Г. Ахметжанова, С. Мəлікова, К. Оспанов, З. Тайшыбай атамекен атаулары солтүстік Қазақстан облысының топонимикалық атаулары



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата07.02.2017
өлшемі8,24 Mb.
#3608
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

126
деп  қайта  атау  туралы.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Прези-
диумының  Жарлығы.  (ҚР  ОММ.1109-қор.  5-тізбе.  755-іс. 
103-парақтар.).
1959  жылғы  16  желтоқсанда  Көкшетау  облысы  Келлер 
ауданы Макашев жəне Димитров сельсоветтерін қосып, Ма-
кашев сельсоветі деп атау туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының Жарлығы шықты. (ҚР ОММ.1109-қор. 
5-тізбе. 755-іс. 105-парақтар.).
16  желтоқсан  1959  ж.  Солтүстік  Қазақстан  облысы 
Преснов  ауданы  «Жаңа  Есперлі»  Преснов  ауданы  Жарқын 
поссоветінің  құрамынан  алып,  Солтүстік  Қазақстан  об-
лысы  Украина  поссоветінің  құрамына  беру  туралы.  Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 3806-іс. 10-парақ.).
16  ақпан  1960  ж.  Көкшетау  облысы  Қызылту  ауданынан 
орталығы  Талшық  поселкесі  болатын  Талшық  сельсоветін 
құру  туралы.  (Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  ведомостары. 
1963. № 2.).
16 ақпан 1960 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Совет ау-
даны Григорьев сельсоветі «Қаратал» елді мекенін Полудин 
ауданы  Асанов  поссоветінің  құрамына  беру  туралы.  Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 3806-іс. 11-парақ.).
27  мамыр  1960  ж.  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Булаев 
ауданы  Булаев  совхозының  600  гектар  жерін  Көкшетау  об-
лысы  Красноармейск  ауданы  Киров  совхозына,  ал  Киров 
совхозының 400 гектар жерін Булаев совхозына, 200 гектар 
жерін Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Совет 
совхозына  беру  арқылы  Солтүстік  Қазақстан  жəне  Көкше-
тау  облыстарының  əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  ішінара 
өзгерту  туралы.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумы-
ның  Жарлығы.  (СҚО  ММ.1189-қор.  1-тізбе.  3734-іс.  46-па-
рақ.).
1960  жылғы  6  шілдеде  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Пре-
зидиумының  Жарлығы  бойынша  Көкшетау  облысы  Крас-
ноармейск ауданының орталығы Ново-Сухотино селосынан 
Тайынша  жұмысшы  поселкесіне  көшірілді.  (Қазақ  ССР 
Жоғарғы Советінің ведомостары 1960. № 29.).

127
6  шілде  1960  ж.  Көкшетау  облысы  Арықбалық  ауда-
нының  Матвеев  жəне  Константинов  сельсоветтерін  қо-
сып,  Константинов  сельсоветі  деп  атау  туралы  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы.  (ҚР 
ОММ.1109-қор. 5-тізбе. 755-іс. 112-парақ
1960  жылғы  6  шілдеде  Көкшетау  облысы  Зеренді  ауда-
нының  Зеренді  жəне  Олжай  ауылсоветерін  қосып,  Зеренді 
сельсоветі деп атау туралы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Пре-
зидиумының  Жарлығы  жарық  көрді.  (ҚР  ОММ.1109-қор. 
5-тізбе. 755-іс. 112-парақ.).
Сол  күні  осы  облыста  мынадай  тағы  бірнеше  аумақтық 
өзгерістер жасалды:
6  шілде  1960  ж  Көкшетау  облысы  Келлер  ауданы  Бого-
духовский  сельсоветінің  Клевер  жəне  Краматоровка  елді 
мекендерін  Макашев  сельсоветінің  құрамына;  Нагорный 
сельсоветінің  Леонидов  елді  мекенін  Красноармейск  ау-
даны  Многоцветинский  сельсоветіне  беру  туралы.  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы.  (Көкше-
тау  облысының  1972  жылғы  1  шілдеге  əкімшілік-аумақтық 
бөлінісінің анықтамалығы. Көкшетау. 1972. 12-бет.).
6 шілде 1960 ж. Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Пав-
лов  сельсоветі  Сталин  атындағы  колхоздың  аумағын  Көк-
шетау  облысы  Арықбалық  ауданы  Лобанов  сельсоветінің 
құрамына  беру  туралы.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Прези-
диумының  Жарлығы.  (ҚР  ОММ.1109-қор.  5-тізбе.  755-іс. 
112-парақ.).
6  шілде  1960  ж.  Көкшетау  облысы  Ленинград  ауданы 
Восход  жəне  Кузбасс  поссоветтерін  қосып,  Кузбасс  поссо-
веті  деп  атау  туралы.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Прези-
диумының  Жарлығы.  (ҚР  ОММ.1109-қор.  5-тізбе.  755-іс. 
300-114-парақтар.).
6  шілде  1960  ж.  Көкшетау  облысы  Красноармейск  ауда-
ны  Ново-Сухотинский  сельсоветін  тарату  туралы.  Красно-
армейск  ауданының  орталығын  Ново-Сухотино  селосынан 
Тайынша  елді  мекеніне  көшіру  туралы.  (Елді  мекендерді 
беру).  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жар-
лығы.  (ҚР  ОММ.1109-қор.  5-тізбе.  755-іс.  112-113-па-
рақтар.).

128
6 шілде 1960 ж. Көкшетау облысы Рузаев ауданында по-
селкелік  советтер  құру  туралы:  Володарский  поссоветі  Во-
лодар  совхозының  орталығында;  Дружба  поссоветі  «Друж-
ба» совхозының орталығында; Ишимский поссоветі Нежин 
совхозының орталығында; Урожайный поссоветі Урожайно-
го  совхозының  орталығында.  (Сельсоветтер  ман  поссовет-
терді  біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Қазақ  ССР  Жоғарғы 
Советі  Президиумының  Жарлығы.  (ҚР  ОММ.1109-қор. 
5-тізбе. 755-іс. 113-парақ.).
18 қазан 1960 ж. Көкшетау облысы Зеренді ауданында Ба-
сентин елді мекенін Үлкенкөл сельсоветінен алып, Красный 
поссоветінің  құрамына  беру  туралы.  Қазақ  ССР  Жоғарғы 
Советі  Президиумының  Жарлығы.  (Көкшетау  облысы-
ның  1972  жылғы  1  шілдеге  əкімшілік-аумақтық  бөлінісінің 
анықтамалығы. Көкшетау. 1972. 101-бет.).
26 желтоқсан 1960 ж. Қазақ ССР-ның құрамында Тың өл-
кесін құру туралы.
ССРО  сияқты  аумағы  теңдессіз  кең,  Еуропа  мен  Азия-
ның басым бөлігін басып жатқан, халқы көп, шаруашылығы 
сан  салалы  мемлекеттің  басында  отырған  билеушілердің 
ойына келгенін істегенін жəне соның бəрін «еңбекші жұрт-
шылықтың сұрауы бойынша» деп тұздықтап, жариялағанын 
аға  ұрпақ  жақсы  біледі.  Осы  күнгі  білімді  де  ойлы  жастар 
оқып,  еріксіз  бас  шайқайтын,  жөнсіз  оқиғалар  көп  болған. 
Солардың  бірі  Никита  Хрущев  ұсынып,  басқалары  қол-
даған  «Тың  өлкесін»  құру  туралы  қисынсыз  шаралар  еді. 
Кеңес  билігі  келмей  тұрғанда,  отаршыл  Ресей  патшалары 
іске асыра алмай кеткен жоспарды басқаша, əуелі Қазақстан 
жерін  бөлшектеп  алып,  жүзеге  асырмақ  болған  коммуни-
стік биліктің бір амалы – осы Тың өлкесі дегенді құру бола-
тын. Аталған өлкені ССРО-ның əкімшілік-аумақтық бөлінісі 
ретінде  құрып,  оны  заңдастырғаннан  кейін,  ежелгі  қазақ 
жерлерінің  тең  жартысын  ақысыз-пұлсыз  Ресейдің  қара-
мағына өткізу көзделді. Орталық билік не десе де «лəппай!» 
деп  екі  қолын  көтеретн  мансапқоарлар  Ресейдің  есерсоқ 
патшасына  сөз  айта  алмай,  қайран  атамекен  жат  қолын-
да  кетіп  бара  жатқанда,  жан  дауысы  шырқырап:  «Мұндай 
теріс шешімге қазақ халқы қарсы болады, онда ССРО Кон-

129
ституциясына  өзгерту  енгізу  керек!»  деп,  Мəскеудің  төрі-
нен  батыл  сөйлеген  Жұмабек  Тəшенев  деген  жалаңтөс  ба-
тыр болатын. Қазақстан Республикасының үш басшысының 
біреуі, коммунистік партияның мүшесі Ж. Тəшенев сол қар-
сылығымен басынан айырыла жаздады. Оның ұсынысы елге 
тарап етіп, Мəскеу билігі амалсыз бармақ тістеп қала берді. 
Қазақстанның  бес  облысы  республика  құрамында  қалды. 
Осы  күнгі  Тəуелсіз  мемлекеттің  іргелі  аймақтары  болып 
отыр. Ал, сол жерлерді сақтап қалуға септігі тиген Алаштың 
адал ұлы Жұмабек Тəшеневтің атын ардақтап, өзіміздің об-
лыстың орталығында оған тастан қашап, мəңгілік есерткіш 
орнаттық. Оған да тəубе!
Сол кезде құрылып, кейіннен тарап кеткен Тың өлкесінің 
құрамына  Ақмола,  Көкшетау,  Қостанай,  Павлодар  жəне 
Солтүстік  Қазақстан  облыстарын  беру  туралы  осыдан  55 
жыл бұрын қабылданған құжаттардың реті мынадай:
Ақмола қаласын Тың өлкесінің орталығы етіп бекіту ту-
ралы.
Ақмола  облысын  таратып,  оның  аудандарын  өлкелік  ор-
гандарға тікелей бағындыру туралы Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті  Президиумының  Жарлығы.  (СССР  Жоғарғы  Советінің 
ведомостары. 1961.№ 2).
26  желтоқсан  1960  ж.  Орталығы  Ақмола  қаласы  болып, 
Көкшетау,  Қостанай,  Павлодар  жəне  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарының,  сондай-ақ  таратылған  Ақмола  облысының 
өнеркəсібі  мен  құрылысын  біріктіретін  Тың  экономикалық 
əкімшілік аймағын құру туралы.
Қостанай  жəне  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық 
əкімшілік  аймақтарын  тарату  туралы.  Қазақ  ССР  Жоғарғы 
Советі  Президиумының  Жарлығы.  (СҚО  ММ.1189-қор. 
1-тізбе. 3734-іс. 144-парақ.
Сол  кездегі  дағды  бойынша  былтырғы  жылдың  аяғында 
басталған аударып-төңкеру шаралары жаңа жылдың басын-
да жедел түрде жалғасын былайша тауып жатты.
14  қаңтар  1961  ж.  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Октябрь 
ауданы  Семипольский  сельсоветінің  Алатай,  Байгел  жəне 
Шоқат  елді  мекендерін  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Ок-
тябрь  ауданы  Марья  сельсоветінің  құрамына  беру  туралы. 

130
Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы. 
(СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 3898-іс. 11-парақ).
6 наурыз 1961 ж. Қазақ ССР елді мекендерін қалалар мен 
қалалық  поселкелер  санатына  жатқызу  тəртібі  туралы.  Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Жарлығы.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 3898-іс. 44-47-парақтар).
24 сəуір 1961 ж. Тың өлкесінің құрамында орталығы Це-
линоград  қаласы  болатын  Ақмола  облысын  құру  туралы. 
(Аудандарды  беру).  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиу-
мының  Жарлығы.  (Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  ведомо-
стары. 1958. № 9. Жоғарғы Советінің ведомостары. 1961.№ 
19).
29  сəуір1961  ж.  Көкшетау  облысы  Красноармейск  ауда-
ны  Новоприреченский  жəне  Большеизюмовский  сельсовет-
терін  қосып,  Большеизюмовский  сельсоветін  құру  туралы. 
Көкшетау облыстық атқару комитетінің шешімі. (Қазақ ССР 
Жоғарғы Советінің ведомостары. № 38.).
29 сəуір1961 ж. Көкшетау облысы Ленинград ауданында 
Айсары  сельсоветін  құру  туралы.  (Елді  мекендерді  беру). 
(Көкшетау облыстық атқару комитетінің шешімі. Қазақ ССР 
Жоғарғы Советінің ведомостары. № 38.).
31 тамыз 1961 ж. Преснов ауданындағы Баян ауылсоветін 
тарату туралы. (Елді мекендерді беру). (Солтүстік Қазақстан 
облыстық  атқару  комитетінің  шешімі  (СҚО  ММ.1189-қор. 
1-тізбе. 3897-іс. 6-парақ).
31  тамыз  1961  ж.  Соколов  ауданындағы  Сивков  ауыл-
советін  тарату  туралы.  (Елді  мекендерді  беру).  (Солтүстік 
Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 3897-іс. 4-парақ).
28  қыркүйек  1961  ж  Көкшетау  облысы  Щучинск  ауда-
нында  Дорофеев  сельсоветін  Щучинский  сельсоветі  деп 
қайта  атау  туралы.  (Елді  мекендерді  беру).  Көкшетау  об-
лыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (Көкшетау  облысы-
ның  1972  жылғы  1  шілдеге  əкімшілік-аумақтық  бөлінісінің 
анықтамалығы. Көкшетау. 1972. 34-бет.).
28 қыркүйек 1961 ж. Көкшетау облысы Рузаев ауданында 
Алғабас  сельсоветін  Привольненский  сельсоветі  деп  қайта 
атау  туралы.  (Көкшетау  облысының  1972  жылғы  1  шілдеге 

131
əкімшілік-аумақтық  бөлінісінің  анықтамалығы.  Көкшетау. 
1972. 28-бет.).
30  желтоқсан  1961жыл.  Көкшетау  облысы  Ленинград  ау-
данында Сталинград сельсоветін Киев сельсоветі деп атау ту-
ралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығы. 
(Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары. 1962. № 2).
31  наурыз  1962  ж.  Тың  өлкесі  Көкшетау  облысы  Красно-
армейск  ауданының  Тайынша  қалалық  поселкесін  ауданға 
бағынатын қалалар санатына жатқызып, Красноармейск қала-
сы деп атау туралы. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның Жарлығы. (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары. 
1962. № 18).
Көктемнің  аяғына  қарай  Қазақстанда  аласапыран  өзгері-
стердің салқыны тимеген бірде-бір облыс, не аудан мен ауыл 
қалған  жоқ.  Ең  алдымен,  елдің  онсыз  да  əлжуаз  эуономика-
сына орасан зиян келтірген өзгерістердің мəні мен мақсатын 
халық түсінген де жоқ. Əйтеуір бұзу, қайта құрастыру, өзгер-
ту немесе түзеу т. с.с.
11  сəуір  1962  ж.  Булаев  ауданы  сельсоветтерінің 
əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  өзгерістер  енгізу  туралы. 
(Сельсоветтерді  біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік 
Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 149-парақ).
11  сəуір  1962  ж.  Конюхов  ауданы  сельсоветтерінің 
əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы.  (Сель-
советтерді  біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік  Қа-
зақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 151-152-парақтар).
11  сəуір  1962  ж.  Ленин  ауданы  сельсоветтерінің 
əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы.  (Сель-
советтерді  біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік  Қа-
зақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 154-парақ).
11  сəуір  1962  ж.  Мамлют  ауданы  сельсоветтерінің 
əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы.  (Сель-
советтерді  біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік  Қа-
зақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 156-парақ).

132
11  сəуір  1962  ж.  Октябрь  ауданында  орталығы  Сергеев 
селосы болатын Сергеев сельсоветін құру туралы жəне одан 
əрі:  Марьев  сельсоветінің  Аққан-Барақ,  Алатай,  Байгел, 
Бағанаты,  Жалтыр,  Сергеев,  Чапаев,  Шоқат  жəне  Марьев 
совхозының  орталығы  елді  мекендерін  Сергеев  сельсоветі-
не  беру  туралы.  (Сельсоветтерді  біріктіру,  елді  мекендерді 
беру).  Солтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің 
шешімі. (СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 158-парақ).
11  сəуір  1962  ж.  Полудин  ауданы  сельсоветтерінің 
əкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерту енгізу туралы. (Сель-
советтерді біріктіру, елді мекендерді беру). (Сельсоветтерді 
біріктіру, елді мекендерді беру). Солтүстік Қазақстан облы-
стық атқару комитетінің шешімі. (СҚО ММ.1189-қор. 1-тіз-
бе. 4111-іс. 161-парақ).
Преснов  ауданы  Архангельск  жəне  Троицк  сельсо-
веттерін  біріктіріп,  Преснов  сельсоветі  деп  атау  туралы. 
(Сельсоветтерді біріктіру, елді мекендерді беру). Солтүстік 
Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
Приишим  ауданы  сельсоветтерінің  əкімшілік-аумақтық 
бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы.  (Сельсоветтерді  бірік-
тіру,  тарату,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік  Қазақстан 
облыстық атқару комитетінің шешімі. (СҚО ММ.1189-қор. 
1-тізбе. 4111-іс. 165-парақ). ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 
163-парақ).
Совет  ауданы  сельсоветтерінің  əкімшілік-аумақтық 
бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы.  (Елді  мекендерді  беру). 
Солтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі. 
(СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 167-парақ).
Соколов  ауданы  сельсоветтерінің  əкімшілік-аумақтық 
бөлінісіне  өзгеру  енгізу  туралы.  (Сельсоветтерді  біріктіру, 
елді мекендерді беру). Солтүстік Қазақстан облыстық атқа-
ру комитетінің шешімі. (СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 
169-парақ).
Рузаев  ауданындағы  Ашанино  селосын  қалалық  посел-
келер санатына жатқызып, Трудовой поселкесі деп атау ту-
ралы. (Сельсоветтерді біріктіру, елді мекендерді беру). Көк-
шетау  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (Қазақ  ССР 
Жоғарғы Советінің ведомостары. 1962. № 39.).

133
8 тамыз 1962 ж. Ленин ауданында орталығы Петровка се-
лосы болатын Петров сельсоветін құру туралы. (Сельсовет-
терді  біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік  Қазақстан 
облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО  ММ.1189-қор. 
1-тізбе. 4111-іс. 176-парақ).
Тағы сол күні:
Октябрь  ауданында  орталығы  Городецкое  селосы  бола-
тын Городецкий сельсоветін құру туралы. (Сельсоветтерді 
біріктіру,  елді  мекендерді  беру).  Солтүстік  Қазақстан  об-
лыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО  ММ.1189-қор. 
1-тізбе. 4130-іс. 161-парақ).
Приишим  ауданы  орталығы  Ново-Никольское  село-
сы  болатын  Ново-Никольский  сельсоветін  құру  туралы. 
(Сельсоветтерді біріктіру, елді мекендерді беру). Солтүстік 
Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО 
ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 170-парақ).
14  қараша  1962  ж.  Көкшетау  ауданы  Алексеевка  село-
сын  қалалық  поселкелер  санатына  жатқызу  туралы.  (Елді 
мекендерді  беру).  Көкшетау  облыстық  атқару  комитетінің 
шешімі.  (Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  ведомостары. 
1962. № 11.).
11  желтоқсан  1962  жыл.  Полудин  ауданы  Ленин  сель-
советін Светлопольский сельсоветі деп қайта атау туралы. 
Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің шешімі. 
(СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 186-парақ).
22  желтоқсан  1962  ж.  Арыкбалық  ауданының  Аққан 
Бұрлық  сельсоветінің  орталығын  Құсбек  селосына 
көшіріп, Аққан Бұрлық сельсоветін Құсбек сельсоветі деп 
қайта атау туралы.. Көкшетау облыстық атқару комитетінің 
шешімі.  (Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  ведомостары. 
1962. № 18.).
Өзгертулер мұнымен тынған жоқ, енді Қазақстандағы се-
лолық аудандарды ірілендіру туралы əңгіме басталып, аяғы 
жаңа жылдан бастап, қызу науқанға ұласып кете барды.
2  қаңтар  1963  ж.  Көкшетау  облысындағы  аудандардың 
орнына селолық аудандар құру туралы. Володар селолық ау-
даны, орталығы Володар селосы; Қызылту селолық ауданы, 
орталығы Қызылту селосы; Көкшетау селолық ауданы, орта-

134
лығы  Красный  Яр  селосы;  Красноармейский  селолық  ауда-
ны, орталығы Красноармейск қаласы; Ленинград селолық ау-
даны, орталығы Ленинград селосы; Рузаев селолық ауданы, 
орталығы  Рузаев  селосы;  Чистопольский  селолық  ауданы  
орталығы  Чистополье  селосы;  Щучинский  селолық  ауданы, 
орталығы  Щучинск  қаласы;  Еңбекшілдер  селолық  ауданы, 
орталығы  Степняк  қаласы.  (Сельсоветтерді  беру  туралы). 
Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  жарлығы.  (Қа-
зақ ССР Жоғарғы Советінің ведомостары. 1963. № 12.).
2  қаңтар  1963  ж.  Қазақ  ССР-ның  əкімшілік-аумақтық 
бөлінісіне  өзгерістер  енгізу  туралы.  Солтүстік  Қазақстан 
облысы Конюхов, Полудин, Приишим, Соколов аудандарын 
таратып, Тимирязев ауданын құру, Октябрь ауданын Сергеев 
деп қайта атау туралы жарлықтар дүниеге келді.
Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  бұрынғы  бар  аудан-
дардың құрылымын, бағыныштылығын өзгертіп, оларды ор-
нына «селолық аудандар» деп аталатындар құрыла бастады. 
Олар: Булаев селолық ауданы, орталығы Булаев қалалық по-
селкесі; Ленин селолық ауданы, орталығы Явленка қалалық 
поселкесі; Мамлют селолық ауданы, орталығы Мамлют қа-
лалық поселкесі; Преснов селолық ауданы, орталығы Прес-
нов селосы; Сергеев селолық ауданы, орталығы Сергеев се-
лосы; Совет селолық ауданы, орталығы Смирнов жұмысшы 
поселкесі жəне Тимирязев селолық ауданы, орталығы Сулы 
селосы.
Преснов  ауданының  Приишим  сельсоветі  Сергеев  ауда-
нының құрамына берілгені жөн деп табылды.
Тимирязев  селолық  ауданына  мына  сельсоветтерді  беру 
туралы:  Қостанай  облысы  бұрынғы  Пресногорьков  ауда-
нынан  Мичурин  жəне  Хмельницкий;  Солтүстік  Қазақстан 
облысы  бұрынғы  Октябрь  ауданынан;  Ақсуат,  Дос,  Интер-
национальный,  Ишимский,  Комсомол,  Москворецкий,  Це-
линный;  Преснов  ауданынан  Северный;  Кокчһшетау  об-
лысы  Рузаев  ауданынан  Ленин  жəне  Мичурин.  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советі  Президиумының  жарлығы.  (Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советінің  ведомостары.  1963.  №  12.).  Солтүстік 
Қазақстан  облысының  1973  жылғы  1  сəуірге  əкімшілік-ау-
мақтық бөлінісі. 97-98, 116, 120, 153-154-беттер.).

135
4  қаңтар  1963  ж.  Мичурин  атындағы  жəне  «Озёрный» 
совхоздарын  Петропавл  қалалық  советінен  алып,  Совет  ау-
даны  Бескөл  селолық  советінің  əкімшілік-аумақтық  қатуына 
беру  туралы.  Солтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару  коми-
тетінің шешімі. (СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4292-іс. 1-парақ).
Қазақ  ССР-нда  өнеркəсіп  аймақтарын  құру  жəне  кей-
бір  қалалардың,  қалалық  поселкелер  мен  елді  мекендердің 
əкімшілік бағыныштылығын өзгерту туралы қаулыға сəйкес, 
1963 жылдың 10 қаңтарынан бастап, Тың өлкесінің: Көкше-
тау, Щучинск, Красноармейск, Петропавл, Макинск қалала-
ры өлкеге бағынатын санатына жатқызылды.
Өнеркəсіп  аймақтарының,  қалалардың  жəне  қалалық 
поселкелердің  өлкеге  тікелей  бағынатын  болғанына  бай-
ланысты  Батыс  Қазақстан,  Тың  жəне  Оңтүстік  Қазақстан 
өлкелеріне кіретін селолық облыстық советтердің атқару ко-
митеттерінің  атауы  «Селолық  облыстық  советтердің  атқару 
комитеттері» деп аталатын болды. Қазақ ССР Жоғарғы Со-
веті Президиумының жарлығы (СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 
4214-іс. 10-13-парақтар).
1963  ж  жылғы  3  мамырдағы  Солтүстік  Қазақстан  облы-
стық  атқару  комитетінің  шешімімен  ауданының  Гавринск 
сельсоветі  Булаев  ауданының  құрамына  берілді  де,  тиісін-
ше бірнеше ауданның аумағына өзгерістер енгізіле бастады. 
(Солтүстік Қазақстан облысы. 1973 ж. 1 сəуірге əкімшілік-а-
умақтық бөлінісі. Петропавл. 1973. 103-бет.
Ленин  ауданының  құрамында  орталығы  Бұлақ  селосы 
болатын,  Бұлақ  сельсоветін  құру  жəне  оның  мына  құрамы 
туралы: Бұрын Заградов сельсоветіне қараған Бұлақ, Ақтас, 
Қарағай  елді  мекендері.  Солтүстік  Қазақстан  облыстық 
атқару  комитетінің  шешімі.  (СҚО  ММ.1189-қор.  1-тізбе. 
4111-іс. 39-40-парақтар).
Ленин,  Преснов,  Сергеев  жəне  Совет  аудандарының 
əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы. 
(Сельауылсоветтерді біріктіру, тарату, елді мекендерді беру). 
Солтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі. 
(СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 39-40-парақтар).
Көкшетау облысы Щучинск селолық ауданының Бурабай 
қалалық поселкесі Щучинск қалалық советінің əкімшілік-а-

136
умақтық  қамтуына  беру  туралы.  Еңбекшілер  депутаттары 
Тың  өлкелік  Советінің  шешімі.  (Қазақ  ССР  Жоғарғы  Со-
ветінің ведомостары. 1963.№ 27).
31  мамыр  1963  ж.  Булаев  жəне  Мамлют  аудандары-
ның  əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  өзгерту  енгізу  туралы. 
(Сельауылсоветтерді біріктіру, тарату, елді мекендерді беру). 
Солтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару  комитетінің  шешімі. 
(СҚО ММ.1189-қор. 1-тізбе. 4111-іс. 58-парақ).
14  маусым  1963  ж.  Арықбалық,  Имантау,  Лобанов  сель-
советтерін  Чистопольский  ауданының  құрамынан  алып, 
Володар  селолық  ауданына  беру  туралы.  Приишим  сельсо-
ветін  Рузаев  селолық  ауданының  құрамынан  алып,  Чисто-
польский  ауданына  беру  туралы.  Көкшетау  облыстық  атқа-
ру  комитетінің  шешімі.  (ҚР  ОММ.1109-қор.  5-тізбе.  632-іс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет