Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет7/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Функционалды-семантикалық өрістің ішкі мазмұн мен сыртқы айтушының сөз қолданысындағы əр түрлі тілдік құралдардың бірлігінен тұрады. ФСӨ-нің ішкі мазмұнын семантикалық категориялар зат пен құбылыстың сын сапасын əр түрлі қасиетін, амалдарын, білгілерін танытатын мағынаны құраса, сыртқы тұрпатын лексикалық, грамматикалық құралдар құрайды. Жалпы функционалды грамматика саласы бойынша ФСӨ-тің ішкі мазмұнын оның мазмұн межесі, ал тілдік құралдар бірлігін оның тұрпат межесі деуге болады. Сын -сапаны білдіретін тілдік бірліктер де семантикалық категория ретіндеқарастырылаотырып, осысаланыңнегізгі ғылыми ұстанымы ретінде мағынадан формаға қарайғы зерттеу бағыты бойынша талдау жасалады. Салыстыру функционалды-семантикалық өрісі екі немесе одан да көп заттардың, белгілердің, қасиеттердің, амалдардың бір-бірімен салыстыруымен, салғастырылуымен беріледі. Салыстыру үлкен өрісін «теңдік» жəне «теңсіздік» шағын өрістері құрайды. Теңсіздік шағын өрісі екі немесі одан да көп құбылыстың немесе заттың сын-сапасының немесе сын қимыл дəрежесінің тең емес екендігін білдіреді. Салыстыру белгілі бір шамалар бойынша айырмашылықтар мен ұқсассыздықтарды беру мақсатында қолданылады. Қайтадан басталып әдемі жаз, қызықты жайлау, алып-ұшқан жүрек лебі құшағына алғандай болды. Өте жұқа бала, сезімтал бала. Оған сұлу әлем елестеді (Х. Есенжанов). Ілкі үрей, жанталасқан қарсылық, дәрменсіз қимыл, ызалы қорлық, бұрын сезіп білмеген тән жарақаты – көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті, бейне бір қара дауыс үскірік жығып-шаншып кеткендей болды (Х. Есенжанов). Теңдік шағын өрісі салыстырудың бейтарап аймағын білдіреді. Заттар, белгілер, құбылыстар арасындағы идентивтілікті, ұқсастық, тəрізділікті, сəйкес, сəйкессіздікті, артықшылықты білдіру мақсатында салғастырылады. Функционалы-семантикалық шағын өрісте салыстырылып отырған реалилер арасындағы ерекшеліктерді көрсету мақсат етілмейді. Мысалы: Оны көруге жүзі жанатын секілді. Тілеу бүгін тас – түйін. Сабы ұзын, шанағы үлкен, қақпағы кептірілген қозының қарынындай жұп-жұқа. Мына ала қағаздағы аумаған атасы. Сұғанақ уақыт бір кездегі әдемі келіншекті бүгінде айнаға қарауға құлықсыз етті. Қараса –аппақ жүзін аяусыз торлап алған шимайды көреді. Ол шимай кісіні шытырман ойға салады. Өз бетіңе түскен мынау шәт-шәлекей сызық сен туралы өзіне түсіне қоймайтын өзге бір тілде жазылған үкім сияқты. (Ә. Кекілбаев).

Біреу ақылды, біреу ақылсыз, біреу бақытты, біреу бақытсыз, біреуінің жолы болғыш, біреуінің ылғи иті қырын жүгіретін жолсыз, біреуі сұлу, біреуі сиықсыз, біреуі сұмырай (Ә. Кекілбаев). Ыстық жүрек тайдай тулады ма? Оның астына мінген тұрқы ұзын, жүрісі жұмсақ, қара кер биенің бүлкілі де сар желіске татырлық – желдей есіп келеді (Х. Есенжанов). Логикалық жақтан бір ұғым мен түсінікке жататын сын –сапа категориялары ұшырасадыМысалы, Соқыр атқа қотыр ат жақын жүреді. Жалақор мен бәлеқор жақын жүрер. Қисық ағаштың түбіне қонба, Қиқар адамның үйіне қонба. (Мақал-мәтел).

Жалпы қазақ тілінде сын-сапа ұғымы ФСӨ түзуде тілдік жүйедегі белгілі бір беретін тілдік құралдар тілдің əр деңгейінде жатқан əрі белгілі бір грамматикалық категорияның немесе топтың өзі емес, оның жекелеген мүшелерінен де тұрады.



Функционалды-семантикалық өрістің аумағында орналасқан сын-сапаны танытатын тілдік бірліктердің орналасуын орталық аймақ жəне шеткі аймақ деп бөлуге болады. Қазақ тілінде сын-сапа ұғымын білдіретін функционалдысемантикалық өрістің басты орталық өзегінде сын есімдер, қатыстық сын есімдер, сын есімнің түрлеріне жататын тілдік бірліктер орналасады, шеткері аймақ өрісіне айтылып отырған немесе салыстырылып отырған зат пен құбылыстың белгілері мен амалдарын анықтауға басқа да лексикалық бірліктер, күрделі сөздер, синтаксистік құрылымдар кіреді.

  1. Шеткері аймаққа жататын тілдік бірліктердің өзін бірнеше түрге бөлуге болады, Орталық аймаққа жақын аймақ шеткері аймақ деп аталынады. Оларға «ұқсас», «тəрізді», «сəйкес», «артықшылық» ұғымдарына жататын тілдік бірліктер арқылы танылады. Сонымен қатар белгілі лексикалық тілдік бірліктерге телінетін, байлаулы (сөзжасам арқылы немесе қосымшалар арқылы) мағыналық жұп құрайтын тілдік бірліктер жатқызылады. Оларды былайша бөлуге болады:

  2. Орталық аймақтың екінші шеткері аймағының құрайтын тілдік бірліктерге сын есім кейде үстеу мағынасында келетін тілдік бірліктер орналасады. Зат пен құбылыстың сапасын анықтауға белсенділік танытатын сын – бейне үстеулері арқылы да анықталады.

  3. Орталық өзектен ең алыс аймақтағы тілдік бірліктерге сын-сапаны анықтауға арналған басқы тілдік бірліктер тұрақты сөз тіркестері, сөзжасам арқылы жасалатын тілдік бірліктер қатысады.

Қазақ тілінде сын-сапа категориясының ұғымын анықтайтын функционалды-семантикалық өрістің орталық аймағы жəне шеткері аймағына жататын тілдік бірліктерді шартты түрде былайша топтастыруға болады:

  • дай, дей теңеулік қосымшалар арқылы жасалынады: Барлығы он үш күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде жаңа гүл шашып келе жатқан бақшадай жанып тұрған жас ғұмыр сөнді (М. Дулатов). Бұлардың мінгендері кәкір-шүкір тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құмақ құйрықты, кілең сәйгүлік шабысты жылқы (І. Есенберлин). Жебелерінің ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір (І. Есенберлин). Кейбір көрікті киінгендерінің тақырымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза (І. Есенберлин). Қан судай ақты (І. Есенберлин). Баяғы балдай балалық, сағынышты шақ қалған ойпаң көзіне оттай ыстық та, жаудай жат та (Т. Әлімқұлов).

  • ша, ше формасы арқылы жасалынады:

  1. Аспандағы айдай, айдаһар ақындарым-ай, морт сынып, моншақша шашылып кеттіңдерау (Т. Кенеев)! «Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», – деп, қайсысын істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді (М. Дулатов). 3. Жан даусым шыққанша айғайлап жіберіп, тұра жүгірдім (Ш. Айтматов).

-бірдей, сияқты, секілді, тəрізді, барабар, сəйкес, құдды, дəл, тура т.б. лексикалық бірліктер арқылы жасалынады. Мысалы, Қыздың көзі жайнап кетті; оның әлденеге қадалып едірейе қалатын кірпіктері жұп-жұқа шырайға бөленген сұлу бетпен бірге балқып кеткен тәрізді.

Түріңізді айтам, Айғожаға ұқсайсыз. Оның да шошқа сақалы тап сіздікіндей, бірақ сары емес, қара. Оның да атқа отырысы ауған жоқ, тап сіздің отырысыңыз, құйрығымен шаншылып қалады, бейнеергеқадапқойғантебенинесекілді (Х. Есенжанов). Өйткені осынау жұмбақты сұлулық көз жеткісіз құдықтағы мөлдір су секілді, немесе қол жеткісіз құздағы гүл секілді, өте-мөте алыста, Ғайни дидарының шыңырау тереңінде жатыр еді (О. Бөкеев). Мәкка сөзі оған әлдеқайдағы алыстағы үн cияқтанып кетті і (Х. Есенжанов). Бұл күтпеген жерден, бейне бір жауды бүйірдей түйрейтін найзадай, тобын жазбастан ұмтылған ер жүректі жандар қылышты қазақ –орыстар жүздігіне жүз қадамдай-ақ барып қалды. Күні кеше толған ай жүзің еді, Сиқырлы қара нәркес көзің еді. Мапмайда мамық қардай мінсіз денең, Бейне бір бақшадағы үзім еді (М. Жұмабаев).

«қатыстық сын-сапа сын» сөздер, «қалай/ солай + сын есім»), «қанша/сонша + сын есім», «қандай/сондай» күрделі сөздер арқылы жасалынады т.б. Орыс тілін үйренуге деген құштарлығы қандай болса, оқуда алдағы қиын-қыстау жағдайлар да сондай еді. Сыртқы келбеті қандай тартымды болса, жан дүниесі де сондай адам сүйсінерлік (Т. Жұмалиев).

тұрақты тіркестерден жасалынады: Олар секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, «пәленшенің қызы қашып кетті» деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын (М. Дулатов). Тек сыртынан: «Дүйсебектің баласы талапты, еті тірі жігіт, қысы-жазы үйде отырмай, оқу оқып, кәсіп қылады», – деуші еді

(М. Дулатов). Жамал бейшара аз күннің ішінде сүзектен тұрған кісідей болып, келген ата-аналарымен жылап көрісуге де халі келмеді (М. Дулатов).

Сын-сапаны анықтайтын тілдік құралдардың қатарына əр түрлі синтаксистік құрылымдар, олардың ішінде құрмалас сөйлемдердің түрлері де жатқызылады.

а) «қанша-сонша-сын есім, «қалай/солай + сын есім», «қандай/сондай»

1. Енді Шолпан Жамал қанша уайымда болса, сонша қайғыра бастап, бір күні түнде төсекке жатқан соң Сәрсенбайға сөйледі (М. Дулатов).

Сын-сапа категориясы ФСӨ-те категориялық ситуацияға да байланысты бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.



  • құбылыс пен нысанның сапасының белгілеріне қарай теңдік / теңсіздік;

  • зат пен нысанның сапалық белгілеріне қарай ұқсас / ұқсас емес;

  • кейбір нысанаға алынған зат пен құбылыстың сəйкес / сəйкес емес, аса тым, жоғары, бір-бірінен артық сияқты сапалық, қасиеттерін анықтайтын белгілеріне байланысты;

  • алынған нысанның сапасының белгілерінің бір-бірінен артық /кем, жақын келетін сапалық, сындық қасиеттерін анықтайтын белгілеріне байланысты.

Қорыта келгенде, қазақ тілінде сын-сапа ұғымдарына жататын тілдік бірліктердің өрісте қолданылатын қызметі ерекше, қолданыста молынан ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет