Г. И. Бейсенова


орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған



бет22/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
361817 (1)

орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған кешенді практикалық шараларды анықтау және жүзеге асыру.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Бағдарламада орта білім беру жүйесінің алдына төмендегідей міндетгер қойылды:

  • мектеп мекемелеріндегі оқыту процесінде және оқу процесін басқаруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік беретін есептеу құралдары мен ұйымдастыру техникаларымен қамтамасыз ету;

  • барлық мектеп мекемелерін білімдік ақпараттық кеңістікпен қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту;

  • оқытудың мазмұндық әдістемелік жүйесін жетілдіру;

  • бақылаудың компьютерлік тестілеу және диагностикалық әдістемесін құру және пайдалану;

  • орта білім беруді басқару механизмін жетілдіру;

  • әрекеттік нормативті-құқықтық базаны дамыту;

  • телекоммуникациялық желі жүйелерін құру;

  • дистанциялық оқытуды ұйымдастыру

  • орта білім беру жүйелері үшін жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану салалары бойынша мамандар даярлау және қайта даярлау.

Бағдарламада осы міндеттерді орындау орта білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктерімен - қиындықтарымен үйлесім табатындығы аталып көрсетілген, ол республика бойынша мектептердің 40 пайыздан астамы шағын комплектіліге (ШКМ) жататындығымен түсіндіріледі. Шағын комплектілі мектептің бір оқушысын оқытуға кететін шығын (жалпы оқушылар контингентінің 14,1%) әдеттегі мектептермен салыстырганда 30-100%-ке (аймақтарға байланысты) жоғары.


29. Білім беруді ақпараттандырудың даму тенденциялары.
Ақпараттық технология құралдарын енгізу негізінде білім беру жүйесін түрлендіруге арналған кешенді шараларды қарастыруға көшейік.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы 1997-2002 жылдарға есептелген, 5 кезеңді қамтыды. Оны қаржыландыру 154 млн. долларды құрады.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері мен жолдарын қарастырайық.
Аталған бағдарламаның бірінші кезеңінде (1997-1998 оқу жылы) қалалардағы және аудан орталықтарындағы негізгі орта мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Білім беруді басқаруға байланысты ақпараттық жүйелер қүру, компьютерлік оқу программаларын жасау, білім берудегі жаңа технологиялардың аймақтық орталықтарын бекітіп, кеңейту жүмыстары жүзеге асырылды.
Екінші кезеңде (1998-1999 оқу жылы) орта мектептерді компьютерлендіру басталды.
Үшінші кезеңде (1999-2000 оқу жылы) барлық орта мектептерді компьютерлендіру аяқталды.
Төртінші кезеңде (2000-2001 оқу жылы) барлық негізгі метептерді компьютерлендіру жұмысы жүргізілді.
Бесінші кезеңде (2001-2002 оқу жылы) барлық қалған мектеп түрлері, негізінен бастауыш мектептер компьютерлендірілді. Астана, Алматы, Атырау, Қарағандьт, Маңғыстау облыстарының мектептері толығымен компьютермен жабдықталды. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының мектептері 40% - тен 90%-ке дейін жабдықталды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының мектептері 40% -ке дейін жабдықталды. Бұл кезеңде білім беруді басқарудың ақпараттық жүйелерін құру аяқталды.
Компьютерлендірумен қатар мектептерді Интернет желісіне біртіндеп қосу «Интернет-мектеп» ведомоствоаралық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны орындауда орта мектептің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстанның WEB-ресурстарына кіру мүмкіндігін алуды қамтамасыз ететін «Қазақстандық Интернет» желісі құрылды. 400-ге жуық мектеп қосылды. Сонымен бірге, ортақ ведомостволық бағдарламаны жүзеге асыруда бірқатар мәселелер - дер кезінде толық қаржыландыру, желілерді қосуды ұйымдастыруға байланысты мектептерде техникалық шараларды орындау тәрізді мәселелер пайда болды. Бұрынғыдай ауылдық деңгейде телефон жүргізу мәселесі күн тәртібінен түспейді, өйткені Бағдарламаның идеясы ауыл мектептерін Интернет желісіне қосуды қамтумен тұжырымдалады.
Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі білім сапасын бағалау болып табылады. Оқыту нәтижелерін сапалы, әрі объективті бақылау мәселесі бақылаудың жаңа әдістері мен түрлерін іздеуге әкелді. Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысын бақылаудың тест жүйесіне негізделетін педагогикалық өлшеу технологиялары кеңінен таралды.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан білім сапасын бағалау процесіне тест технологияларын енгізуде басшы болып отыр. Дегенмен, бүл мәселе жөнінде педагогикалық өлшеу дәстүрлері ондаған жылдарды қамтитын елдерге орын береді.
Білімді бақылаудың тест жүйесін енгізуге байланысты реформа жасалған жылдар:

  • 1993 - Республикалық тестілеу орталығын құру, ол бірнеше рет түрлендіруден кейін білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (БТМСҰО) деп аталды;

  • 1993-1997 - тест технологияларын жетілдіру, оны білім берудің жеке ұйымдарына, «Болашақ» стипендиаттарын конкурспен іріктеуде енгізу;

  • 1998 - Қазақстанның кейбір аймақтарында жоғары оқу орындарына тестпен қабылдау;

  • 1999-2003 - жоғары оқу орындарына қабылдауда талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу, жоғары және бітіруші курс студенттерін мемлекеттік аттестациялауды тестпен өткізу;

  • 2003-2005 - мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен қабылдау емтихандарын біріктіруді қарастыратын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), аралық мемлекеттік бақылау, аспирантураға қабылдау үшін тестілеу.

Білім беру стандартында талаптар жүйесінің болуы эрбір оқушының оқу нәтижесіне жету деңгейін объективті түрде тексеруге мүмкіндік беретін педагогикалық өлшеу жүйелерін жасау мәселесінің белсенділігін арттырады. Бұдан тексеру оқушы жұмысының нәтижелілігін зерттеу үшін ғана маңызды емес. Бітірушілердің білім сапасын терең талдау мэліметтерінің негізінде облыс, аудан мектептеріндегі объективті бейнені бағалауға болады, сондай-ақ, бітірушілердің мектептегі жеке пәндер, олардың бағдарламаға сай бөлімдері бойынша білім сапасын көруге болады (2.7- сурет). Бастауыш жэне орта кәсіптік білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен (10 май, 2001 ж, № 616) Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсіптік білім беру, оқу мекемелерін ақпараттандыру бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру 2002-2005 жылдарға есептелді, бастауыш және орта кәсіптік білім беруге арналған барлық оқу орындарын қамтыды.
Қазіргі уақытга білім беруді ақпараттандырудың дамуы процесінде зерттеулердің айтарлықтай мәні бар және дамымалы бағыттары ашылуда:

  • үздіксіз білім берудің ауқымды ортасы ретінде телекоммуникациялық желілердегі ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерін жүзеге асыру;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет