Г. И. Бейсенова



бет13/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Бақылау сұрақтары



  1. Педагогикалық информатиканың басқа ғылымдармен байланысына сипаттама беріңіз.

  2. Педагогикалық информатикамен тығыз байланыса алатын тағы қандай ғылым салаларын атай аласыз, оны мысалмен көрсетіңіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Концепция информатизации образования в РК. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. Алматы, 2000 г., 39 стр.

  2. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информациониые технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов псдвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999. -224 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Интернет материалдары: WWW.infojournal.ru, WWW.Google.kz

  2. Информатика и образование, 2010-2020.

19-20-дәріс.


Тақырыбы: Білім беруді ақпараттандырудың методологиялық негіздері. Ақпараттық қоғамның дамуы. Қоғамның ақпараттық ресурстары.
Жоспары:

  1. Білім беруді ақпараттандырудың методологиялық негіздері. Ақпараттық қоғамның дамуы.

  2. Қоғамның ақпараттық ресурстары.



Мазмұны:


1. Білім беруді ақпараттандырудың методологиялық негіздері. Ақпараттық қоғамның дамуы.
XX ғасырдың екінші жартысында адамзат өзінің дамуында жаңа кезеңге - ақпараттық кезеңге аяқ басты. Қоғамның дамуындағы индустриалдықтан кейінгі ақпараттық қоғамға көшуінің белгісі, социологтардың пікірінше, қоғамдық қызмет саласындағы халық санымен анықталады:

  • егер қоғамдағы халықтың 50%-тен көбі қызмет саласында болса, онда оның дамуында постиндустриалдық кезеңге өтті;

  • егер қоғамдағы халықтың 50%-тен көбі ақпараттық қызмет саласында болса, онда қоғам ақпараттық қоғам болып табылады.

Адамдардың, топтар мен ұйымдардың іс-әрекеті олардың хабардарлылығына және қолдағы бар ақпаратты тиімді пайдалана білу қабілетіне барынша тәуелді бола бастайды. Адам қандай да бір әрекетті орындамас бұрын, ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны түсіну мен талдау жөнінде үлкен жұмыс жүргізілуі қажет. Кез келген салада ұтымды шешімді іздеу жұмыстарын жүргізу қыруар көлемді ақпаратты өңдеуді талап етеді, мұны дәл қазір арнайы техникалық қүралдарды қатыстырмай жүзеге асыру мүмкін емес.
XX ғасырдың ортасында ақпарат көлемінің ұлғаюы ерекше байқалды. Социологтардың сипаттағанындай, «толқын түріндегі ақпарат ағыны адамдарға оны толық меңгеруге мүмкіндік бермей, оларды тұншықтырды». Күнделікті пайда болған жаңа ақпарат ағынынан бағдар алу барған сайын қиындай түсті. Бұрын құрылғанға ұқсасты іздестіруге қарағанда, кейде жаңа материалдық немесе интеллектуалдық өнімді құру тиімді көрінеді.
Мамандардың пікірінше, үлкен көлемді ақпарат ағынын құру:

  • ғылыми зерттеулер мен тәжірибелі конструкторлық жұмыстардың нәтижелері келтірілген құжаттардың, есептердің, диссертациялардың, баяндамалардың санының күрт өсуімен;

  • адамзат қызметінің әртүрлі салалары бойынша мерзімді басылымдардың санының үнемі артуымен;

  • қарым-қатынас жүйесіне кірмейтін, әдетте магнитті ақпарат тасымалдаушыларында жазылатын әртүрлі мәліметтердің (метеорологиялық, геофизикалық, медициналық, экономикалық және т.б.) пайда болуымен түсіндіріледі.

Ақпарат көлемінің ұлғаюымен бірге индустриалдық өндіріс күрделіленіп, әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірдің, адамзат қызметінің барлық саласындағы процестердің динамикалық өзгерісі өтеді, бүл біріншіден, білім қажеттілігінің артуына әкелсе, екіншіден, осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын жаңа құралдар мен тәсілдерді құруға әкелді.
Есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың дамуында да сапалық өзгерістер болды. 1980 жылдары ашық жүйелердің архитектурасы мен стандарттары даму жолына түсті. 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында бүкіл әлемде үш революциялық феномен танылды. Олар компьютерлендірілген мекемелер мен адамдардың қызметінің сапасын өзгерте отырып, барынша практикаға кеңінен енгізілді.
Бірінші феномен дербес компьютермен ұсынылатын мүмкіндіктердің пайдаланушыға тұрақты тиімділігіне иегізделеді. Бүл феномен ақпараттық, жобалық, басқару іс-әрекетінің көп түрлерінде міндеттің қойылуы мен оның орындалуы арасына дәнекер болатын пайдаланушы орындаушылар (машинистка, сызушы, іс-қағаздарын жүргізуші және т.б.) қажеттілігінің жоғалуымен сипатталады.
Екінгиі феномен бір жобамен жұмыс істейтін бір топ пайдаланушылардың келісілген, бірлескен жұмысының компьютермен сүйемелденуімен сипатталады. Бұл феномен жобаның әртүрлі бөлігіне топ мүшелерінің кіруі мен басқаруын қамтамасыз ететін әдістердің жиынтығы негізінде пайда болды. Нүсқаларды басқару мен құжаттарды жөндеу, сондай-ақ, жұмыстың біртіндеп және қатар орындалу барысындағы келісілген іс-әрекетті жүзеге асыруы мүмкін болды.
Үшінші феномен кез келген ақпаратты алмастыру мүмкіндігінің артуына негізделеді. Ол дәлірек айтқанда, стандартталған хаттамалар негізінде жергілікті жэне ауқымды желілердегі қолданбалы деңгейде мәліметтер алмасуды жүзеге асыру негізінде пайда болды. Бұл келісім немесе мазмұндық ескертпелер алуға қажетті қағаз құжаттарды тарату, жиналыстар өткізу үшін бір орыннан екінші орынға бару қажеттілігінен кутылуға мүмкіндік беріп, географиялық орналасуына тәуелсіз хабарларды немесе хабардарлық мәліметтер жазуын жіберіп, оны қабылдап алуға пайдаланушылардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етті.
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы әртүрлі ақпараттарды пайдалану негізінде құрылған, «ақпараттық қоғам» деген атауға ие болған қоғамның дамуына түрткі болды.
Ғалымдар ақпараттық қоғамды қалай түсінеді? Жапон ғалымдары ақпараттық қоғамда компьютерлендіру процесі адамдарға сенімді ақпарат көзіне кіру мүмкіндігін, адамды мезі ететін жұмыстан құтқару, өндірістік және әлеуметтік сферада ақпаратты өңдеуді автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп есептейді. Мұндай қоғам дамуының қозғаушы күші материалдық өнімді емес, ақпараттық өнімді өндіру болып табылады.
Материалдық өнімнің ақпараттық көлемі артады, инновация, дизайн және маркетингтің үлесін арттыратын болса, оның құны қанша болады?
Ақпараттық қоғамда тек өндіріс қана өзгеріп қоймай, сонымен бірге, барлық өмірдің қалыбы, құндылықтар жүйесі өзгереді, материалдық құндылықтарға қарағанда мәдени құндылықтардың мәні артады. Өндіріс пен товарды тұтынуға бағытталған индустриалдық қоғаммен салыстырғанда ақпараттық қоғамда ақыл-ой еңбегінің үлесін арттыруға әкелетін интелект пен білім өндіріліп, тұтынылады. Адамнан шығармашылыққа деген қабілеттілік талап етіліп, білімге деген сұраныс артады.
Ақпараттық қоғамның материалдық және технологиялық базасы микропроцессорлық техникаға, компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген әртүлі жүйелер бола алады. Сөйтіп, ақпараттық қоғамда жұмыс істейтіндердің көпшілігі ақпаратты, әсіресе оның жоғарғы формасы - білімді өндіру, өңдеу, сақтау және оны жүзеге асырумен айналысады.
Шынайы өмірде XX ғасырдың соңына қарай алдыңғы қатарлы елдердегі ғылым мен техниканың дамуынан теоретиктер құрған ақпараттық қоғамның бейнесі біртіндеп белең ала бастады. Барлық әлемдегі кеңістік электрондық пәтерлер мен коттедждерде тұратын адамдардың бірыңғай компьютерлендірілген ақпараттық қоғамдастығына айналады деп болжанды.
Кез келген түрғын үй барлық мүмкін болатын электрондық құралдар мен компьютерлендірілген құрылғылармен жабдықталады. Адамдардың қызметі ең алдымен ақпаратты өңдеуге бағытталады, материалдық өндіріс пен энергияны өндіру машинаға жүктеледі.
Ақпараттық қоғамның сипаты қандай?
А.И.Ракитовтың (Ракитов А.И. Философия компьютерной революции. - М., 1991.)
пікірінше, егер:

  • кез келген индивид, адамдар тобы, мекеме немесе ұйым сол елдің кез келген жерінде сәйкес төлемі бойынша автоматтандырылған жүйеге кіру мүмкіндігі мен байланыс жүйелерінің есебінен ақысыз өмірлік қызметі мен әлеуметтік мәні бар мәселелерін шешу үшін кез келген ақпарат пен білім алу мүмкіндігінің бар болуы;

  • қоғамда қазіргі ақпараттық технология өндіріліп, басқарылатын болса, оны кез келген индивид және топ немесе мекеменің пайдалану мүмкіндігінің болуы;

  • тұрақты қарқынмен дамып келе жатқан ғылыми технологиялық және әлеуметтік-тарихи прогрессті сүйемелдеуге қажетті көлемде ұлттық ақпараттық ресурс құруды қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның бар болуы;

  • қоғамның барлық салалары мен өндірістің салаларын және басқаруды қарқынды автоматтандыру мен роботтандыру процесінің жүруі;

әлеуметтік құрылымда түбегейлі өзгерістің болуы және оның салдарынан ақпараттық іс-әрекет пен қызмет кеңейетін болса, онда қоғам ақпараттық қоғам (негізгі белгілері) деп аталады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет