Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы. Дистанциялық оқыту технологиясы. Саралап оқыту.
Оқыту теориясы мен практикасында оқыту технологияларының көптеген нұсқалары бар. Әрбір автор мен орындаушы өзінің жеке үлесін қосады. Дегенмен көптеген технологиялар өзінің мақсаты, мазмұны, қолданатын әдістері мен құралдары бойынша айтарлықтай ұқсастықтары бар және осы жалпы белгілері бойынша бірнеше жалпыланған топтарға топтастырьшуы мүмкін.
Оқыту технологиясын топтастыру әртүрлі қырынан жүзеге асырылады, қазіргі педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерде оқыту технологияларын топтастыру мәселесіне қалыптасқан бірыңғай көзқарас жоқ. В.П. Беспалько танымдық іс-әрекетті үйымдастыру мен басқару типіне қарай педагогикалық технологияларды топтастыруды ұсынды. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінің әртүрлі белгілерінің үйлесуі технологиялар түрлерін анықтайды (В.П.Беспальконың атауы бойынша - педагогикалық немесе дидактикалық жүйелер).
Төмендегідей топтамаларды ерекшелеуге болады:
әрекеттің бағыты бойынша оқыту технологиясы: оқушылар, студенттер, мұғалімдер, сала қызметкерлері және т.б.;
оқыту мақсаты бойынша: оқыту процесінде бірнеше оқыту мақсаты пайдалануы мүмкін;
пән үшін осы технология жасалатын пәндік орта бойынша: гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, жалпы кәсіптік, арнайы;
техникалық орта бойыншіа: аудиовизуалды, бейнетехникалық, компьютерлік, бейне компыотерлік, жаппай-медиа жэне т.б.;
оқу процесін ұйымдастыру бойынша: дербес, топтық, аралас;
әдістемелік міндет бойынша: бір пәннің технологиясы, бір құралдың технологиясы, бір әдістің технологиясы.
Шыңдығында, қандай да бір жалғыз фактор, әдіс, принципті пайдаланатын монотехнология жоқ - педагогикалық технология кешенді болып табылады. Оқыту процесінің қай жағына бұрылса да, технологияның өзіне тән сипаты бар және осыдан ол өзінің атауына ие болды. Оқыту тәсілі, әдісі, құралы көптеген қалыптасқан технологиялардың атауын анықтайды: программалап оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту, өзіндік дамыта оқыту, ойындық, шығармашылық және басқалар.
Оқыту технологияларының жетістіктері қарастырылды, бірақ практикалық зерттеушілердің жұмыстарында оның кемшіліктері де ерекшеленген:
репродуктивті типтегі оқытуға бағдарлау;
оқу іс-әрекетінің мотивациясының жасалынбағандығы;
оқушының жеке тұлғалылығын, оның ішкі әлемін жоққа шығару.
Теориялық жэне практикалық зерттеулер оқытуды технологияландыру - бұл бар болғаны дидактикалық процесті оның жеке бөліктерінде басқарудың бір тәсілі ғана, «жаппай технологияландыру» мектепке ешқандай пайда әкелмес еді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Дидактикалық көзқарас тұрғысынан - оқушылардың дербес қабілетін ескере отырып ұйымдастырылған оқыту әдісі, формасы және кұралдарының жиынтығын жүзеге асыру жолымен әрбір оқушының қызығушылығын, қабілеттерін дамыту үшін тиімді жағдайлар құру. Бұл мақсатқа жетуге арналған маңызды кұрал оқушыға таңдау мүмкіндігін беру болып табылады.
Әдістемелік көзқарас тұрғысынан - мектептегі пісуі жеткен мәселелерді білім беру стандарттары (міндетті талаптардың деңгейі) міндетті түрде болған жағдайда оқытудың ішкі (деңгейлік) және сыртқы (селективті жэне элективті) саралануына негізделген жаңа әдістемелік жүйе құру жолымен шешу.
Саралап оқытуға арналған мүндай оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жасаудың негізіне төмендегідей принциптер алынған:
оқу, әдістемелік және дидактикалық құралдардың құрылымы мен мазмұнына әртүрлі деңгейлі тәсілді қолдану;
саралап оқытудың басты түрлері мен тәсілдерінің мазмұны мен құрылымында, құрамында оны ескеру;
оқу ақпаратын беру тәсілі мен түрлеріне, оқу әдістемелік қамтамасыз етудің дидактикалық аппаратына, әдістемелік және дидактикалық құралдардың сипаты мен мазмұнына, оқу процесінің материалдық - техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын арнайы талаптар түрінде жүзеге асырылатын әрекеттік тәсіл;
бір оқу курсын жасауда әртүрлі альтернативті нұсқаларда байқалатын құрастырудың өзгермелі тәсілі; жалпы орта білім берудің мазмұнының құрылымы бойынша сәйкес оқу әдістемелік қамтамасыз етудің әртүрлі нұсқаларын жасауда.
Қарастырылған принциптер ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқытудың бейімделген программаларында жүзеге асырылуы мүмкін.
А.В.Хуторскойдің еңбегінде: «Әрбір балада өнертабыс пен ашылыс ұйықтап жатады. Мұғалімге тек балаларға өзінің шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндік беру қажет» деген сөздер келтірілген. Мұны қалай орындау керек? Автор: оның өзіндік шығармасын - сұрақ, тапсырма, тәжірибе, зерттеу ашады, - деп жауап береді. Көптеген мұғалімдердің тәжірибесі оқушыларға материалды тек оқып қана қоймай, танымның шынайы объектілері туралы өздерінің білімдерін құрастыруға мүмкіндік беретін тапсырмаларға қойылатын талаптарды тұжырымдауға мүмкіндік берді. Алдын-ала белгілі шешімі болмайтын тапсырмалар немесе жауабы болмайтын тапсырмалар «ашық» деген атауға ие болды. Тапсырмалар мысалдары 4.5- суретте келтірілген. Ашық тапсырмаларға қойылатын талаптар:
тапсырмалар оқу бағдарламасында керсетілген, негізгі мәселеге, тақырыпқа немесе оқыту объектісіне қатысты болуы тиіс;
тапсырманың мұғалім үшін алдын-ала белгілі жауабы болмауы тиіс;
тапсырма қызықты немесе дәстүрден тыс тұжырымдалуы қажет.
Дәстүрлі оқыту практикасында мүғалім сабақтың едәуір бөлігін түсіндіреді, иллюстрациялайды, сұрайды, үлгі бойынша тапсырмалар береді де, ал оқушылардың белсенді танымдық іс- әрекетіне өте аз уақыт жұмсалады.
Проблемалық, зерттеу және практикалық әдістер жеткіліксіз пайдаланылады. Оқушылардың өз бетіндік ойлауының нашар дамуының себебін мұғалімдер олардың стереотипті шешімдерін дәл бағалау, танымдық объектілермен жэне оқулықпен тиімді жұмыс істеу тәсілдерін дұрыс таңдай білу іскерлігінің болмауынан деп есептейді. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда оқыту әдісін таңдаудың негізгі факторы оқушылардың өнімді іс-әрекетін ұйымдастыра білу мәселесі болып табылады.
Көптеген мамандардың пікірінше, негізгі «тасты домалатудың» әдісі оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалғыз формасы ретіндегі класс-сабақ жүйесі болып қалып отыр.