Г. И. Бейсенова



бет85/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111
Аппараттық құралдар. Мәтіндік редактордың көмегімен мәтіндік құжатты жасау үрдісі кешенді сипат алады, онда компьютердің барлық негізгі құрылғылары іске қосылып отырады. Осы тақырыптың аясында оқушылар ЭЕМ әртүрлі аппараттық компонеттерінің жұмыс жасау принциптері туралы білімдерін кеңейтулері қажет. Ақпараттық технологиялар сызығымен
«Компьютер» сызығының қиылысқанын осыдан байқауға болады.
Пернетақта мәтіндік редакторды басқару, мәтінді енізу үшін негізгі құрылғы болып табылады. Мәтіндік редактормен жұмыс жасағанда мына перне топтарының бәрі қолданылады:

  • функционалды;

  • басқарушы;

  • режімдерін ауыстыру;

  • меңзердің жылжулары;

  • басқа пернелер.

Дисплей. Біріншіден, оқушылар кез келген бейне экранға жарқыраған нүктелер жиымы – пиксельдерден құралып шығатынын білуге тиіс. Мәтіннің символдары үзіліссіз сызықтардан емес, жеке нүктелерден құрылады. Символдардың бұл дискреттік құрылымын экранға зейін салып қарағанда көруге болады.
DOS жүйесіне бағынышты жұмыс жасайтын барлық мәтіндік редакторлар, экранның символдық режімін қолданады. Бұл режімде экранға шығарылатын символдардың позициясы және өлшемі қатал анықталады.
Экранның символдық режіміне бағытталған мәтіндік редакторлар, символдардың өлшемін өзгертуге, әртүрлі шрифттерді қолдануға мүмкіндік бермейді. Тек қана бір стандартты шрифт болады. Мысалы, Паскаль бағдарламалау жүйесіндегі мәтіндік
редакторы MS-DOS жүйесіне бағытталған, сондықтан экранның символдық режімін қолданады.
Windows операциялық жүйесі және оның барлық қосымшалары дисплеймен, тек қана графикалық режімде жұмыс жасайды. Сондықтан экранға символдарды әртүрлі өлшемде және пішінде, кез келген позицияда шығара беруге болады. Әйтсе де, экранның дискреттік пиксельдік құрылымы қала береді, соның нәтижесі символдардың мозаикалық бейнелену принципі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет