Г. И. Бейсенова


Педагогикалык информатиканың зерттеу объектісі және пәні



бет4/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
361817 (1)

2. Педагогикалык информатиканың зерттеу объектісі және пәні
Кез келген ғылымның методологиялық құрылымын базис пен ғылымның мазмұны бір мәнді анықталған схема түрінде көрсетуге болады (1-сурет). Базис - бұл мақсат, міндеттер, зерттеу пәні мен объектісі, зерттеу әдістері, категориялары мен ұғымдары. Мазмұны - бұл теориясы. заңдары, принциптері, заңдылықтары.
Педагогикалық информатиканың мазмұны: өзінің әлі жете зерттелмеген немесе ашылмаған заңдарын - оқу материалын оқытушының немесе оқу құралдарындағы, оның ішінде, электрондық оқу құралдарындағы баяндалуы, оқу материалын бекіту, меңгерілген оқу материалын тексеру; заңдылықтарын - білім, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру; теорияларын - проблемалық және программаланған, модульдік оқыту және т.б., меңгерудің дидактикалық бірлігінің іріленуі және т.б.; принциптерін - жалпы және дербес әдістемелік (дербес оқу іс-әрекеті мен білім берудің бірлігі, яғни, жеке тұлғаның оқу іс- әрекетінің білімдік өнімін құру; гылым мен білім берудің интеграциялануы; оқыту процесін басқарудың қажеттілігі және т.б.); тәсілдер - жүйелік, іс-әрекеттік, технологиялық және т.б. қарастырады.
Педагогикалық информатикаға тән бірқатар төмендегідей заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады:

  • жалпы білім беруді ақпараттандыру процесінің алғашқы қадамы ретінде оқыту процесін компьютерлендіруді жүргізудің қажеттілігі;

  • қазіргі адам-машина жүйесінде адамзат қызметінің, оқытудың педагогикалық әдістерінің басымдылығы, мұнда педагогикалық әдістер жетекші роль атқарады, ал техникалық құралдар мен машиналық компонент адамзат қызметін тиімді жүзеге асырудың құралы ғана болып қалады;

ақпараттық мәдениеттің ролінің жоғарылауы, ақпараттық технология мен есептеуіш техника құралдарының негізінде үздіксіз білім беру тенденциялары.
Педагогикалық информатиканың пәні білім беру мен информатиканың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, ал негізгі мақсат - осы өзара әрекеттесудің заңдылықтары мен тенденцияларын ашу болып табылады.


Педагогикалық информатиканы педагогикалық процесті жетілдіру мақсатында оны дербестендіру мен оңтайландыру, педагогикалық іс-әрекегті ақпараттық қамтамасыз етудің және автоматтандырудың теориялық мәселелерін, әдістерін және технологиясын қарастыратын ғылыми әдістемелік бағыт ретінде қарастыруға болады.




1.1-сурет. Ғылымның методологиялық құрылымы









2-сурет. Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерінің өзара әрекеттесуі (тікелей және құралдар арқылы)


Сонымен, педагогикалық информатика пәнінің төмендегідей сипаттамаларын ерекшелеуге болады:

  • оқыту - бұл өскелең ұрпаққа мәдениетті немесе әлеуметтік тәжірбиені жеткізуге бағыгталган іс-әрекет;

  • оқыту мен оқудың бірлігі;

  • оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет