ақпараттық коммуникациялық технологиялардьщ есептеуіш техника кұралдарын педагогикалық, эргономикалық бағалау;
білім беру мекемесіндегі оку-тәрбие процесін басқарудың ақпараттық ортасын құру, автоматтандырылған жүйелер жасау, білім беру процесі мен ұйымдастыруды басқаруды ақпараттық- әдістемелік қамтамасыз ету;
білім беру саласындағы мекемелер үшін бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жасау;
мектептегі білім беруді ақпараттандыруға кадрлар дайындауға қажетті білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын дамыту;
білім беру саласында электрондық кітапханалар құру;
білім беруді ақпараттандырудың әлеуметтік аспектілерін қарастыру.
Қоғамды ауқымды ақпараттандыру бүл күндері тек объективті шынайылық қана емес, сонымен бірге XXI ғасырдағы өркениет дамуының басым тенденцияларының бірі. Информатика құралдарының, телекоммуникациялық жүйелердің және ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуының арқасында біздің планетамызда ондаған, жүз миллион адамдар өмір сүретін жаңа ақпараттық орта пайда болып, постиндустриалдық ақпараттық қоғам белсенді түрде қалыптасып келеді. Бұл қоғамда адам үшін тек жаңа мүмкіндіктер ашылып қана қоймай, бұрыннан белгісіз жаңа мәселелер қалыптасады. Бұл мәселелер бүгін байқала бастады, ал оның даму динамикасы мен олардың әсері күшейіп, XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында анықтаушы фактор болатынын айғақтайды.
Бақылау сұрақтары Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру.
Білім беруді ақпараттандырудың даму тенденциялары.
Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру процесіне талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасындағы оның жүзеге асырылу кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделіне сипаттама беріңіз.
Информатика саласынан жасалған мектепте білім беру стандартына сипаттама беріңіз.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасының 2002-2004 жж. арналған жобасындагы білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері қандай?
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі тснденцияларына сипаттама беріңіз.
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.