Г. И. Бейсенова



бет5/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогикалық информатика - ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде.

  2. Педагогикалық информатиканың зерттеу объектісі мен пәні.



Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Концепция информатизации образования в РК. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. Алматы, 2000 г., 39 стр.

  2. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информациониые технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов псдвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999. -224 с.

  3. Гузеев В. О технологии обучения и предмете педагогической информатики. Журнал «Информатика и образование». № 1, 1989.

Қосымша әдебиеттер

  1. Интернет материалдары: WWW.infojournal.ru, WWW.Google.kz

  2. Информатика и образование, 2010-2011.



5-6-дәріс.
Тақырыбы: Педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары мен категориялары.
Жоспары:
1. Педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары.
2. Педагогикалық информатиканың категориялары.


Мазмұны:
1. Педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары.
Педагогикалық информатика басқа ғылымдар тәрізді өзінің даму эволюциясының бірнеше кезеңдерін өткізуде. Дегенмен, ол міндетті түрде таным процесінің белгілі заңдылығы бойынша қарапайым пайымдау кезеңінен абстарактылы ойлау кезеңіне көшуі тиіс. Салыстырмалы түрде жас, дамып келе жатқан ғылым педагогикалық информатика үшін көптеген пайымдаулардың жемісі ескерілген, бірақ әлі де іргелі теориялық зерттеулердің нәтижелері мен базистік категориялардың сипаттамалары жеткілікті түрде көрсетілмеген. Дегенмен педагогикалық информатиканың анықталған нәтижелерін табысты деуге болады, оған талас та жоқ.
Ғылымның даму процесі мен оның терминологиялық аппаратын басқарудың арасында тікелей байланыс бар. Сондықтан педагогикалық информатиканың ғылым ретіндегі дамуы бір жағынан базистік ұғымдарының кеңейтілуімен байланысты болса, екінші жағынан, бір кездері тұрақгы деп есептеліп, өзідігінен түсінілетіндей қарастырылып келген белгілі терминдердің қайта қарастырылуымен байланысты. Осындай табиғи процестердің болуынан кейде, терминологиялық сәйкессіздік пайда болады, ал оны дұрыс жолға қою ғылымның маңызды міндеттерінің бірі.
Терминологияның шатасуы, бір терминнің көп мәнді талқылануы ғылым теориясының ыдырауына әкеледі. Бұдан терминдердің шектеліп, нақтылануы, белгілі бір терминдер арқылы сипатталатын ұғымның мәнділігін талдау - бұл терминологияның бір мәнділігінің объективті қажеттілігі болып табылады.
Лингвистердің пікірінше, «дәл және бір мәнді түсіндірілетін терминді қалыптастыру үшін мазмұны жағынан қосымша шектелетін, таңдалған нақты ұғым қажет. Бұл қосымша шектелудің нәтижесінде мазмұны жағынан жинақы ғылыми термин алынады».
Дегенмен, термин белгілі бір терминологиялық жүйенің элементі болған жағдайда ғана тиімді басқарылады. «Терминдер жиынтығы терминдер жүйесі болып қалыптасуы тиіс, ал оның әрбір элементі өзіне белгіленген қызметті орындай отырып, жүйеден нақты, орнықты өзінің орнын алуы тиіс.
Енді алдыңғы кезекте педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын қарастырайық. Бұдан бірқатар ұғымдардың түсіндірілуі шартты екенін ескеру қажет. Біздің талдайтын көптеген ұғымдар терминологиялық және ұғымдық сөздіктер мен көптеген авторлардың (В.А.Извозчиков, И.В. Роберт, Г.М. Коджаспирова, В.А. Красильникова және т.б.) еңбектерін де келтірілген. Педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын қалыптастыруда барлық белгілі ұғымдарды қамту және оларды қарама-қайшылықсыз бірыңғай жүйеге келтіру мүмкін емес екені белгілі. Мұның қажеті де жоқ, келтірілген педагогикалық информатиканың негізгі ұғымдары мен категориялары біртұтас педагогикалық процесс тұрғысынан ашылады.
Ақпарат - объект туралы нақты мәліметтер мен олардың арасындағы тәуелділіктер жайлы білімдер жиынтығы.
Педагогикалық ақпарат - білім беру саласындағы білім беру мен тәрбиелеу процесін бейнелейтін және педагогикалық процестерді, адамдар тобы мен жеке тұлғаларды басқару туралы мәліметтер, мағлұматтар, білімдер жиынтығы.
Ақпараттық процесс - ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату құралдарымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау, тарату және пайдалану әдістері мен құралдары,
Білім берудегі қазіргі ақпараттық технологиялар - адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және адамзаттың интеллектуалдық қызметін, оның ішінде, білім беруді шынайы күшейтуге қабілетті құрал.
Қоғамдық мәні бар барлық адамзат қызметінің түрлерінде шынайы қазіргі білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған адамзат өркениетінің ортақ, кезек күттірмейтін XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап, XXI ғасырдың басына дейінгі даму аралығын қоғамды ақпараттандыру деп атайды.
Ақпараттандырудың техникалық құралы ретінде компьютерлер, байланыс құралдары және басқа да ақпараттық машиналар алынады. Ауқымды көлемде ақпараттандыру мемлекеттер мен халықтар, экономика мен саясат, әсіресе, экологияның элемдік қауымдастығының жаһандануының қажетті шарты болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру - танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайды құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпарттарды тарату құралдарының, сондай-ақ, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.
Оқытуды ақпараттандыру - есептеуіш техникамен және оған байланысты ақпараттық технологияларды оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару құралы ретінде пайдалану және оқушы мен мұғалімге білім мазмұнын толықтыратын қажетті мәтіндік және көрнекі ақпараттарды беру.
Ақпараттық қоғам - бұл жоғары деңгейдегі өндіріс пен ақпарат және ақпараттық қызметті тұтынумен сипатталатын қоғам.
Қоғамды ақпараттандыру - ақпарат пен білімнің мәнділігін арттыру процесі, қоғамдық өмірдің барлық саласында ақпараттық әдістерді кеңінен тарату.
Әлемнің ақпараттық бейнесі - ақпарат құрылатын, тұтынылатын, орналасатын көп өлшемді ақпараттық кеңістіктің моделі.
Білімдік компетенция - бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке тұлғалық, әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәжірбиелерінің жиынтығы.
Құзырлық - индивидтің жеке тұлғалық қатынасын және іс- әрекет пәнін қамтитын адамның сәйкес компетенцияларды меңгеруі мен ие болуы. Құзырлық - компетенцияларды қолданудың ең төменгі тәжірбиесінің болуын қажет етеді.
Білім маманының ақпараттық - коммуникациялық құзырлығы (латын тілінен аударғанда сотреtо - жетемін, сай боламын, сәйкес келемін) - оның теориялық білімдер мен қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануының практикалық тәсілдері негізінде жасалған кәсіптік педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және меңгеру міндеттерін шешу қабілеті.
Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті - ақпараттық қоғамдағы адамның жүру ережелерінің жүйесі, әлемнің ақпараттық бейнесін символдар мен белгілер жүйесі, тура және кері ақпараттық байланыстар жүйесі ретінде адамның үғыну және меңгеру, ақпараттық қоғамда еркін бағдар алып, оған бейімделе білу қабілетін қамтиды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ең алдымен, мектепте информатика мен ақпараттық технологияларды ұйымдастырып, оқыту процесінде, қазіргі ақпаратты таратудың электрондық құралдарын оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті жалпы мәдени тұрғыда ақпараттық қоғамда, адам машина жүйесінде адамның іс-әрекет тәсілдерін, нормаларын және ережелерін меңгеру дәрежесін көрсетеді.
Білім беру кеңістігі - білім берудегі жалпы мемлекеттік бірлік сақталатын кеңістік.
Ақпараттық білім беру кеңістігі - білім беру мақсатында қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде адамдардың тұлғалық өзгерісі өтетін кеңістік.
Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі - бірыңғай тұжырымдамамен, жалпы стратегияны қалыптастыруды, дамытуды жүзеге асыру механизмдері, тәсілдерімен ұйымдастырылатын және басқарылатын шынайылық, оқушылардың мәдени, білімдік, кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатына жету. Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін бірнеше қырынан қарастыруға болады (1.3-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет