Мазмұны: Педагогикалық оқыту технологиялары. Ақпараттық технологиялар.
Көптеген авторлардың зерттеулерінде (В.А.Хуторской, Т.С.Садықов, А.Е.Абылқасымова және т.б.) осы уақытқа дейін тек дәстүрлі оқу курсын кеңейту жолымен білімді арттыру есебінен немесе жаңаны енгізу арқылы білім мазмұнын жетілдіруге қол жеткізілді, мұның нәтижесі оқушылардың оқу жүктемесінің көбеюі мен оқушылардың білімінің төмендеуіне әкелді. Бұл оқу іс-әрекетінің объектісі оқушы болатын, мұғалім басты роль атқаратын оқыту процесіне бағытталған білім беру жүйесінің нәтижесі.
Қазіргі уақытта әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің білім беру жүйесін жаңарту қажеттілігін түсінді, бүл жүйеде оқушы оқу процесінің негізгі тұлғасы, ал оның танымдық іс-әрекеті жаңа білім беру моделінің орталығында болуы тиіс.
Авторлардың пікірінше, білім, іскерлік пен дағдыны меңгеруді тағайындау - білім беру мазмұнын құрудың экстенсивті жолы. Оны интенсивті жолга көшіру білім беруге «әрекеттік тәсілді» пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін. Әрекеттік тәсіл тек білімді меңгеруді бағдарлап қоймай, оқушылардың ойлау тәсілдерін және іс-әрекеттерін, танымдық күштерін дамытуға оқушылардың шығармашылық қуатын арттыруға бағытталады. Адам тәрбиесінің ерекшеліктерін ашып түсіндіруге әрекет жасаған маңызды зерттеулерге П.Я. Гальперин мен Н.Ф. Талызинаның еңбектері жатады. Бұл аталған теорияларда тәрбиені қалыптастырудың негізінде дербес және әрекеттік тәсіл жатыр.
Ғылымдар теориясының практикасы технологияның көмегімен жүзеге асырылады. В.П.Беспальконың еңбегінде «технология» сөзіне талдау жүргізіледі, ол латынның «техне» - өнер, шеберлік, машықтық және «логос» - ғылым сөздерінен кұралған. Шындығында, өндірістік процесте технология - ғылым ұсынған алгоритмдер, тәсілдер және құралдар жүйесі, олардың қолданылу нәтижесі алдын-ала белгіленген әрекет нәтижесіне әкеледі, өнімнің күтілетін сапасы мен мөлшерін алуға кепілдік береді. Барлық қазіргі өндірістер технологияға негізделеді. Технология өндірістің жеткен деңгейін сипаттайды: мөлшер мен сапа, бүл тәсіл және ғылыми жетістіктерді енгізу нәтижесі. «Кез келген іс-әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделсе, технология ғылымға негізделеді. Бәрі өнерден басталып, технологиямен аяқталады. Өйткені, бәрін басынан бастауүшін» П.И.Пидкасистый жазғанындай, технология - бұл оқыту барынша басқарылатын процесс ретінде қарастырылатын оқыту процесіне деген көзқарас.
Жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар Қазақстанда он екі жылдық білім беруді жобалаудың тұжырымды тәсілдерін қалыптастыруда көрнекі педагогтардың еңбектерінде талданған. Сондықтан бұл тарауда оқыту технологияларының қазіргі және болашақ даму бағыттарын бейнелейтін технологиялар қарастырылады.
1950-жылдардан бастап педагогика ғылымында басқа бағыт даму жолына түсті: техника мен техникаландыру емес, технология және оны оқытуды технологияландыру. Оқытуды технологияландыруға программаланған оқыту, информатика, кибернетика және жүйелік тәсіл негіз болды. Оқыту процесі кеңінен, жүйелі түрде - оқыту мақсатынан бастап, нәтижені бақылауға дейін оқыту жүйелерінің барлық компоненттерін жасау түрінде қарастырыла бастады. Оның басты идеясы оқыту технологиясының «шығарылу» идеясы болды.
Оқытуды технологияландыру жөніндегі басылымдарды талдау оқытуды технологияландыру негіздерінің іргелі зерттеулері бар екенін көрсетті; нақты оқыту технологияларының бірқатар мысалдары бар; оқыту технологияларының негізгі принциптері анықталғаи және оқыту технологиясының құрылымы ашылған.
Дегенмен, оқытуды технологияландыру бойынша жеке пәндерден практикалық жүмыстардың бар болуы білім беруді нақты технологияландыруға жақындатпайды, өйткені бүл жұмыстар мүғалім практиктерге пайдалануға жетпейді.
Мамандар мен педагогтарда оқытуды технологияландыру идеясы бүгінде бір мәнді емес реакциялар туғызуда. Копшілігі мүғалімнің еңбегі - бұл механикаландырылмаған «қол» еңбегі, тек тірі адам ғана оқыта алады және оны оқыту өзінің табиғатынан автоматтандыруға жатпайды. Бұдан әдіскерлердің құрған дайын әдістемелік жұмыстарын, сабақ жоспараларын мұғалім ризашылықпен пайдалана берді.
Оқыту технологиясының дамуы мұндай оқыту жүйелерін құрып (пән бойынша оқытудың технологиялық процесі) кез келген мұғалім оны пайдалану арқылы көрсетілген сапаның нәтижесін алуға болатынын көрсетті. Технология мамандары «технологиялық пакеттер», оқыту жобаларын жасайды, ал мұғалім онымен жұмыс істей отырып, консультант - ұйымдастырушылардың қызметін атқарады. Адамды мезі ететін еңбектен босаған мұғалім өзінің тол педагогикалық жұмысы - оқушыларды дамытумен айналысатын болады.
Сөйтіп, оқыту технологиясы - оңтайланған жүйелерді жасау мен оның принциптерін ашу жөніндегі ғылыми зерттеу саласы, алдын-ала сипаттамасы берілген дидактикалық шығарылатын (нәтижесі болатын) процестерді құру жөніндегі дидактиканың бағыты ретінде түсініледі.
Әдебиеттерде оқыту технологиясы термині (педагогикалық технология) өте кеңінен қолданылады. «Технология» сөзі: ақпараттық, педагогикалық, оқыту, программалық құралдарды қолдану тәрізді сөздерді жалғай отырып, әртүрлі аспектіде қолданылады. Ол диактиканың бағытын; технологиялық жасалған оқыту жүйесін; қандай да бір мүғалімнің әдістері мен тәсілдерінің жүйесін; әдістеме мен жеке тәрбиелеу әдістерін көрсетеді (мысалы, топтық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы).
Технологияның көмегімен шешуге жататын басты мэселе - оқыту процесінің басқарылатындығы. Дәстүрлі, технологияландырылмаған оқыту әдістемесінің кемшілігі мақсатты көздейтін бағыттылығының айтарлықтай анықталмағандығы және оқу процедурасының шамалы басқарылатындығы, меңгерілген білімнің субъективті жэне эпизодты түрде тексерілетіндігінде.
«Оқыту технологиясы» терминінің алғашқы түсіндірілуі бұл ұғымды техникалық оқыту құралдарын қолданумен жэне программалап оқыту әдісімен байланыстырды. Қоғамды компьютерлендіру, сондай-ақ, коммуникация құралдарының дамуы бұл терминнің түсінігін жүйелік талдау мен оқыту процесін жобалау жағына қарай өзгертіп, айтарлықтай оны кеңейтті.