Зерттеу жұмысының талқылануы мен жарияланымы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындылары «А.Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2003), «С.Аманжолов және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2003), «Академик Ә.Қайдар және тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2004), «Мәдени мұралардың танымдық негіздері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Ақтау, 2004), «Кемеңгеров тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар, 2006), «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақ тілінің лексикологиясы, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Профессор С.М.Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2008), «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары және олардың Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты ІV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2009), 5-халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Przemisl, 2009), «Ақпараттық-инновациялық парадигмасының қалыптасуы жағдайында Қазақстанның қоғамдық ғылымдары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2009), «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2009), «Этнос және тіл» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2009), «Білім беру және ғылым: даму көкжиегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2010), «Қазақ тілін коммуникативтік функционалды бағытта зерттеу және оқытудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2010), «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Ақтау, 2010), «Тіл және мәдениет: тілдің антропоөзектік парадигмасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010), «ХХІ ғасыр білім беру жүйесі: бәсекеге қабілетті маман даярлау мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2010), «Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010), «Қазіргі білім берудегі ізгілендіру үдерістері және жаңаша оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2010), «Қазақ тілі Еуразия континентіндегі елдердің тілдік саясаты контексінде» атты халықаралық симпозиумда (Көкшетау, 2010), «Научное творчество ХХІ века» атты Бүкілресейлік ғылыми конференцияда (Красноярск, 2010), «В мире научных открытий» атты Бүкілресейлік ғылыми конференцияда (Коряжма, 2010), «Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010) баяндалды.
Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарларында, «Тілтаным», «Жалын», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, Қайнар университетінің хабаршысында, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университетінің хабаршысында, Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысында, «Туған тіл» еларалық қоғамдық-саяси, әдеби-ғылыми альманахында, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының «Іле ағартуы», Қырғызстан Республикасында «Известия вузов», «Социальные и гуманитарные науки», Өзбекстан Республикасында «Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературы», Башқұртстан Республикасындағы «Филологические науки: Современность и перспективы» сияқты шетелдегі ғылыми басылымдарда ғылыми-көпшілік және ғылыми мақалалар түрінде «Қазақстан» энциклопедиясы, «Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері», «Тілтанымдық зерттеулер» сияқты ғылыми жинақтарда жарық көрді. Жұмыстың жалпы мазмұны ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, ғылыми басылымдар мен жинақтарда 50-ден астам мақала жарияланды.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Лингвистикалық жұма» айдарымен өтетін ғылыми-теориялық семинарда баяндама жасалды (2010 жыл, 16 сәуір, №7 хаттама) және жұмыстың қолжазбасы осы институттың Грамматика және Лексикология бөлімдерінің кеңейтілген мәжілісінде (2010 жыл, 16 қыркүйек, №16 хаттама) талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |