Г. И. Бейсенова


-18-дәріс. Педагогикалық информатиканың физиология және социология, философия және психология ғылымдарымен байланысы



бет12/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
17-18-дәріс. Педагогикалық информатиканың физиология және социология, философия және психология ғылымдарымен байланысы.
Педагогикалық информатика физиологиямен де байланысты. Адам организмінің функционалдық жүйелерінінің тіршілік әрекеті туралы ғылым - физиология - адамның материалдық энергетикалық дамуын көрсетеді. Әсіресе, адамның физиологиялық және психикалық дамуын басқару механизмін түсіну үшін жоғарғы жүйке әрекетін басқару заңдылығы аса маңызды болып табылады. Баланың, жеткіншектің, жастардың, ересек адамның және өзінің физиологиялық даму процесін білу орта мен әдістеменің заңдылықтарына тереңнен бойлауға әкеледі. Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруда, орындалатын әрекеттердің ауырлығын анықтауда, оқушыларға және өзіне қойылатын талаптарды айқындауда қате шешім қабылдаудан сақтайды.
Педагогикалық информатика социологиямен өзара байланысты. Социология бір тұтас жүйе ретінде қарастырылатын қоғам туралы, оның жеке құрамдас бөліктері туралы, қазіргі қоғамның басқарылуы мен даму процесі туралы ғылым ретінде білім беруді ақпараттандыру процесімен сипатталатын білім беру саласын да қамтиды.
Қоғамды ақпараттандыру азаматтардың, мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың ақпараттық қажеттілігі мен құқығын жүзеге асыруды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде қанағатандыратын тиімді жағдайларды құруға бағытталған.
Қоғамды ақпараттандыру процесі әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардың өзекті проблемаларының бірі болып табылады және әлі күнге дейін жете зерттелмеген. Аз уақыт өткенге дейін қоғамды ақпараттандырудың аспектілерін, процестері мен заңдылықтарын зерттейтін, жалпылайтын пән болмаған. Сондықтан қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік гуманитарлық аспектілерін зерттеуді қарастыратын информатиканың бөлімі - әлеуметтік информатика, ал, білім беруді ақпараттандыру - педагогикалық информатика деген атауға ие болды.
Әлеуметтік информатика интегративті жалпы ғылыми бағыт ретінде информатика мен әлеуметтік білім саласындағы мамандардың күшін біріктіреді (мамандарды жұмылдырады).
Әлеуметтік информатика пәні - информатиканың, ең алдымен қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік гуманитарлық аспектілері, оның мақсаты қоғам мен информатиканың өзара әрекеттесу зандылықтарын ашу, осы негізде қоғамды ақпараттандыру процесін ізгілендіруді жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздікті, өркениеттің тұракты дамуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік информатика адамға лайықты өмір сүру шартын, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен адамзаттың тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған «қоғам-информатика», «адам информатика» жүйелерін қарастырады.
Білім беру қоғамның маңызды құрамдас бөлігінің бірі болғандықтан, педагогикалық информатиканың адамзаттың әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси және рухани дамуы үшін алдыңғы дәрежелі мәні бар.
Педагогикалық информатика барлық педагогикалық ғылымдар тәрізді адам туралы басқа ғылымдармен өзара байланыста дамиды Педагогикалық информатика философиямен өзара байланыса отырып, өзінің методологиялық қағидаларын: қажеттілік пен кездейсоқтық, жалпылық, бірегейлік, ерекшелік, өзара байланыс пен өзара тәуелділік; даму заңдары мен оның қозғаушы күштері, педагогикалық құбылыстардың субъективті және объективті детерменизмін және т.б. табады.
Ақпараттық қоғамның қазіргі даму жағдайында адамдардың әрбір: физикалық, психикалық және әлеуметтік әрекеттері есепті басынан бастауды талап етеді, өйткені тек сонда ғана қоғамның ақпараттық мүмкіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін пайдаланылады. Бұдан педагогикалық информатиканың медицина ғылымының салаларымен интеграциясы ашылады.
Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қазіргі ақпараттық ортаға бейімделу мәселесін шешу - бұл физикалық әрекеттерді ескеру. Физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар компьютерге ақпаратты енгізу-шығару құралдарын жасауға ерекше тәсіл қолдануды талап етеді. Мысалы, әлемнің көптеген елдерінде соқырлар мен көру қабілеті нашар адамдар үшін ақпаратты дыбыспен енгізуге мүмкіндік беретін арнайы синтезаторлар колданылады, қозғалу мүмкіндігінен толықтай айырылған адамдар арнайы шлемдердің көмегімен ақпаратты көзбен енгізе отырып, компьютерде жүмысын орындай алады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасынан мамандар дайындауға арналған арнайы компьютерлік программалар құрылған.
Ақпараттандыру процесіне психологиялық табандылық. Ақпараттар ағыны үнемі артып отырған кезеңде әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдардың психикасына түсетін жүктемесін білу қажет. Практикалық компьютерлік жұмыстар саласындағы негізгі күшті көтеріп отырған әйелдер қауымы ерекше көңіл аударуды талап етеді. Мысалы, қазіргі уақытта пенсионерлер мен жастар тартылып отыр. Бүл күндері ақпараттық (компьютерлік) психология деп аталатын ғылыми бағыт белсенді даму үстінде. Бұл ғылым зерттеу мақсаты ретінде төмендегідей мәселелерді:

  • қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық техниканың, «компьютерофобия» деп аталатын ақпараттық агындардың күрделіленуі мен дамуынан адамдарда қорқыныштың пайда болуы;

  • адамдармен емес, компьютермен қарым-қатынас жасауға басымдық беретін адам ауруы тәрізді «информомания»;

  • компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезіндегі адамдардың зорығып, шаршауы.

Үшінші бағыт - жаңа жағдайдағы жеке тұлғаның әлеуметтендірілуі. Ақпараттандыру жағдайындағы әлеуметтік моселелер мен оны шешудің жолдарын қарастырайық.
Тілдік қарым-қатынас мәселесі. Тілдік қарым-қатынас ақпараттандырудың негізін құрайды. Ақпараттандырудың электрондық құралдары әрбір адамның табиғи тілдік ортасы қалыптасқан желіге ыңғайлануы тиіс. Жаппай қолдануға арналған компьютерлік лингвистика құралдары жасалуы тиіс.
Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі. Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету оның шынайы ақпарат алу құқығы мен әртүрлі ақпарат көздерінен алынған ақпараттың оның жеке тұлғалылығын еркін қалыптастыруға кедергі жасамайтындығын көрсетеді. Бұл күндері ғалымдар мен мамандар әлеуметтік және табиғи ортада адамдардың ақпараттық өмір салтын қалыптастыратын ақпараттық экологияны дамыту қажеттілігі жөнінде мәселе қойып отыр.
Сөйтіп, педагогикалық информатиканы дамытудың айтарлықтай мүмкіндіктері оның: педагогика, психология, социология, информатика, техникалық ғылымдар, тарих, экономика, экология және т.б. ғылым салаларымен интеграциялану болашағымен мазмұндалады.
Өркениеттің қазіргі дамуы жағдайындағы қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде адамдардың жеке тұлғалық өзгерістері өтіп жатқан сәтте, сондай-ақ, білім беру мәселелерін практикалық прагматикалық тұрғыдан түсіндіруден ізгіліктік тұрғыда түсіндіруге өту кезеңіндегі ғылыми көзқарастарды ашатын педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын қарастырдық.
Мұндай жағадайда басты міндеттердің бірі адамдарды білім беруді ақпараттандыру методологиясымен қаруландыру болып табылады. Осыған байланысты келесі тарауда білім беруді ақпараттандыру негіздерін қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет