялап, субъектілі-объектілі қатынасты білдіреді. Сабақты етіс тұлғалары етіс концептінің мазмұнында белсенділік сипатын активтендіреді. Сол арқылы белсенділік морфологиялық мәні түзіліп, бастауыш қызметіндегі субъект қимылдың иесі екенін білдіреді. Бұл мән жалпылық сипат алып, субъектінің бастауыш қызметінде, объектінің толықтауыш қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Ол семантикалық, синтаксистік және мәнмәтін факторлары сияқты қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен нақтылана түседі. Екіншіден, оның өзіндік көрсеткіштері (-т‚ -қыз‚ -тыр‚ –р) бар. Бүгінгі таңда өзгелік етіс қосымшалары ретінде танылып жүрген бұл қосымшалар сабақты етіске жалғанған жағдайда ғана өзгелік етіс тудыра алады. Ал салт етіске жалғанса, ол өзгелік етіс емес, сабақты етіс тудырады. Мысалы, үйді ағарт, көлікті жүргіз, ағашты сындыр, жерді қаздыр, хабарын сұрат т.с.с. Келтірілген етістіктер өзгелік етіс қосымшаларын қабылдағанмен, өзгелік етіс бола алмайды. Себебі өзгелік етіс болу үшін іс-әрекетті субъектінің өзі орындамай, басқа біреуге істетуі керек. Яғни сөйлемде тура толықтауышпен қатар барыс септік тұлғалы жанама толықтауыштың да болуы шарт. Ал бұл етістіктерде субъект іс-әрекетті өзі орындап тұр. Бұл етістіктер өзгелік етіс болуы үшін оларға өзгелік етіс қосымшалары үстемелене жалғануы керек: ағарттыр немесе ағартқыз, жүргіздір, сындыртқыз, қаздырт, сұраттыр т.с.с. Ендеше, сабақты етіс етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты етіс категориясынан өз орнын алуы керек сияқты. Ал сабақты етіс етіс ретінде танылатын болса, онымен оппозиция құрайтын, яғни тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етіс те осы категория шеңберінде қарастырылуы қажет. Салт етісте белсенді субъектінің әрекеті нысанға бағытталмайды. Ол қалып-күйді өзі қабылдайды. Олай болса, түркітануда көп жылдар бойы талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болады.
Салт-сабақты етістіктердің бұл ерекшелігін ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде А.Байтұрсынұлы [10], Қ.Кемеңгерұлы [18], Қ.Жұбанұлы [2] еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Ғалымдар етіс категориясының табиғатын терең түсінгендіктен, салт, сабақты етістікті етіс категориясына қатысты сөз етеді. Алайда ғалымдардың репрессиялануына байланысты еңбектеріне тыйым салынған кезеңнен, яғни 1939 бастап салт, сабақты етістер оқулықтар мен грамматикаларда етіс қатарынан ығыстырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет