Г.Қ. аЙҚынбаева 12 ЖылДыҚ бІлІм беРу ЖҮЙесІнІҢ ШетелДІк мемлекеттеРДегі дамуыныҢ еРекШелІктеРІ



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#10572

8

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

ЖоҒаРы мектеп пеДагогикасы

пеДагогика высШеЙ Школы

г.Қ. аЙҚынбаева

12 ЖылДыҚ бІлІм беРу ЖҮЙесІнІҢ ШетелДІк мемлекеттеРДегІ 

ДамуыныҢ еРекШелІктеРІ

This article discusses the features of the transition for the 12-year’s study in the United States of 

America, Germany, France and China, as this system is carried out in 136 countries worldwide. A 

description of 12 years of education abroad. 

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман 

талабынан  туындап  отырған  мәселе.  мектеп  бітірушінің  әлеуметтік  және  қоғамдық  өмірдегі 

өзгерістерге  икемделе  отырып,  еркін  енуіне  дайындығын  тың  мазмұнды  жаңа  мектеп  қана 

қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. мәселен, (Финляндия, сингапур, АҚШ) 

алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдердің  12  жылдық  білім  беруге  көшуіндегі  нақты  қадамдары 

еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді.

Білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістерге  негізделген  әлемдік  дамудың  негізгі  үрдістері:  қоғам 

дамуының қарқындылығы; ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының 

кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың 

туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі; 

адам капиталы мәнінің артуы. 

осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып 

отыр: 


– білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;

– білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі;

– білім беру жүйесінде жетілдірілген моделдердің жасалуы;

– білім берудің басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы;

– жаңа білім технологияларының енгізілуі;

– оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен 

өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

– терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

– оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық 

сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;

– білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Қазіргі кезде 12 жылдық мектепке есептелінген белгілі бір халықтардың білім беру стандарты 

қалыптасқан. осыған байланысты, европалық кеңестіктің 1992 жылғы декларациясына сәйкес 

12 жылдық білім беру кеңістігіндегі 136 елде жүзеге асырылған. олардың ішінде ТмД елдерінен: 

украина,  Белоруссия,  Өзбекстан  және  Балтық  елдері,  ал  дамыған  елдерден  АҚШ,  Жапония, 

Германия, Франция, Англия және тағы басқа мемлекеттер бар [1]. 

Жалпы  орта  білімнің  құрылымы  балалардың  психологиялық  –  физиологиялық  тұлғалық 

ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс. ТмД және Шетелдік ғалымдардың пікірінше физиологтар, 

психологтар,  педагогтар  12  жылдық  білім  берудің  құрылымы  оқыту  және  жасерекшелігінің 

дамуына сәйкестігін ескеру қажеттігін айтады. Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп 

3 сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі (немесе кіші) орта мектеп 3-6 жыл және 

жоғарғы орта мектеп 2-4 жыл. 

12 жылдық мектепке ауысуға байланысты туындаған бірқатар мәселелер:

1. 


Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі;

2. 


Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар);

3. 


Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау;

4. 


Жалпы және орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі;

9

№ 5 (78) 2010

5. 


санитарлық-гигиеналық норма және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу;

6. 


мектепке  дейінгі  бастауыш,  орта  жалпы  және  жоғары  бейіндік  білім  беруде 

сабақтастықтың болуы.

Жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  оқу  мерзімін  неліктен  1  жылға  ұзартуымыз  керек? 

Әлем елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп 

үлгісі,  орта  мектептердің,  әр  қайсысының  қалыптасқан  өзіндік  ішкі  құрылымы  бар.  Бүгіндер 

ел алдына, оқу – білім қызметкерлері алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәслесі қойылып 

отыр.  Дүниежүзі  елдері,  атап  айтсақ,  барлық  елдердің  (жоғарыда  атап  өткеніміздей  80%)  аса 

дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, канада мен Германияда жалпы білім беру 

ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Швецияда, Францияда, италияда – 12 жыл екен [2]. Тек 

экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық. Дүниежүзіндегі 

елдің 75 % осы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіп үлгерген. Ал енді шет елдердің жалпы орта 

білім беру жүйесіне толығырақ жеке тоқталып өтейік.

Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде ХХ ғасырдың 

60  жылдарында  прагматикалық  көзқарасқа  негізделген  білім  үлгісі  енгізілген  болатын. 

Нәтижесінде  «америкалық  прагматикалық  педагогика  «экземплярлық»,  «кафетериялық» 

деп  аталып  кеткен  білім  жүйелері  орнығып,  білімнің  іргелілігін  төмендетіп,  орта  мектеп 

оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. осыған байланысты 

1983  жылы  АҚШ  Үкіметінің  «Ұлтымыз  қатерлі  жағдайда,  білім  реформасы  қажет»  атты 

баяндамасы  жарияланып,  білім  саласын  қайта  қарауға  орасан  зор  қаржы  бөлінді,  «2000 

жылдың  мақсаттары»  атты  федералдық  бағдарлама  және  «Әлемдік  деңгейдегі  білім» 

жобасы қабылданып, орта білім жүйесінің жүйелілігі және жеделдігі артылып, математика, 

жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі ең биік деңгейге 

көтерілу  мақсаттары  қойылды  [3].  соңғы  уақытта,  АҚШ-та  мектепке  дейінгі,  мектепалды 

балаларды дайындауға көп назар аударылған. Әсіресе ауылды мектептерде 5 жасар балаларды 

мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, 

оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде 

ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. кіші 

орта  мектеп  7-9  сыныптарда  жалпыға  бірдей  бағдарлама,  қалған  сабақтары  таңдау  бойынша 

(элективті) жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, 

академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. сондай-ақ АҚШ-та 1 сыныпқа балалар 6 

жастан, тіпті кейбір жергілікті мектептерде 5 жастан қабылданады екен. мектептегі сабақ 9 айға 

созылады, қалған үш ай демалыс болып табылады. күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып 

табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. мектептегі оқушы білімін бағалаудағы 

басты  әдіс-тест.  Қазіргі  таңда  көбіне  тестердің  дұрыс  жауаптары  көрсетілмейтін  әдісті  көп 

қолданады.  

Білім деңгейін бағалау мен бақылау барысында көбінекей кредитті көп қолданады. мектепті 

бітіргендігі  туралы  аттестат  алу  үшін  небәрі  16  кредит  жинауы  қажет.  орта  мектепте  оқу 

жылы 2-3 кезеңге бөлінеді, әрқайсысының аяғы 5 немесе 100 ұпайлық жүйемен бағаланады. 

мысалы, А (93-100) - өте жақсы; в (85-92) - орташадан жоғары; с (75-84) - қанағаттанарлық; 

Д (65-74) - нашар; е (0-64) - ешқайда көшірілмейді, ең төменгі баға.  



Германияда басқа да еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы 

орта білім алу үшін 12 жылдық мектепті негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу 

ғана  міндетті,  өйткені  одан  әрі  балалар  өз  қалаулары  және  қаблеттеріне  оқуларын  кәсіптік 

мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6 бабына сәйкес 

барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды [4]. мемлекет міндетті тегін білім алу 

9 жылдық оқыту болып табылады деп шешкен. Бірақ оқушының орта мектепті бітіргеннен 

кейін  өз  оқуын  жалғастыруы  өз  еркінде  1  мен  3  жыл  арасындағы  оқумен  тәмамдай  алады. 

Білім  алу  3  баспалдақты  құрылымда  болып  табылады:  негізгі  мектеп,  нақты  училище, 

гимназия.  оқу  6  жастан  жалпыға  бірдей  мектепте  (1-4  сыныптар)  басталады,  содан  кейін 

басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектепте (5-10 сыныптарда) 

50%-ға жуығы жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы 

білімді  меңгергеннен  кейін,  кәсіби  білім  алуға  жолдама  алады.  Ал  нақты  училищеде  (5–10 

немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда 

физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты 

училищені  бітірген  оқушы  орта  және  содан  кейін  арнайы  жоғары  кәсіби-техникалық  оқу 

орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді береді 

және  университеттік  үлгідегі  Жоо  түсу  құқына  ие  болады.  Гимназиядағы  міндетті  пәндер 


10

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

болып:  неміс  тілі  мен  әдебиеті,  тарих,  география,  математика,  биология,  дене  тәрбиесі, 

музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі 

нұсқада оқу бағдарламалары беріледі. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында 

пәндер  блоктарға  сәйкес  біріктіріледі,  мысалы:  «тіл-әдебиет-өнер»,  «әлеуметтік  білімдер», 

«әлеуметтік-экономикалық»  т.с.с.  Неміс  тілді  оқушылардың  жоғары  сыныпта  оқудағы 

мүмкіншілігі  зор,  олар  міндетті  пәндерден  басқа  да  пәндерді  қосымша  оқи  алады,  соның 

негізінде  олардың  жеке-дара  ерекшеліктері  жақсы  дамиды.  Бейіндік  бағыттағы  пәндерден 

басқа  тілдік,  әдеби-көркем,  қоғамдық-ғылыми,  математикалық  немесе  жаратылыстану-

ғылыми  пәндерін  меңгере  алады.  Негізгі  мектепті  аяқтау  4  пән  бойынша  емтихан  тапсыру 

арқылы  аяқталады.  12  және  13  жылдық  мектепті  сәтті  аяқтаған  балалар  үшінші  деңгейді 

аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген бейінде оқуға жолдама 

болып табылады. Жоо-ға түсуде оқушының аттестаты, ондағы орта ұпай негізгі рөл атқарады. 

Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. орта білім беретін 

оқу орындарында алты деңгейлі білімді бағалау шкаласы негізге алынған, ол: «өте жақсы» 

(1)=15-14-13 ұпай; «жақсы» (2)=12-11-10 ұпай; «қанағаттанарлық» (3)=9-8-7 ұпай; «қанағат-

танарлықтан төмен» (4)=6-5-4; «нашар»(5)=3-2-1 ұпай; «қанағаттанарлық-сыз» (0) = 0 ұпай

Германияда мектепте оқу біріктірілген мектеп деңгейінде әр түрлі атқа ие болып табылады, 

атап айтар болсақ, олар: Тюригте «жиі», саксонияда «орта», саксония мен Ангальтеда «екінші 

деңгейдегі мектеп», Гамбургте «негізгі және нақты мектептердің сабақтастырылуы», Гесседе, 

макленбург-Померанида «негізгі және орта мектептің біріктірілуі», ал рейнланд-Пфальцеда 

«аймақтық мектеп» болып табылады. Германияда оқушыларға білім беру барысында олардың 

кәсіби біліктілігін жоғарлауға басты назар аударылған. Бұл үшін мелекет саяси және әлеуметтік 

тұрғыда жауапты болып табылады. егер нарықтық жағдайда өз біліктілігін көтеруге жағдайы 

болмаған жандарға мемлекет субсидия (көмек) бөледі.  

Германияда оқушылардың біліміне, қабілетіне және талабына сай білім беруге бағытталған 

мектептердің әр түрлі типтері қызмет істейді.  

Франция мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет 

болып табылады. онда «Аналық мектебі» және «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. 

Білім  беру  Тұжырымдама-сында  12  жылдық  білім  беру  бекітілген.  онда  орта  білім  беру  10 

жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақызыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5 

жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім бертін 4-5 жылдық колледждерде 

жалғастыра  алады.  Толық  емес  орта  мектеп  біртекті  жалпыға  міндетті  колледж-бастауыш 

сынып  негізінде  құралады  және  барлық  жастағы  балаларды  қамтиды.  Бітірушінің  кәсіби 

мамандығына сәйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие. 

Бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда 

арнайы екі шкаланы қолданады. Бірінші жағдайда - 0-ден 10 ұпай аралығында, екінші ретте - 

0-ден 20-ма ұпай аралығы. 1-ші шкала бойынша білімді бағалау келесідей ретте сипатталады: 

«өте жақсы» - 8 және одан жоғары ұпай, «жақсы» - 7 ұпай, «жеткілікті деңгейде жақсы» - 6 ұпай, 

«қанағаттанарлық» - 5 ұпай, «орташа» - 4 ұпай, «нашар» - 3 ұпай, «өте нашар» - 2 ұпай және 

одан да төмен. Ал екінші шкалаға сәйкес бағалау реті келесідей: «өте жақсы»-16 және одан 

жоғары ұпай, «жақсы» - 14-16 ұпай аралығы, «қанағаттанарлық» - 10-11 ұпай, «орташа» - 8-10 

ұпай, «нашар» - 6-8 ұпай, «өте нашар» - 5 ұпай және одан да төмен. мектепті тәмамдағаннан 

кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.

Англия және ағылшын тілдерді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді, қазіргі секілді 

4  түрлі  мектептер  қызмет  етеді.  Германияда  элитарлы  орта  мектептермен  қатар  училищелер 

жұмыс істейді. Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан кейін балалар оқуын әрі қарай немесе 

мектеп берген сертификатпен жұмысқа орналасуына мүміндік бар.

Шетел мектептерінде жоғары мектепке оқушылар оқу үлгіріміне қарай және мектеп берген 

мінездеме  негізінде  арнайы  мемлекеттік  комиссияның  шешімімен  қабылданады.  осылайша 

оқушы жастарды үлгіріміне қарай сұрыптап оқыту мәселесі Германияда, Францияда, Жапонияда 

нақты жолға қойылған [5]. 



Жапонияда  мектептің  жоғары  сатысы  (10-12  сыныптар)  5  түрлі  техникалық,  сауда,  ауыл 

шаруашылық,  флоттық,  қосымша    мектептер  болып  құрылған.  Жапон  елінің  бір  ерекшелігі 

балабақшалар  білім  берудің  маңызды  қадамы  емес.  Балалар  балабақшаға  ата-аналарының 

қалауымен тіпті 4 жаста баруы мүмкін. Жапон білім беру заңында 9 жылдық білім беру ақысыз, 

білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық басатауыш мектеп - чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп – 

чугако, 3 – жылдық жоғары орта мектеп – като-гакко). Бастауыш мектепте негізгі сабақтар жапон 

тіл,  арифметика,  қалған  сабақтар  –  жаратылыстану,  қоғамтану,  музыка,  этика,  дене  тәрбиесі, 


11

№ 5 (78) 2010

искусство, қолөнер өтіледі. кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан 

тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 

дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), в (қанағаттанарлық), с (нашар), 

D  (өте  нашар).  сонымен  қатар  орта  мектепте  білімді  бағалау  американың  кейбір  мектептері 

секілді  кредиттік  жүйе  де  қолданылады.  Жапонияда  жоғары  мықты  білім  алу  үшін  дзюку 

депаталатын міндетті емес, ақылы мектептер қызмет етеді. егер балалары оқығысы келіп тұрған 

ата-аналар, ақшасын аямай барын оқуға жұмсайды. Жапондықтар орта мектептің бастауыш және 

орта буындарында білім беру мен тәрбиелеу ісінде «кокоро» идеясын басшылыққа алады екен. 

«кокоро»  дегеніміз  «жүрек,  ақыл-ой,  діл,  ізгілік»  деген  ұғымдардың  жиынтығы.  Ұзақтығы  6 

жылға созылатын бастауыш мектептің басты міндеті білім жиынтығын беру мен қабілеттерін 

қалыптастыру емес, ең алдымен «кокоро» идеясын іске асыру, яғнижастардың биік адамгершілік 

қасиеттерін,  ұлтжандылық  менталитетін  орнықтыру  болып  есептелінеді.  Шетел  тілі  негізінен 

7-сыныптан бастап қана оқытылады. 



Қытай  елінде  1990  жылдардың  аяғында  барлығына  білім  беруге  байланысты  9  жылдық 

білім беру енгізілді. Ал жалпы орта білім беру 12 жылдықты құрайды, бірақ бұл барлығына 

міндетті  емес  болып  табылады  Қытай  елінде  мектепке  дейінгі  білім  беру  3-6  жас  аралығын 

қамтиды. Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды, бастауыш, орта толық емес, толық 

орта білім беру кіреді. Қытай білім беру конституциясында жалпы білім беру ұзақтығы 9 жылдық 

мерзім бекітілген. оқу бағдарламасының 9 жылдық жаңа реформасы тұтас білім беру жүйесі 

ретінде қарасырылып, бастапқы 1-2 сынып, негзгі бастауыш 4 жыл (3-сыныптар), бастауыш орта 

3 жыл (7-9 сыныптар). Бастауыш сыныпта енгізілген жаңа пән «адамгершілік және өмір». Бұл пән 

орта бастауыш сыныпта (3-6 сынапта) «адамгершілік және қоғам» болып күрделене келе, «ғылым 

пәні де оқытыла бастайды». Бұл пән балаларды ғылыми жұмыстың негізгі әдістерімен таныстыра 

отырып, жасерекшелігіне байланысты балаларға ғылым негізіне дайындық беріледі. Әлі де болса 

білім беруге өзгерістер мен жаңалық енгізу ҚХр-да 2010 жылға дейін жоспарланған. 



Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. 3-5 жас 

аралығы және бастауыш мектеп 1-6 сыныптарда 5-11 жас аралығы. орта білім беру 2 бөлімнен: 

кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады. 

одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білім жалғастыруға болады. 12-13 сыныпты 

бітірген  18  жастағы  оқышылар  Жоо-на  түсе  алады.  Ұлыбританияда екі негізгі бейіндік бағыт 

бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі – «академиялық» - таңдаған пәнін тереңдетіп оқу (ол жоғары 

оқу орнына түсуге жол ашады), екіншісі - «кәсіби» - қолданбалы және кәсіби пәндерді қысқартылған 

оқу жоспарына сәйкес оқыту болып табылады.  

 Италияда 1999 жылы мектептік білім беруде жас мөлшерін 18 жас туралы №9 заңда енгізілген 

болатын. 2000 жылы ақпан айында бұл заңға мектептік білім беру жөнінде №30 заңда өзгертулер 

енгізген. 2001-2002 оқу жылына сәйкес мектептік білім бердің екі дәрежесі енгізілген: базалық 

мектеп (1-7 сыныптар) және толық орта мектеп (8-12 сыныптар) Базалық мектепке 6 жастағы 

балаларды бастауыш мектепке қабылдайды.

Канадада  мектептік  білім  беру  әр  аймақта  өзіндік  ерекшелігімен  сипатталады.  Балалар 

мектепке  6  жастан  барады.  Басқа  да  мемлекеттегідей  канададағы  білім  беру  бастауыш,  орта 

және  жоғарғы  сыныптардан  тұрады.  оқу  жылы  қыркүйекте  басталып  келер  жылдың  маусым 

айында аяқталады. Барлық аймақта (тек квебек провинциясында оқу 11 жылдық) 12 жылдық 

білім  беру  орын  алған,  бірақ  онтарио  провинциясында  13  жылдық  білім  алу  бекітілген  әрі 

арнайы  емтихан  тапсырумен  аяқталады  (Ontario  Academic  Credit).  канадада  мектептегі  білім 

беру келесідей құрылымда: бастауыш 1-6 сыныптар, жалпы орта білім 7-9 сыныптар, толық орта 

білім 10-12 сыныптар. міндетті білім беру 16 жасқа дейін бекітілген. Толық орта білімді жас 

ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың 90% меңгереді. Алғашқы кәсіби білім беру орта мектептің 

жоғары сатысындағы 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады. мектептегі білім беру ағылшын 

және француз тілдерінде жүргізіледі. мектептегі білім алу ақысыз болып табылады. он жылдық 

оқу міндетті болып табылады, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13) сыныптарда жалғастыра 

алады, қаламаса колледжге барып оқуға құқығы бар.  

Финляндиядағы  білім  жүйесін  сәтті  және  дер  кезінде  реформалау  нәтижелері  осы  елдің 

экономикасының өсуіне, елдегі әлеуметтік дамуды жасауға, технологияда, ғылыми зерттеулерде 

инновациялық  пәрменді  саясатты  жүзеге  асыруға,  нәтижесінде  соңғы  он  жылдықтың  ішінде 

әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарына енуге мүмкіндік берді. Бұл елдегі мұндай жетістіктерге 

ең  алдымен  білім  саласын  дамытуға  бүкіл  қоғамды  жұмылдыру,  мемлекеттік  қаржыландару, 

мұғалімдердің айлық жалақысын 2-3 мың евроға дейін көтеру (біздің елдегіден 20-23 есе көп), 

оқушылар  мен  студенттерге  стипендия  тағайындау,  оларға  тұрғын  үй  үшін  айына  500  евро, 


12

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

оқушылардың  дене  шынықтыруы,  денсаулығына  қамқорлық  жасау,  үй  тапсырмасын  азайту, 

саламатты өмір салтын қолдау, білім берудің ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен 

кіріктіру, оқу үдерісін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізуде. 



Норвегияда  1994  жылдың  тамызы  мен  1998  жылдар  аралығында  орта  білім  берудің  толық 

реформасы  жүргізілген.  Норвегияда  мемлекеттік  мектептер  басым  болғандықтан,  ондағы 

білім алу ақысыз болып табылады. Толық орта білімді меңгеру 13 жылға дейін ұзартылған. он 

жылдыққа бастауыш және орта сыныптар жатса, қалған үш жылда жоғары сыныптар оқытылады. 

Бастауыш мектепте сурет, музыка, математика және физика, ағылшын тілі мен ана тілінен басқа  

христиандық дінтану, үй экономикасы және таңдау пәнін міндетті түрде оқиды [6]. Норвегиялық 

мектептерде  оқушыға  баға  қою  тек  8  сыныпта  ғана  басталады  12-13  жаста.  8  сыныпта  баға 

қоюмен  қатар  жаңа  пәндерде  енгізіледі:  бухгалтерлік  есеп,  экономика,  әрі  алғашқы  кәсіби 

бағдар беретін пәндерде қарастырылған. мұғалім оқушының жетістіктерін арнайы дәптерлерде 

жинақтайды,  егер  қажет  болса  оқушыда  оқу-тәрбие  үдерісі  барысында  кездейсоқ  жағдайлар, 

көкейкесті мәселелер туындаса мұғалім ата-анамен жазбаша түрде байланыс жасай алады. 16 мен 

19 жас аралығындағы оқушылардың толық орта білімді тәмамдап шығуы заңды түрде бекітілген, 

ол  3  жылдық  білім  берумен  шектеледі.  Жоғары  сыныптарда  кәсіби  бағдар  беру  тереңнен 

қарастырылады.  Әрбір  мектепте  екі  негізгі  міндетті  бөлімдер  бар:  академиялық  және  кәсіби 

шеберлік.  кейбір  жағдайларда  мектептегі  оқу  бағыты  үшке  бөлінеді:  академиялық,  дәстүрлі, 

кәсіби шеберлік пәндер (құрылыс ісі, жөндеуші) болып табылады. Бір жыл ішінде 36 оқу аптасы 

жоспарланған. Бастауыш мектепте 20 оқу сағаты бекітілген, ол: математика - 4, норвеж тілі - 6, 

табиғаттану - 1, ағылшын тілі - 1, сурет өнер, еңбек, дене тәрбиесі, музыка 1-2 сағаттан және 

дінтану 2 сағат болып жоспарланған. Әрбір сыныпта 10 оқушы оқиды, кейбір жағдайда 1-2-ші 

сыныптар мен 3-4 сыныптар біріктіріледі. оқу жоспарын мұғалімдер мемлекеттік бағдарламаға 

сүйене отырып жарты жылға жоспарлайды, ал әр аптаның жұмасында әр пәнге сәйкес тақырыптар 

таңдалады. Журналдар жоқ, мұғалімдер тақырыптық және күнтізбелік жоспарлар жазбайды. 

Жоғары  сыныптарда  оқушылардың  мектепті  бітіріп  Жоо-ға  түсуіне  көп  көңіл  бөлінген. 

Бұл  жоғарғы  сыныптарда  оқушылардың  өздері  таңдаған  пәндері  сабақ  кестесіне  қойылып 

жүргізіледі. егер бірінші оқу жылында апталық оқу жүктемесі 30 сағатқа тең келсе, келесі жылы 

бұл сағат өзгертіледі. екінші жылы 18 сағат міндетті пәндер қойылса, қалған 12 сағат оқушының 

таңдаған пәні оқу жүктемесіне енгізіледі. Ал, үшінші жылы аталмыш оқушылар міндетті пәнге 

аптасына тек 14 сағат бөліп, қалған 16 сағатты өздерінің таңдаған пәндерін меңгеруіне рұқсат 

етіледі. оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін Норвегияның емтихандық 

секритариаты таңдау емтихан-сынағын жүргізеді. Аталмыш уақытқа екі күн қалғанда мектепке 

арнайы оқушылардың тізімі бар конверт жіберіледі, аталмыш тізімдегі оқушылар ғана емтихан 

тапсырады. ережеге сәйкес бірінші жылғы оқуда оқушылардың тек 10%-ы, екінші жылдан кейін 

25%-ы,  мектепті  бітіргенде  50%-ы  емтихан  тапсырады.  емтиханның  негізгі  мақсаты  ұлттық 

білім деңгейін анықтау болып табылады. Негізгі мектепті бітіргенде оған тағы міндетті екі 

емтихан  қосылады,  ол  -  норвеж  тілі  мен  таңдауы  бойынша  бір  пән  тапсырылады.  Негізгі 

мектепті бітіргенде 80% оқушылар Жоо түседі, ал 20% колледждердің студенттері қатарына 

қосылады.  Норвегияда  университеттер  мен  колледждерге  түсуге  емтихан  тапсырылмайды. 

Жоо түсуде оқушының мектепті бітіруі туралы алған аттестаты негізгі рөл атқарады.  



Дүние  жүзінде  орта,  жалпы  білім  беру  келесідей  бағыттарда  жүзеге  асырылатындығы 

анықталды, олар: 

1.  Барлық  балаларға,  жастарға  бірдей  білім  беру:  білімнің  ашықтығы,  біліммен  ақпарат 

алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы. 

2.  оқу  бағдарламаларының  оқушының  жеке  басының  қызығушылығы  мен  талғамдарын 

ескеруге,  дамытуға,  олардың  бойында  жалпы  оқу  іскерліктерін  қалыптастыруға,  сондай-ақ  әр 

оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен 

оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.

3.  оқушының  отбасылық  экономикалық-әлеуметтік  жағдайына,  жынысына,  қоғамдық 

мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген. 

4.  Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол 

сілтеу болып табылады. 

Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшуде 

Қазақстан мектептерін:

1.  Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды.

2.  оқу жүктемесінің бір жылға созылуы жеңіл болады.

3.  кәсіптік білім береді.



13

№ 5 (78) 2010

4.  Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді. 

Қорыта  келгенде,  әр  елдің  білім  беру  мен  тәрбие  саласындағы  өзіндік  ерекшелігі  мен 

артықшылығы,  тіпті  кемшілігі  де  болады,  осы  себепті  де  біз    Қазақстан  республикасындағы 

оқушыға  білім  беру  мен  тәрбиені  жан-жақты  дамыту  мақсатында  Шетелдік  12  жылдық  білім 

берудің тек жағымды жақтары мен тиімділігін алуымыз қажет екендігін ескеруіміз қажет. 



паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. 


Дружинский  А.Н.  международный  опыт  12-летнего  среднего  образования  //  Научное 

обеспечение  функционирования  12-летнего  среднего  образования.  сборник  международной 

научно-практической конференции. Алматы. -2007. -20-21 апреля. -Ч-1.-с. 45-49.

2. 


иванова  Н.  Теоретико-методолгические  основы  содержания  образования  в  12-  летней 

школе // 12 летнее образование. -2005. -№7. –с. 3-15. 

3. 

садыков Т.с., Абылкасымова А.е. метология 12 летнего образования. – Алматы: рауан, 



2003.-126 с.

4. 


Абылкасымова  А.е.  ушуров  е.А.  омаров  р.с.  развитие  системы  общего    среднего 

образования в современном мире. –Алматы: рАДиАЛ, 2003. -88с.

5. 

кусаинова А. 12-летнее образование: мировой опыт //вестник АПНк. - 2005. - №5. – с.2-



14. 

6. 


Құсайынов А.к. Білім реформасы дамыған елдер тәжірибесі // Білім беру жүйесіндегі 

этнопедагогика. -2007. -№1. -8-13 б. 

редакцияға 15.04.2010 қабылданды. 

                                                                                 



м.Ә.  бҰхаРбаев 

кӘсІби авиаЦиялыҚ бІлІм беРуДІҢ кеЙбІР мӘселелеРІ

In  present  clause  the  questions  of  professional  selection  and  preparations  of  the  air  experts  in 

conditions  of  the  raised  risk  and  influence  of  the  professional  competence  on  successfully  flight  of 

training of the cadets of Military institute are considered.

Қазақстан республикасындағы кәсіби білім берудің дамуы «Қазақстан-2030» бағдарламасы 

талаптарына  негізделеді  және  кәсіби  мемлекеттің  бірден-бір  ұзақ  мерзімді  басымдықтарын 

қарастырады. Қазіргі заманғы қоғамның дамуы оның техникалық және ақпараттық дамуының 

күшінде, басқару мен өндірістің әртүрлі салаларындағы кәсіби мамандардың деңгейі бойынша 

кәсіби  қызметіне  анағұрлым  қатаң  талаптар  қойылады.  сонымен  бірге  еңбектің  гуманизация 

қағидалары,  адамның  жұмыс  істеу  қабілетін  көтеру  үшін,  еңбек  шарттарының  неғұрлым 

жеңілдетілген түрін жасаудың қажеттілігін анықтайды. Өндірістің кейбір салаларын назарға ала 

отырып,  әскери  істе,  транспорттарда  адамдық  фактор  ықпалының  ақпаратты  жинау,  шешімді 

қабылдау мен оны іске асыру басты орында болып табылған жағдайда кәсіби қызмет еңбекті 

басқарушы сипатына ие болады. Авиацияның даму тарихы әуе тасымалының міндетті түрдегі 

экономикалық  өсуі  ұшу  қауіпсіздігі  деңгейінің  көтерілуіне  әкелуі  керек.  отандық  психология 

мен  педагогикада  жалпы  қабылданушы  болып,  дамуындағы  басты  рөл,  кәсіби  маманның 

қалыптасуы мен құрылуы ең басты процесс болып табылады [1]. Алайда, жарты жылдан бері, 

авиациялық  салада  басқа  да  салалардағыдай,  техникалық  білімді  алудың  бастапқы  кезінде 

тұлғаның жеке мінезін және оның болашақ мамандығына сәйкестігін анықтау мақсатында кәсіби-

психологиялық іріктеу қолданылады. Ұшу қауіпсіздігі мәселелерін шешу кезінде адам факторын 

жүйелік  психология  әдістерімен  қарқындату  қазіргі  уақытта  теориялық  және  практикалық 

қиыншылықтармен кездеседі.

Қазіргі  өмірдегі  адам  ролінің  өсуі,  қате  қабылданған  пікірлердің,  немесе  әртүрлі 

ауытқушылықтағы орындаушыларымен қабылданғандары, әрқайсысы үшін белгіленген шектеуден 

шықпағандары,  алайда  олардың  арасындағы  өзара  әрекет  барысының    ақырғы  қорытындысы 

қайғылы  нәтижелерге  әкеп  тірейді,  сондықтан  да  олардың  әлеуметтік  және  экономикалық 

маңыздылығының  ұлғаюына  назар  аудартуы  талап  етіледі.  Ааиациялық  оқиғалардың  негізгі 

себептерінің  бірі  болып  адам  факторы  саналады.  Дегенмен,  адам  факторының  авиациялық 

оқиғалардағы үлесі шамадан тыс жоғары болса да, әуе тасымалының қауіпсіздігі басқа көліктің 

түрлеріне  қарағанда  әдеуір  жоғары.  Қасиеттердің  кәсіби-маңызды  ұғымын  енгізу,  тәуекелдік 

пен қауіптің жоғары деңгейіндегі өндіріс саласындағы тұлғалар үшін, сондай-ақ басқару саласы 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет