Г. И. Бейсенова


Ақпараттық технологиялардың бөліну кезеңдері және олардың сипаттамасы



бет20/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
2. Ақпараттық технологиялардың бөліну кезеңдері және олардың сипаттамасы.
1-кезең (60 жж. бастап) есептеу орталықтарының ресурстарын орталықтандырылған топпен пайдалануға бағытталған күрделі операцияларды орындауда ақпаратты тиімді өңдеумен сипатталады. Құрылған ақпараттық жүйелердің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийі құралдарды енгізу нәтижесінде үнемделген мен оны жасауға кеткен шығынның арасынындағы айырмашылық болып табылады. Бұл кезеңдегі негізгі мәселе психологиялық - құрылған ақпараттық жүйелер мен пайдаланушылардың нашар өзара әрекеттесуі және олардың көзқарастарының әртүрлілігі мен шешілетін мәселені түсінуіне байланысты болды. Бұл мәселенің салдары ретінде пайдаланушылар ұнатпайтын жүйелер құрылды, олардың орасан зор мүмкіндіктеріне қарамастан толық өз деңгейінде пайдаланылмады.
2-кезең (1970 жж. ортасынан бастап) дербес компъютерлердің пайда болуына байланысты. Ақпараттық жүйелерді құру тәсілдері өзгерді - бағдар олардың қабылдайтын шешімін сүйемелдейтін дербес пайдаланушы жағына ауысты. Пайдаланушы жасалатын жұмысқа қызығушылық танытады, жасаушымен қарым-қатынас орнатылып, екі жақтағы мамандар тобының арасында өзара түсіністік пайда болады. Бұл кезеңде бірінші кезеңге тән мәліметтерді орталықтан өңдеу қалай пайдаланылса, жеке есептерді шешуге негізделетін пайдаланушының жұмыс орнындағы жергілікті мәліметтер қорымен өңдеу жұмыстарын жүргізу де солай жүзеге асады.
3-кезең (1990 жж. бастап) бизнестегі стратегиялық артықшылықтарды талдау ұғымына байланысты және үлестірілген ақпараттық өңдеудің телекоммуникациялық технологиясының жетістіктеріне негізделеді. Ақпараттық жүйелер мәліметтерді өңдеу тиімділігін арттыруды ғана мақсат етіп қоймайды, сонымен бірге басқарушыга көмек көрсету де қарастырылады. Бұған сәйкес ақпараттық технологиялар ұйымдарға бәсекеге күрес барысында табандылық танытып, артықшылығын көрсетеді.
Бөліну белгісі - технология инструментарийлерінің түрлері
1-кезең (XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) - «қолмен орындалатын» ақпараттық технологиялар, олардың құралдары: қаламұш, сауыт және кітап болды. Қарым-қатынас қолмен түзету, почта арқылы хатты пакеттерді, жедел хабарламаларды жіберу арқылы жүзеге асырылды. Технологияның негізгі мақсаты - ақпаратты қажетті түрде ұсыну.
2-кезең (XIX ғасырдың соңынан бастап) - «механикалық» технология, оның құралдары: баспа машинкасы, телефон, почта жөнелтудің жетілдірілген құралдарымен жабдықталған диктофон. Технологияның негізгі мақсаты - ақпаратты ыңғайлы құралдармен қажетті формада ұсыну.
3-кезең (XX ғасырдың 40-60 жылдары) - «электрлік» технология,
оның құралдары: үлкен ЭЕМ және сәйкес программалық құралдар, электрлік басу машинкасы, ксерокс, портативті диктофон.
Технологияның мақсаты өзгереді. Ақпараттық технологиялардағы ақпаратты ұсыну түрінен оның мазмұнын қалыптастыруға ауысу басталды.
4-кезең (1970 ж. басынан бастап) - «электрондық» технология, оның негізгі құралы үлкен ЭЕМ-дер жэне соган лайықталып құрылган басқарудың автоматтандырылған жүйелері, базалық және арнайы программалық кешендермен жабдықталған ақпараттық іздеу жүйелері. Технологияның ауырлық нүктесі қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын басқаруға арналған ақпараттың мазмұндық жағын қалыптастыруға, әсіресе, талдау жұмыстарын ұйымдастыруға ығысады. Ақпараттық технологиялардың көптеген объективті және субъективті факторлары жаңа тұжырымдаманың алдына қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік бермеді. Дегенмен, басқару ақпаратының мазмұндық жағын қалыптастырудың тәжірибесі қалыптасты және технология дамуының жаңа кезеңіне көшудің кәсіптік, психологиялық және әлеуметтік базасы дайындалды.
5-кезең (1980 жж. ортасынан бастап) - компьютерлік жаңа технология, оның негізгі құралы әртүрлі мақсатта пайдаланылатын стандартты программалық өнімдері жеткілікті дербес компъютер. Бүл кезеңде БАЖ-н дербестендіру процесі өтеді, ол белгілі мамандардың шешім қабылдауды сүйемелдеу жүйелерін құруда көрініс табады. Мұндай жүйелерде талдаудың және әртүрлі деңгейде басқаруға арналған интеллект элементтері орнатылған, дербес компъютерде орнатылып, телекоммуникацияны пайдаланады.
Микропроцессорлық базаға көшуге байланысты тұрмыстық, мәдени және басқа да мақсаттағы пайдаланылатын техникалық құралдар айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Әртүрлі салаларда ауқымды және жергілікті компъютерлік желілер кеңінен пайдалана бастады.
Осы кезеңге тән АКТ-дың дамуы, білім беру сферасына жаңа мүмкіндіктер аша отырып, қазіргі ақпараттық қоғамның ақпараттық ортасының қайта құрылуына әкеледі.
А.А.Андреев, К.К.Колин, А.А.Кузнецов, М.П.Лапчик, Н.И.Пак, И.В. Роберт және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде бұл кезең төмендегідей мәселелермен сипатталады:

  • АКТ құралдарын қолдануға байланысты білім беруді жетілдіру;

  • білім беру процесінің парадигмасының өзгерісі мен білім беру процесіне қатысушылардың арасындағы өзара оқумен өзара әрекеттесуінің түрлендірілуі;

  • АКТ құралдарын пайдалану жағдайындағы оқытудың дидактикалық принциптерінің дамуы;

  • процестерді оқу, зерттеу, ғылым негіздерінің заңдылықтарын ашуды интенсивтендірудің алғы шартын құратын АКТ-ның мүмкіндіктерін жүзеге асыру.

И.В.Роберттің пікірінше, бүл кезеңде білім беру барынша тиімді. оқытудың дистанциялық формасының арқасында «ашықтық» мәнге ие болады, интернет желісінің үлестірілген ақпараттық ресурсының негізінде қажетті ақпаратты өз бетімен іздеу жэне оны оқу мақсатында қолдану мүмкіндігі жүзеге асырылады. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға негізделген жаңа педагогикалық технологияларды құру және дамыту саласындағы жетістіктер пәндік ортаның зерттелетін объектісі туралы ақпаратты жинау, өңдеу, тарату, сақтауға байланысты өз бетіндік іс-әрекеттің бірнеше түрін орындауға бағытталған ақпараттық өзара әрекеттесудің программалық әдістемелік құралдарын жасап қолдануды болжауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет