Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
176 
Ақын өзгере отырып, басқа нəрсеге, басқа мағынаға айналуға тиіс 
процестерді ұлтымыздың салт-дəстүрлік, наным-сенімдік қасиет-
терінен  тануға  тырысады.  Мысалы  «Анадан  алғаш  туғанымда» 
деп, басталатын өлеңінде белгілі бір қалыпты құбылыстың себеп-
салдарға  тəуелділігі  ғана  емес,  сол  тəуелділік,  қажеттілік, 
қатыстылық  тудырар  өзгерістердің  нақты  символика-лық 
белгілері  де  жасалған.  Онда  «тамақ  пен  киім,  аттың  керектігі», 
«өмірдің  қиындығын»  сездіртсе,  ананың 
«кіш-кіш»  деп 
күлдіргені,  «мазаққа  талай  көнетіндігін»  аңғартады,  ал  сəбидің 
дүниеге келген кезіндегі ораған ақ жөргегін «кебінінің де сондай 
бұйымнан» 
болатынымен, 
баланы 
«құндағына 
қуыстап 
салғанын»,  кіретін  көрге  ұқсайтындығымен  салыстырады.  Бұған 
қарап отырып, əлемдік əйгілі философтар сияқты Шəкəрімнің де 
диалектикаға  қарама-қарсы  əдістің  бірі  метафизикалық  ілімді 
қатты  сынға  алғанын  көреміз.  Таным  əліппесі  қисыннан  бастап, 
дəлелге 
дейінгі 
барлық 
философиялық 
категорияларды 
жүйеленген  тұтастықта  қарап,  зерттеуге  тырысқан,  сондай-ақ 
оның  ең  бастылары  ақиқат,  шындық,  жан,  себеп-салдар, 
ықтималдық,  материя,  фрейдизм  (нəпсі-құмарлық,  психология) 
туралы  ақтық  дұрыс  көзқараста  болып,  байламды  айқындама 
жасаған  ақын  еңбегі  бүгінгі  ұрпақ  үшін  сарқылмас  қазына.  Сол 
кезеңдегі  өз  ортасының  озық  ойлы  азаматы  болған  Шəкəрімнің 
кейіннен де өзі мойындайтындай «өлеңінің сырты ащы, іші тəтті» 
болуы  əрдайым  өзекжарды  ақиқатты  айтуға,  жұртшылықты 
əманда  ақиқатты  тануға  шақыруы  деп  түсінуі  керек.  Бұл  жүкті 
тек  «жаралыс  жұмбақтарына»  талдау  жасайтын,  философия 
ғылымы  еңсеретінін  ақын  өзінің  ұлы  философ  екендігімен 
дəлелдеп шықты. 
 
 
Зарлықова Қ., Маканова А. 
Қ. И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ОРЫС ТІЛДІ АУДИТОРИЯДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ 
ТИІМДІ ТƏСІЛДЕРІ 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
177 
 
Қазақ  тілінің  мəртебесі  күннен  күнге  артып  келе  жатқан 
бүгінгі  таңда  орыс  топтарында  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді 
əдістерін  тауып,  заманға  сай  жетілдірудің  маңызы  зор.  Осы 
орайда  өткен  ғасырдың  басындағы  лингвистикалық  немесе 
педагогикалық білімі болмағанмен, өз бетінше білімін жетілдіре 
отырып,  бала  оқытуға  қатысты  əдебиеттермен  жан-жақты 
таныса  отырып,  ескіше  оқыту  əдістерінің  орнына  жаңа  жол 
ұсынған алаш зиялыларының еңбектерін зерделеудің мəні зор.  
Өткен  ғасырдың  басы  қоғамдағы  түрлі  өзгерістер  мен 
толқулардың кезі болғаны мəлім. Тұтастай алғанда, ол дəуір мен 
қазіргі кездің бірқатар ұқсас жақтары да болды. 1923 жылы Тіл 
туралы  декрет  қабылданып,  қазақ  тілі  орыс  тілімен  қатар 
мемлекеттік  дəрежеге  ие  болды.  Мемлекеттік,  қоғамдық 
орындарда  іс  қағаздары  қазақ  тілінде  де  жүргізіле  бастады, 
«қазақыландыру»  науқаны  басталды.  Қазақ  тілінің  қоғамдық 
қызметі  артуына  байланысты  қазақ  тілінде  оқулықтар  шығару, 
мектептерді  қазақ  тілінде  жазылған  оқулық,  оқу  құралдарымен 
қамтамасыз  ету,  қазақ  тілінде  сабақ  беретін  мұғалімдер 
дайындау,  орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  міндетті  пəн  ретінде 
оқыту сияқты шаралар жүзеге асырыла бастады /1/.  
Бұл  мақалада  əңгіме  өзегі  Қ.Кемеңгерұлының  «Оқу 
құралы»  атты  орыс  топтарына  қазақ  тілін  үйретуге  арналған 
еңбегі туралы болмақ. Кітап 2 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімі 
Ташкенде  басылып  шықса,  екінші  бөлімі  Алматы  қаласында 
басылып  шыққан.  Еңбектің  ұстанған  принципі,  мақсаты, 
қолданған  əдіс-тəсілдері  мүлде  тың  болуына  байланысты 
Қ.Кемеңгерұлы  кітаптың  алғысөзінде:  «бұл  кітап  –  тұңғыш 
еңбек»,  -  деп  жазады  /2/.  Еңбектің  бүгінгі  осы  типтес  оқу 
құралдарынан басты айырмашылығы – тыңдаушы позициясына 
ерекше  мəн беруінде.  Автор  баланы  айналасындағы  бор,  тақта, 
еден, терезе т.с.с. нəрселермен таныстыра отырып, күрделендіре 
түсіп,  соңында  газет-журнал  оқып-түсіну  деңгейіне  жеткізуге 
талаптанған. Яғни күнделікті көріп, қолданып жүрген заттармен 
таныстырудан бастап, құлағын үйретіп, тілін жатықтырады да өз 
ойын еркін жеткізу, газет материалдарын түсініп оқу, оқығанын 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
178 
айтып  беру  деңгейіне  дейін  жеткізеді.  Ғалым  Ганчина, 
Фриденберг,  Мамуна,  Кестере  т.б.  шебер  əдіскерлердің 
еңбектерімен  жан-жақты  танысып,  қазақ  тілін  оқытуда  да 
пайдаланады.  Мəселен,  жоғарыда  аталған  «Оқу  құралында» 
Мамунаның  «Алғашқы  жылдарда  оқыту  əдісі  мен  проғрам» 
атты əдістемелік нұсқауын шебер пайдалана білген.  
Орыс  топтарына  арналған  бүгінгі  таңдағы  еңбектердің 
басты кемшілігі – грамматикалық материалға көп орын беріліп, 
баланың  ойын  еркін  жеткізу,  сөздік  қорын  жүйелі  түрде 
молайту,  тіл  дамыту,  тіл  ұстарту  жаттығуларына  көп  мəн 
берілмеуінде.  Орыс  тұрғыдан  келгенде,  Қ.Кемеңгерұлының 
еңбегі  осы  олқылықтың  орын  толтыруға  көмектесер  еді.  Яғни 
ғалым 
еңбегі 
қазақ 
тілінің 
өзіндік 
ерекшеліктерін, 
заңдылықтарын  түсіндірумен  қатар  қазақ  тілінде  еркін  сөйлеп, 
ойын жеткізе білуге, сауатты жаза білуге, оқығандарын түсініп, 
еркін  аудара  алуға  дағдыландыруды  мақсат  еткен.  Дайын 
əдістемелік 
нұсқаулардың 
болмауына 
байланысты                          
Қ.  Кемеңгерұлы  «Оқу  құралының»  дəйектемесінде  оқытушы-
ларға оқыту əдістерін де түсіндіріп отырады. Ғалым еңбектің үш 
жылдық  бағдарламаға  негізделгенін  айта  келіп,  əр  жылда 
оқылатын  материал  мен  қолданылатын  əдіс-тəсілдерді  «оқу 
реті»,  «жазу  реті»,  «сөйлесу  реті»  бойынша  нақтылап  көрсетіп 
береді.  Кітаптағы  барлық  материал  оқушының  деңгейіне 
сəйкестендіріліп берілген. Яғни грамматикалық материалдар да, 
тіл  дамытуға  арналған  материалдар  да,  кітап  соңындағы 
сөздіктер  де  (мақалалы,  əліпбилі)  бірізділікпен  күрделеніп 
отырған.  
«Оқу  құралының»  өзіндік  ерекшелігін  нақтырақ  түсіну 
үшін  А.Байтұрсынұлының  еңбектерімен  салыстыра  сөз  еткенді 
жөн  көрдік.  Себебі  А.Байтұрсынұлы  қазақ  мектептеріне  ана 
тілін оқыту əдістемесінің негізін салушы болса, Қ.Кемеңгерұлы 
орыс  топтарына  қазақ  тілін  оқытудың  негізін  салушылардың 
бірі.  Екі  ғалымның  да  еңбектері  қазақ  тілін  оқытуға 
арналғанымен,  əрқайсысының  ұстанған  позициясы,  мақсаты, 
принциптері  екі  түрлі.  Екі  ғалым  да  шебер  əдіскер  ретінде 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
179 
оқулықтарының  кімге  арналғанын,  адресанттың  қабылдау 
ерекшеліктерін айрықша назарда ұстаған.  
1)
 ең  алдымен,  А.  Байтұрсынұлы  еңбектерінің  негізгі 
мақсаты  –  балаларға  ана  тілінің  өзіндік  ерекшелігін  түсіндіру 
болса,  Қ.Кемеңгерұлының  еңбектерінде  оқушыларды  қазақша 
еркін  сөйлеп,  ойын  жеткізе  алу,  көлемді  мақалаларды  түсініп 
оқу деңгейіне жеткізу көзделген. 
2)
 Қазақ  тілі  заңдылықтарын  түсіндіруде  орыс  тілінің 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жеңілден  –  қиынға,  таныс 
нəрседен – бейтаныс нəрсеге қарай ойысып отырған 
3)
 А.  Байтұрсынұлы  еңбектерінде  алдымен  ереже,  кейін 
пысықтау 
жұмыстарына 
ерекше 
мəн 
берілсе,                                            
Қ.  Кемеңгерұлының  əдістемесі  бойынша,  балалар  мысалдарды 
талдау  арқылы  ережені  өздері  шығарады  да  мұғалім  оны 
қорытады.  
4)
  А.Байтұрсынұлы еңбектерінде грамматикалық ережелер 
бірізділікпен  берілсе  (мысалы,  бір сөз  табын  толық  түсіндірген 
соң басқа сөз табына ауысу т.б.), Қ.Кемеңгерұлының кітабында 
олар 
оқушының 
қабылдауына 
ауыр-жеңілдігіне 
қарай 
орналасқан.  Кітаптың  дəйектемесінде  ғалым  қазақша  оқып 
жүрген  еуропалықтар  үшін  ең  қиыны  –  тəуелдеу  мен 
есімшелердің  септелуі  екендігін,  соған  байланысты  тəуелдеуді 
екінші  жылға,  септеуді  үшінші  жылға  қалдырып  отырғанын 
айтады.  
5)
 Қ.  Кемеңгерұлының  «Оқу  құралының»  бірінші  кітабы-
ның соңында əліпбилі тілмаш берілсе, екінші кітаптың соңында 
мақалалық  тілмаш  берілген.  Əр  сөздіктің  өзіндік  мақсаты, 
көтерген  жүгі  болған.  Яғни  əліпбилі  тілмашта  жекелеген 
сөздердің  баламасы  берілсе,  мақалалық  тілмашта  тұтас 
тіркестердің,  сөйлесімдірдің  (выражение)  аудармалары  беріліп 
отырған. Бұл да – бүгінгі таңдағы əдіскерлердің назарынан тыс 
қалып  жүрген  тұстардың  бірі.  Яғни  алғашқы  жылдары  оқушы 
нақты  сөздердің  аудармасын  түсініп,  аударуға  дағдыланса, 
кейінгі жылдары мақалалық тілмаш арқылы қазақ тілінің сөйлем 
құрылымына сəйкес тұтас фразаларды, тұрақты сөз тіркестерін, 
тұтас ойды аударуға машықтанады.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
180 
Əдіскер  əр  жылда  қандай  материалды  қалай  оқыту 
керектігін айта келіп: «Алғашқы жылы сабақтың негізі сөйлесу 
болады.  Алғашқы  жетілер  оқушылардың  тілін  жаттықтыру, 
құлағын  үйретумен  өткізіледі.  Содан  кейін  ғана  тақтаға  толық 
сөйлем жазып, оқыту жағына кіріседі. Сөйлесу де, жазып оқыту 
да осы кітаптағы І баптан басталады. ІІ семестрде кітаптың өзін 
оқытуға  кірісу  керек.  Əр  мақаладағы  сөздердің  мағынасы  күні 
бұрын оқушыларға таныс болуы керек»- дейді /2/. Бұл жағынан 
алғанда  да  Қ.Кемеңгерұлы  мен  А.Байтұрсынұлының  ұстанған 
бағыттары бірдей. А.Байтұрсынұлы «Баяншы» деген еңбегінде: 
«...  Оқуы  тəртіпті  жұрттар  балаларға  харіп  көрсетпей  тұрып, 
əуелі  дыбыспен  жаттықтырады.  Дыбыспен  жаттықтыруға  көп 
уақыт  кетпейді,  онан  келетін  пайда  көп:  дыбыстарды  тізіп 
үйренсе,  харіптерді  тізу  қиын  болмайды.  Сөздің  ішінде  қанша 
һəм  қандай  дыбыстар  екенін  айыруды  білсе,  харіптерін  қою 
қиын  болмайды,»  -  дейді  /3/.  Бұл  да  –  бүгінгі  əдіскерлер  мен 
оқулық авторлары ескеруі қажет тұстардың бірі.  
Бүгінгі  таңдағы  орыс  топтарына  қазақ  тілін  оқытуға 
арналған оқулықтар мен оқу құралдарындағы ескерілмей жатқан 
жақтардың бірі – тыңдаушы позициясы. Қ.Кемеңгерұлының тіл 
дамыту,  тіл  ұстартуға  арналғкан  материалдардың  орналасуы, 
грамматикалық  жаттығулардың  орын  тəртібі,  əліпбилі, 
мақалалы  сөздіктер,  олардың  берілуі  т.с.с.  жақтары  бүгінгі 
таңдағы  əдіскер  ғалымдардың  назарынан  тыс  қалуда.  Сол 
себепті,  біріншіден,  шет  тілді  аудиторияға  қазақ  тілін  оқытуға 
арналған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  дайындау  ісін 
жетілдіре түсу үшін, екіншіден, ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
зиялыларының  ұстанған  əдістемелік  принциптерін  айқындау 
үшін осы кезеңдегі ғалым мұраларын талдаудың маңызы зор.  
 
Əдебиеттер 
1.
  Орталық мемлекттік мұрағат 81-қор, 13-14-беттер 
2.
  Кемеңгерұлы Қ. Оқу құралы Ташкент, 1928. Алматы, 1929 
3.
  Байтұрсынұлы А. Баяншы Қазан, 1920 
 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
181 
Заурбекова Г.Ө. 
Қ.И.  Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
СТУДЕНТТІҢ СӨЗДІК ҚОРЫ ЖƏНЕ ОНЫ БАЙЫТУДЫҢ  
КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ 
 
Қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту мəселесі бойынша 
қордаланып отырған проблемалар емес. Соның ішіндегі студент 
сөздігі  төңірегінде  мəселе  осы  мақаланың  басты  арқауы  болып 
отыр. Шын мəнісінде, студент сөздігін қалай байытуға болады? 
Бұл  сұраққа  жауап  іздегенде  алдымен  сұрақты  ашық  та  дұрыс 
қоя  білу  керек.  Бұл  проблеманы  талқылау  үшін  келесі 
мəселелерге  тоқталамыз.  Жоғары  оқу  орындарында  рецептивті 
лексиканы  оқытудың  міндеттерін  дұрыс  қоя  білу  керек. 
Рецептивті 
лексикалық 
минимум 
жəне 
оны 
іріктеу 
принциптеріне  тоқталсақ.  Бұл  жөнінде  айтылған  пікірлер, 
əсіресе  сөз  туралы  айтылған  белгілі  əдіскер-ғалымдардың 
пікірлері  тəжірибе  деңгейінде  маңызды,  өте  жоғары  бағалы. 
Мəселен, Ф.Оразбаева «Сөз сөйлеу, пікір алысуды үрдісіндегі ең 
басты тұлға. Сөз жеке тұрғанда, заттың, сынның, қимылдың т.б. 
атауы  болып  номинативті  қызмет  атқарса,  тіл  арқылы  қарым-
қатынаста  белгілі  бір  жағдайға,  ортаға  байланысты  жұмсалып, 
қарым-қатынастық  қызмет  атқарады.  Тіптен  контекссіз  дербес 
қолданылып,  грамматикалық  тұлға  ретінде  əртүрлі  дауыс 
ырғағымен  айтылса  да  əрі  хабарлау,  əрі  қабылдау  мəніне  ие 
болады.  Осындай  жағдайлардың  барлығында  сөз  белгілі  бір 
ойды  білдіре  келіп,  екінші  адамның  санасы  арқылы 
қабылданады.  Қандай  болсын  хабарды,  деректі,  ойды 
қабылдаған адам оған жауап қайтаруға тырысады» дейді [1].  
Лексикалық  материалдарды  іріктеу,  сұрыптау  жөнінде 
Қ.Қадашева  «Қатысымға  түсуге  үйрететін  тақырыптар  аясында 
лексикалық  минимумдар  ұсынылады.  Мұндай  лексикалық 
минимумдар мынадай тақырыптарды қамтиды: адам жəне өмір, 
оқу-кəсіп,  білім  жүйесі,  уақыт,  мезгіл,  саяхат,  коммуникация, 
жастар мəселесі, абстракциялық ұғымдар жəне т.б.» деп жазады 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
182 
[2]. Сөздерді жаттау мəселесі бойынша орыстың əдіскер-тілшісі 
П.П.Литвинов  «Основной  проблемой  при  изучении  любого 
иностранного языка является заучивание слов. На решение этой 
проблемы уходит 70-80% времени и усилий при освоении слов 
минимума (3000 слов). Изучение слов происходит параллельно с 
выработкой  умения  и  навыков  построения  предложений  и 
восприятия речи на слух» деп жазады өз еңбегінде [3]. Арнаулы 
əдебиеттермен  танысу  жəне  жылдардың  үлесіндегі  тəжірибеге 
сүйене  отырып,  тіл  үйренудегі  сөзқолданыс  жəне  оған  қол 
жеткізу  үшін  сөзді  үйрену  мəселесі  өте  күрделі  де  маңызды 
мəселе екендігін айтамыз. 
Оқытушы  студенттерге  арналған  рецептивті  лексикалық 
дағдыны  қалыптастыру  жəне  жетілдіруге  арналған  жаттығулар 
кешенін  үлкен  дайындықпен  əзірлеп  ұсынады.  Біздің  көзіміз 
жеткені  -  студент  сөздігін  байыту  жолдары  бар,  ол  біріншіден 
студенттің потенциалды сөздігін қалыптастыру керек, екіншіден 
оқып  үйренген  лексикалық  материалды  жүйелендіру  қажет. 
Жүйесіздік нəтижесіздікке алып келетіні белгілі нəрсе. 
Алдымен  қарастыратын  ұғымдардың  түсініктемесін  беріп 
алайық.  Рецептивті  (пассив)  лексикалық  минимум  –  тілдік 
қызметтің  рецептивті  түрлерінде  студент  ұғуға  тиісті  лексикалық 
бірліктер [2]. 
Сөздік  –  белгілі  бір  тілдегі  сөздердің  (сөз  тіркестерінің, 
идиомалардың)  жиынтығын  көрсететін  анықтамалық  еңбек. 
Сөздіктегі  сөздер  белгілі  бір  тəртіппен  орналасады  жəне  олар  не 
мағыналары жағынан түсіндіріледі, не екінші тілге аударылады [4]. 
Потенциалды  сөздік  –  студенттің  тілдік  тəжірибесінде 
əзірге  кездеспеген,  тілдік  пайымдау  негізінде  оларға  түсінікті 
болуы мүмкін [4]. 
Рецептивті  лексикалық  дағды  –  жазбаша  жəне  ауызша 
мəтінде лексикалық бірлікті тану жəне түсіну дағдысы [2]. 
Оқытушы  студенттің  сөздік  қорының  баюы  үшін  активті 
жəне  рецептивті  лексикалық  минимумды  іріктеу  принциптерін 
салыстыруы  жəне  негізгі  ерекшеліктерін  ажыратып  көрсетуі 
керек. Оған қоса рецептивті лексиканы таныстырудың тəсілдері, 
амалдары  бар  болса,  ол  қандай  амал?  Сараптап  көру  қажет. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
183 
Оның  лайықты  шешіміне  жету  үшін  қарастырған  əдебиеттер 
бойынша  толықтырып  отыру  керек.  Оқытушы  ұсынатын 
жаттығуларды  сараптап,  олардың  əрқайсысының  мақсатын 
анықтауы  тиіс.  Қарастырған  əдебиеттер  негізінде  əр  оқытушы 
студенттің  потенциалды  сөздігін  қалыптастыру  амалы  қандай 
екендігін  көрсетуге  тиіс.  Осы  проблеманы  зерттеу  нəтижесін 
қорытындылап,  тірек  конспектіні  толтырып  отыру  қажет. 
Оқытушыға студент пен сөздік мəселесі төңірегінде оқу-зерттеу 
тапсырмаларын  орындап  отырған  жағдайда  мына  нұсқауларды 
назарда ұстауы қажет сияқты: 
Студенттерге  олардың  потенциалды  сөздігін  кеңейту  үшін 
оқулықта,  оқу  құралында,  жаттығулар  жинағында  берілген 
ескертулерді  оқып  шығып,  толықтырып  отыру  керек.  Оның 
пайдасы үлкен. 
Оқытушы сабақ фрагменті мен оқыту əрекетінің бірізділігі 
жобасы  негізінде  сабақ  фрагментін  əзірлегенде  төмендегі 
тапсырманың бірін таңдау қажет: рецептивтік лексикалық дағды 
немесе қарастырған лексикалық материалды жүйелендіру керек. 
Жоғары  оқу  орны  студенттерінің  рецептивті  лексикалық 
дағдысын  қалыптастыру  бойынша  оқытушы  мен  студенттердің 
əрекеттерінің 
бірізділігі 
жобасын 
жасағанда 
төмендегі 
əрекеттерді жүзеге асырамыз: 
Бастапқы  кезде  жаңа  лексикалық  бірліктермен  танысу 
мəселесіне  дұрыс  көңіл  бөлеміз,  мұнда  Лексикалық  бірілікті 
тыңдау  арқылы  ұсыну  керек  (  тілдік  үлгілерде,  аудиомəтінде  ) 
немесе жазбаша контексте (тақтада, карточкада, оқулықта) беру 
қажетті.  Екіншіден  туынды  сөздерді  таныту  үшін  ереже-
нұсқауларды,  ескертпелерді  студентке  хабарлау  қажет. 
Лексикалық  бірліктің  мəнін  студенттердің  анықтауы  үшін 
мынадай тапсырмаларды орындатуға болады: 
а ) тыңдау арқылы: 
-  дыбысталуына  қарай  бұрын  жатталған  лексикалық 
бірліктің мəні ортақтас екенін анықтаңыз; 
- дефинициясы (лат. Definito анықтау) – белгілі бір термин 
не  сөз  арқылы  бейтаныс  басқа  терминнің  мағынасын  ашу  ) 
бойынша сөздің мəнін ашыңыз[5]. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
184 
-  екі  сөйлемде  қолданылған  синонимдер  мағынасындағы 
айырмашылығын орыс тілінде түсіндіріңіз. 
ə ) грамматикалық тұлғасына қарай ауызша түрде: 
-  сөзді  оқи  отырып,  оның  қандай  түбірден  туындағанын 
айтыңыз; 
-  тұлғасы  бойынша  ажыратып  көрсеткен  сөз  қандай  сөз 
табына жататынын анықтаңыз; 
- күрделі сөздерді компоненттерге бөліңіз, т.б. 
б) семантикалық қасиетіне қарай ауызша түрде: 
-  берілген  сөздер  қатарынан  синонимдерді,  антонимдерді 
табыңыз; 
- нақты тақырыпқа қатысты сөздерді табыңыз. 
Екінші  кезең  бойынша  сөздерді  қазақ  тіліндегі  айтылым 
үлгісі  бойынша  дұрыс  айтқызып  жаттықтыру  қажет.  Қазақ 
тілінің  төл  дыбыстарын  жаттықтыру  кезінде  сондай-ақ 
транскипциямен  жұмыс  істеуге  арналған  жаттығу  жұмыстарын 
орындау қажет. 
Студенттің  лексикалық  бірлікті  жеке  жəне  байланысты 
контексте 
айта 
алу 
мүмкіндігіне 
жету 
үшін 
мына 
тапсырмаларды орындату қажетті: 
-  оқытушыдан  кейін  сөзді,  сөйлемді  қайталаңыз,  олардың 
дыбысталуына мəн беріңіз; 
- тастап кеткен əріптерді орнына қойып сөзді жазыңыз;  
- мына əріп қай дыбыстың таңбасы?; 
-  дыбысталуындағы  ерекшеліктерге  мəн  бере  отырып  , 
бірнеше сөзді оқыңыз, т.б. сияқты тапсырмаларды береміз. 
Студенттің жаңа лексикалық бірлікпен тілдік жəне шартты-
тілдік  қойылымдық  жəне  трансформациялық  жаттығуларды 
орындауы үшін: 
-  келтірілген  компоненттерден  үлгілер  бойынша  күрделі 
сөздерді құрастырып, оларды жазыңыз; 
-  берілген  зат  есімге  қажетті  сын  есімді  тауып  қойыңыз 
жəне керісінше; 
- келесі сөйлемді өзгертіңіз ..; 
- анықтауышын қысқартып сөйлемді ықшамдаңыз; 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
185 
-  жаңа  сөздерді  қолдана  отырып,  үлгі  бойынша  келесі 
сөйлемді  ұлғайтыңыз  деген  сияқты  жаттығу  түрлерін  орындау 
керек. 
Сөздіктен  керек  сөзді  іздеу  дағдысын  студентке  меңгерту 
үшін: 
-  асты  сызылған  сөздерді  сөздіктен  қарап,  оқып  шығу, 
жазып алу; 
-  сөйлемдерді  оқыған  кезде  контекстке  сүйеніп,  оның 
мағынасын білуге тырысыңыз. Сіз шамалаған сөздің мағынасын 
сөздіктен  қарап  тексеріңіз  деп  тапсырма  береміз.  Осылай 
жаттықтырылған  лексикалық  бірлік  адам  жадында  жақсы 
сақталып қалады. 
Келесі  кезеңде  оқу  жəне  тыңдау  процесіндегі  лексикалық 
бірліктердің  қолданылуына  мəн  береміз.  Бұны  рецептивті 
лексикалық дағдының жетілдірілуі деп түсіну керек. Құрамында 
жаңа  сөздер  кездесетін  мəтінді  оқып  жəне  тыңдап  шығу,  тіл 
үйренушінің  түсінгеніне  бақылау  жасау  оң  нəтиже  беретін 
əдістің бірі. 
Сөз  жеке  тұрғанда  –  тілдік  тұлға,  сөйлем  құрамында, 
мəтінде қолданылғанында – қатысымдық тұлға болып табылады 
[1].  Шын  мəнісінде  сөйлем  деңгейіне  оң  қадам  жасау  қажет 
болса,  ол  үшін  тілдік  тұлға  ретінде  сөздердің  жүйелі  түрде 
дұрыс  меңгерілуіне  жете  көңіл  бөлінуі  керек.  Сөздік  қоры 
қомақты  тіл  үйренушінің  еңбегі  зая  кетпейтіні,  есте  қалған 
сөздердің  адам  баласының  іс-тəжірибедегі  кəдесіне,  қажетіне 
жарап жататыны белгілі. 
 
Əдебиеттер 
1.  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас.  Алматы:  Сөздік-Словарь, 
2005 
2.  Қадашева  Қ.  Қазақ  тілін  оқыту  əдістемесі.  Алматы: 
Мұрагер, 2005 
3.  Литвинов  П.  Как  быстро  выучить  много  английских 
слов. Москва: АЙРИС ПРЕСС, 2007 
4. Қазақ тілі энциклопедиясы. Алматы: 1998  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
186 
5.  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  түсіндірме  сөздігі. 
Алматы: Сөздік-Словарь, 2005 
 
 
Б.Н. Искакова 
Қ. И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ – ОҚУ МЕН ТƏРБИЕ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет