Функциялары: бөлуші, жалғастырушы, сүзгілік Бөлуші



бет2/4
Дата02.05.2022
өлшемі20,92 Kb.
#33042
1   2   3   4
Географиялық лимология – шегараларды зерттейтін ғылым саласы.

Шегаралар делимикасы – көршілес мемлекеттердің арасында келіссөздер арқылы мемлекеттік шегараларды жалпы ережесі мен бағыттарын анықтау

Шегаралар демаркациясы – шегараларды делимитациялау жөнінде келіссөздерге сәйкес, жергілікті жерде шегаралық белгілер қою арқылы мемлекеттік шегараны анықтау мен белгілеу.

Цессия – мемлекеттердің өзара келісімі негізінде белгілі бір аумаққа иелік ету құқығының бір мемлекеттен екінші мемлекетке берілуі. Цессия бірдей көлемдегі аумақьарды айырбастап алу, сыйға беру,саты палу арқылы жүзеге асады. Мысалы, 1867ж АҚШ Алясканы Ресейден сатып алды.

Адьюдикция – халықаралық сот немесе арбитраж бойынша бір мемлекет құрамында болған аумақты басқа мемлекетке беру. Оның негізінде аумақтық-шегаралық өзгерістер болады. 1968ж Качское Ранно даулы ауданының 90%-ы Үндістанға, 10 пйызы Пәкістанға өтті.

Аккреция – мемлекет аумағының құрлық бөлігінің табиғи немесе техногендік жолмен ұлғаюы. Оның нәтижесінде Нидерланд, Сингапур, Парсы шығанағы мемлекеттерінде жағалық бөлік кеңейтіліп келеді.

Өз еркімен қосылу – шағын мемлекеттің ірі мемлекет құрамына қосылуы. Мысалы, 1944ж Тува өз еркімен көршілес жатқан КСРО құрамына қосылды.

Өз еркінмен бөліну – белгілі бір аумақтың әскери күштерді қолданбай, өзара келісім негізінде мемлекет құрамынан бейбіт жолмен бөлініп шығуы. 1917Ж Финляндия Ұлы Князьдігі Ресей құрамынан бөлініп шығып, дербес мемлекет құру мүмкіндігін алды.

Өз еркімен бірігу - екі немесе бірнеше мемлекеттің, кей жағдайда аумақтардың өз еркімен бірігуі негізінде бір жаңа мемлекеттің қалыптасуы. Мысалы, 1964ж Танганьика және Занзиьар бірігіп, Танзания мемлекетін құрды. 1971ж бұрынғы Келісімдік Омандағы бытыраңқы араб әмірліктерінің өзара бірігуінен БАӘ пайда болды.

Декларация – халықаралық құқықта келісуші жақтардың ортақ принциптері мен мақсаттарын негіздейтін құжат.

Аймақтану

19ғ Ф.Ратцель мен неміс географы К.Риттердің ғылыми еңбектері негізінде аймақтану ілімі қалыптасты. Олар қоғам мен халықтар мәдениетін, шаруашылығы мен тұрмысын олар өмір сүретін табиғат жағдайларымен байланыста қарастыруды ұсынды.

Ю.Н.Гладкий үш сатылы жітемені ажыратқан:

1. Жекелен белгілері бойынша ажыртылатын аймақтарда аумақтың әрі қарай жітеуді қажет етпейтін бір басты белгісі алынады. Мысалы, мақта егілетін аймақ.

2. Бірнеше белгісі бойынша ажыратылатын аймақтарды қалыптасьыруда бірнеше басты факторлар ұштасады. Мысал ретінде әртүрлі табиғи факторлар әсерінен қалыптасатын физикалық-географиялқ аймақтарды алуға болады.

3.Адам әрекеті мен табиғи факторлардың барлығы дерлік қамтылатын аймақтардың қатарына аумақтағы қоғам мен табиғи көрсеткіштері тығыз байланысқан мәдени-тарихи аймақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет