ақпараттық технология адамның әлеуметтік іс-әрекетінің барлық саласын қамти отырып, ауқымды сипатқа ие болады;
барлық адамзат өркениетінің ақпараттық бірлігі қалыптасады;
информатика құралдарының көмегімен бүкіл өркениеттің ақпараттық ресурсына әрбір адамның еркін кіру мүмкіндігі жүзеге асырылады;
қоғамды басқару мен қоршаған ортаға әсер етудің ізгіліктілік принципі жүзеге асырылады.
Ғалымдар мұның оң тұстарымен қатар, қауіпті тенденцияларын да болжайды: Ақпарат ақпараттық процесс бола отырып, өзінің жеке меншік қасиеттерін сақтай отырып, тек осы ұғымға тән қасиеттерге ие болады.
Қоғамның ақпараттық ресурстары, егер оларды білім ретінде түсінсек, оны жалпылаған, жинақтаған, талдаған және құрған адамдардан алшақтаған.
Бұл білімдер құжаттар, мәліметтер қоры, білім қоры, алгоритмдер, компьютерлік программалар, сондай-ақ, өнер, әдебиет, ғылым туындылары түрінде материалданған.
Елдің, аймақтың, ұйымның ақпараттық ресурстары мәнділігі жөнінен шикізат қоры, энергия, пайдалы қазбалар және басқа да ресурстарға ұқсас стратегиялық ресурс ретінде анықталады.
Ұлттық ресурстарды классификациялау
Кітапханальқ.Қазақстанның кітапханалар желісі. Электрондық каталогтар, миллиондаган жазулардан түратын мәліметтер қоры, барлық кітаптар туралы библиографиялық ақпараттан түратын СD-RОМ дискілер, бұл ресурстарды Интернет арқылы жариялау.
Архивтік қор. Жүз миллиондаған құжаттарды сақтайды жэне ол күн сайын толықтырылып отырады. Архивтік ақпараттар бойынша анықтамлықтардың электрондық нұсқалары құрылуда.
Ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік жүйесі. Бұл бүкіл әлемде барынша дамыған. Бұған ғылыми-техникалық кітапханалар, журналдар, жарияланымдар, әдебиеттер, ғылыми- техникалық жұмыстар, мақалалар және т.б. жатады.
Мемлекеттік статистика жүйесінің ақпараттьқ ресурстары. Бұл ақпарат экономикалық көрсеткіштерді, мемлекеттік емес сектордың дамуын, инвестицияларды, бағаларды жэне тарифтерді, еңбек ақысын, кірістерді, халықтық тұрмыс деңгейін және т.б. бейнелейді.
Құқықтың, ақпараттың Мемлекеттік жүйесі ҚР-ның мыңнан астам құқықтық актілері мен заңдылықтарын құрайды.