Г. И. Бейсенова



бет6/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тарихи түрғыдан, бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі білім беруде алдыңғы буынның мәдени тәжірбиелері мен дәстүрлерін жас ұрпаққа беру ретінде қарастырылады.
Ғылыми әдістемелік түрғыдан, әртүрлі оқу орындарының арасындағы иерархиялық жүйеде бірыңғай ғылыми-әдістемелік тәсіл мен оқыту бағдарламаларымен, білім беру кеңістігін ұйымдастырудағы бірыңғай тұжырымдық бағытпен қамтамасыз етуді қолдану. Мысалы, «мектепке дейінгі мекеме - мектеп - колледж - ЖОО» жүйесі.
Басқару сипатына қарай көп деңгейлі иерархиялық жүйе ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық түрғыдан, бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі «өмір бойы білім деңгейін арттыру» үшін жағдай жасауды, білім алудағы демократиялық принципті толық жүзеге асыру, оның ішінде, денсаулық жағдайына және кеңістіктегі орналасуына байланысты (ашық білім беруді қараңыз) оның сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Мәдени-этникалық тұрғыдан. бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі қарастырылатын аймақтың мәдени-этникалық дамуының жағдайларын жасауды қамтамасыз етеді.

2. Педагогикалық информатиканың категориялары.


Информология - әлемді ұғынудың жалпы категорияларының бірі кеңістік пен уақыт, материя және қозғалыс, энергия және энтропиямен қатар, сондай-ақ, Жердегі өмірдің шарты зат пен энергиямен, космостағы процестердің негізгілерінің бірі ретінде қарастырылатын ақпараттың табиғаты, қасиеттері мен басқарылуы туралы ілім.
Ақпараттық экология - әлеуметтік және табиғи ортадағы адамдардың салауатты ақпараттық өмір салтын қалыптастыруы туралы ілім.
Ақпараттық этика - адамдарға қатысты рухани залалдықты жою мақсатында ақпаратпен қарым-қатынас жасау ережесі.
Білім беру жүйесі - адамның дамуы үшін арнайы тағайындалған аға ұрпақтардың тәжірбиелерін тарату және қабылдау тәжірбиесінің арнайы ұйымдастырылган жүйесі.
Білім беру жүйесін сипаттайтын ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуы аралығында пайда болып дамыған терминдерді қарастырайық.
Ашық білім беру - бұл оқыту процесі өтетін белгілі бір білім деңгейіне жетуді жүзеге асыратын ұйымдастырылған, педагогикалық жэне ақпараттық технологиялар жүйесі. Білім беру процесінің негізін мақсатты көздейтін, бақыланатын, оқушының интенсивті өзіндік жұмысы құрайды, ол өзіне ыңғайлы орында, өзінің сабақ кестесімен арнайы оқыту құралдарымен оқытушымен келісілген қарым-қатынас мүмкіндігін сақтай отырып, білім алуды жүзеге асырады.
Білім берудің ашық моделі - ақпараттық өркендеудің эволюциялық даму жолы мен тарихи қалыптасуының нәтижесі. XX ғасырдың басында білім берудің дәстүрлі формасы білім беруде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыра алмады. Сондықтан, «жаңа» деген атауға ие болған білім берудің жаңа моделі пайда болды. Бұл модель әлемнің, таным процестерінің және адамның білім алуының ашықтығынан туындайды. Білім алудың дәстүрлі формасы - іштей, сырттай, экстернат ашық білім беру жүйесінде бірыңғай білім беру кеңістігімен интеграцияланады.
Білім беру жүйесіне ашық жүйе сапасын беру «өмір бойы білім беру» принципінен «өмір бойы білім алу» принципіне көшу жағдайы оқытуды жоспарлаудағы барынша еркіндік бағытына қарай оның қасиеттерін, орнын, уақытын және қарқынын таңдауда өзгеріске әкеледі.
Дистанциялық білім беру - дистанциялық оқыту арқылы жүзеге асырылатын білім беру.
Дистанциялық оқыту (ДО) - оқу процедураларының бәрі немесе көп бөлігі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып, оқытушы мен студенттердің территориялық белгілі бір қашықтықта білім алуын жүзеге асыратын оқыту.
Білім беру процесінің дистанциялық окыту технологиясы - ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтықтағы оқу процесін жүргізуді қамтамасыз ететін оқу процедураларын әкімшіліктендіру мен оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығы.
Кейс-технология - мәтіндік, аудио-визуалды мультимедиалық оқу материалдарының жиынтығын пайдалануға және оны өз бетімен оқу үшін жіберуге негізделген дистанциялық оқыту технологиясының түрі.
Желілік технология - оқушыларды оқу әдістемелік материалдармен және оқытушы, әкімшілік, оқушы араларындағы интерактивті өзара әрекеттесуді қамтамсыз етуге арналған телекоммуникациялық желілерді пайдалануға негізделген дистанциялық оқыту технологиясының түрі,
Компьютердің көмегімен оқыту («компьютерлік оқыту») - бұл техникалық оқыту құралы компьютер болып табылатын оқыту жүйесі (ЮНЕСКО бойынша). Компьютер оқу ақпаратын беру, берілген оқу материалын меңгеру деңгейін бақылау үшін пайдаланылатын оқыту, оның ішінде, өзіндік оқу түрі.
Оқыту программалары мен жүйелері - компьютердің көмегімен оқытуда пайдалануға арналған арнайы жасалған программалар мен программалар жүйелері.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері - компьютердің көмегімен оқыту үшін пайдалануға арналған программалар пакеті.
ІІедагогикалық пәндерде әртүрлі жүйелер қарастырылады: білімдік, педагогикалық, әдістемелік, тапсырмалар мен есептер жүйесі және т.б.
Білім берудің дамуының қазіргі кезеңіне зерттелетін объектілердің, құбылыстардың, процестердің айырымдық сипаттамалары мен олардың өзара байланысын ашу үшін оны тұтастай көру артықшылығын пайдалануға мүмкіндік беретін жүйелік тәсілді кеңінен пайдалану тән. Педагогикалық ғылымдардың барлық дамуы әртүрлі жүйелердің моделдерін құрып, зерттеумен байланысты.
Оқыту моделі - адам оқыту процесінің негізіне алынған модель. Оқыту моделінің екі типі қарастырылады - дескриптивті және нормативті. Оқытудың дескриптивті моделі - адам оқитын іс-әрекет процесін сипаттау негізінде құрылады. Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды - мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Педагогикалық моделдеу - педагогикалық процестер мен жағдайларды және оған жетудің негізгі жолдарын құру мақсатын (жалпы идеяларын) жасау.
Педагогикалық жобалау - құрылған моделді әрі қарай жасау және оны практикалық пайдалану деңгейіне дейін жеткізу.
Педагогикалық құрылымдау - құрылған жобаны ары қарай нақты жағдайларда пайдалану үшін жіктеу.
Біз ашық кәсіби бағытталған өзара байланысты жүйелер мен педагогикалық ұғымдарды, олардың арасындағы байланысын және кәсіби даярлаудың ұғымдық базисінің маңызды бөлігі мен қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы қазіргі білім беру маманының ақпараттық іс-әрекетінің мазмұны болып табылатын ақпараттық педагогикалық тезарусты қарастырдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет