Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет6/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Сын-сапаға қатысты тілдік бірліктердің ерекшелігі функционалды-семантикалық өрісте семантикалық мазмұн түзуде бір-біріне тəуелсіз жасалынады. Сын-сапаға қатысты өзіндік бір экспликтивті түрде ойлау операциясының жемісі болып сөйлеу қарымқатынасында анықталады, олар логикалық схемаға ене отырып, мəтін аясында жаңа формалы ерекше түзіліс құра алады. Тілдізерттеудіңжаңабағыттарындасын-сапа категориясы логика-философиялық, лингвистикалық категория ретінде қарастыруды қажет етеді. Олай болса, сын-сапаны функционалды тұрғыдан зерттеу гнесеологиялық жəне логикалық аспектіні назардан тыс қалдырмайды. Сондықтан рухани құндылық пен сыртқы əлемді танудың негізгі логикалық тəсілі болып саналады. Сондықтан сын-сапаның функциялық мəнмазмұнын ашуда болмыс пен танымның мазмұнын бағалау міндеті тұрады.

Сондықтан сынсапа ұғымдарын былайша шартты түрде топтастыруға болады.

гнесеологиялық, логикалық, лингвистикалық.

Лингвистика ғылымында сын-сапа категориясын осы тұрғыдан алып қарастырылуы жалпы логикалық жəне лингвистикалық зерттеулердің ең ерекше түрі деп айтылады.



Жалпы тілдік категориялардың түсінік, ұғыммен байланысты таным жəне сөз сөйлеу ситуацияларына нақты функционалды-семантикалық өрісте əр түрлі тілдік бірліктердің шоғырланып мазмұн түзуі функционалды тұрғыдан қарастырылады. Кез келген ұлт тіліндегі заттың əр түрлі сапалық қасиеттері адамның тілдік бейнесіндегі, мысалы белгілі қажеттілікті тану, ойлау модельдері мен ақиқат өмірдің нақты бейнесін беруде тілде қолданыс таба ды. Атап айтқанда, 1 заттың қасиеті, сапасы орталық өзекте негізгі инвариант болса, ішкі ұғынудың заңдылықтарынан түсінік пен ой лау категорияларының мазмұны нəтижесіндегі жағдайда ішкі заңдылықтарға бағынбай, басқа да тілдік бірліктер қызмет атқарады. Сондықтан түсінік категориясы сөйлеу кезінде түрлі жағдаяттармен немесе контексте əр түрлі тілдік бірліктердің қатысуымен жасалынады.

Сын-сапа категориясы туралы шетелдік жəне отандық ғалымдардың сөйлеу қарым-қатынастарының ерекше формасы ретінде өз зерттеулерінде əр түрлі амалдарын ұсынады. Сонымен қатар, сонғы кездері функционалды грамматиканың кең таралуына байланысты, бұл саланың қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуді қажет етеді. Алайда құрылымдық грамматика бойынша сын есім категориясы мен үстеуге қатысты айтылатын сын сапа, сын бейне мəселесінің толыққанды қызметіне функционалды тұрғыдан алғанда, жалпы жəне дифференциалды белгілері айқындалады. Сөз сөйлеу қызметінде ұлттық тілдің сын-сапаны білдіретін қасиеттері мен амалдары кең спектрімен, ұлттық мантальды ерекшеленетін белгілері арқылы сөйлеу қарымқатынасында жан-жақты көрінеді. Мысалы, Сәулелі қараңгы үйді жарық қылган, ¥қсайды-ау ақ бетіңіз ақ таңға. Жаһаннан асқан суретін Перінің қызы секілді. Бұл дағы шұбатылған бейшара екен.

Бір кейпі тап шешесі секілденген (Молда Мұса). Сын-сапа категориясы функционалды маңызы зор, бірегей ұлттық таныммен байланысты ерекше мəнді – мазмұнды категория болып табылады. Берілетін мағынаның нақтылығы мен ықшамдылығы арқасында, олар сөз сөйлеу қызметінде ерекше ұлттық мəнді дəстүрлі стероетиптер ғана емес ұлттық тілдің айырықша танымдық сипатын анықтайтын үлгілері болып табылады, сондықтан олар айтылуда ерекше мəндерге ие болады. Мысалы, Оның астына мінген тұрқы ұзын, жүрісі жұмсақ, қара кер биенің бүлкілі де сар желіске татырлық – желдей есіп келеді (Х. Есенжанов). Әйтеуiр, iстің күрмеуi келер емес. Керiсiнше, қазақ тарихы туралы еңбектер неғұрлым көп жазылған сайын шатасу да соғұрлым көбейе түскен тәрiздi (С. Қондыбай). Иә, сөйтіп мен Ленинградтың көркем ескерткіштерін, көрікті көшелерін, әсем алаңдарын күн сайын кұмартып аралай бердім, аралай бердім. Аралаған, көрген сайын өзімнің іштей түлеп, жаңарып, жақсарып бара жатқанымды байқаған сияқты да боламын (Ә Нұршайықов). Қол бала құс секілді. Биялайға қарайсың. (Д.Бабатайұлы).

Классикалық тіл білімі тұрғысынан алып қарағанда көптеген тілдік бірліктер қатысады, бір заттың сапасының екінші затты салыстыру басқа бір жалпы ой, мағына ұдайы интуитивті түрде байқала отырып, «салыстыру», «теңеу» ретінде де бағаланады. Осыдан келіп сынсапа ұғымында функционалдысемантикалық өрістің (бұдан ары – ФСӨ деп қысқартылып алынады) теориялық концептілерін толық анықтауға мүмкіндік туады. Функционалды грамматиканың негізігі ұғымдарын анықтауда ФСӨтерді құрылымына қарай бірнегізді жəне көпнегізді деп бөлінеді. Көпнегізді ФСӨ-лер өз ішінде құрылым жағынан екі топқа жіктеледі. Бірінші топқа өрістің орталық өзегі (ядро, негіз) жатқызылса, екінші топқа шеткі (перифериялық) аймақтары алынады. ФСӨ-тегі екі топта бір мағыналық, ұғымдық мəнді білдіретін тілдік бірліктер жинақталып алынады. Сонымен өріс құрамында ортақ жəне ортақ мағынаға жақын, алыс мағыналы əр алуан тілдік құралдар болады. Сын-сапа ұғымын білдіретін тілдік бірліктер қазақ тілінде сан алуан. Функционалды-семантикалық өріс типтерінің құрылымындағы орталық (ядро, негіз) бөлік пен шеткі (перифериялық) бөліктерінде салыстырылып отырған зат, құбылыстардың айырмашылығы нақты болуы да, болмауы да мүмкін, сондықтан бұл жағдаяттар осы категорияға да тəн болып келеді. Адамболмыстағызаттарменқұбылыстардың сын-сапасын саралауда оған ұқсас заттар мен құбылыстарды салыстыру, салғастыру арқылы таниды. Функционалды семантикалық категориялар сөйлеу жүйесінде функционалды – семантикалық өрісте сөз сөйлеу ситуациясна қарай сынсапаға қатысты ортақ мағына түзетін тілдік бірліктерді осы өрісте жинақтаумен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет