Г. И. Бейсенова



бет86/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111
ЭЕМ жадысы. Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау барысында, компьютердің ішкі (жедел) және сыртқы жадыларының қайсысы болсын іске қосылып тұрады. Осы жады формаларының қайсысы қандай мақсатта қолданылатынын оқушылар жақсы білуге тиіс.
Мәтіндік редактордың (МР) өзі (ДК барлық бағдарламалық жасақтамалар сияқты) магниттік дискіде (винчестерде), яғни сыртқы жадыда сақталып тұрады. Оқушыларға МР-дың қай каталогта (қапшықта) тұрғанын көрсетіп, оның жұмысқа қалай жіберілетінін түсіндіру қажет.
Мәтіндік редактордың жіберілуі – МР-дың бағдарламасының файлын жедел жадыға көшіру және инициалдануы (алғашқы рет іске қосылуы) арқылы жүзеге асады. Жұмысқа қосылып тұрған уақыт бойы МР бағдарламасы жедел жадының белгіленген бөлігінен орын алып тұрады. МР жабылған соң жедел жады босайды.
Пайдаланушының енгізетін мәтіні, жедел жадының сол үшін тағайындалған арнайы орынға – МР жұмыс аймағана кіргізіледі. Жедел жадының тағы бір бөлігінде алмасу буфері орын алады.
Алмасу буфері (ағылш. – clipboard) – ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадының аралық аймағы (6.2-сурет). Буфер қапшықтардың, файлдардың, құжаттардың, т.б. көшірмесін жасағанда және қолданбалы бағдарламалардың арасында ақпарат алмасуына қажет.





6.2-сурет. Буфер арқылы ақпарат алмасу схемасы


Буферге ВЫРЕЗАТЬ және КОПИРОВАТЬ бұйрықтарының орындалуы бойынша мәтіннің үзінділері түседі. Буферде тұрған ақпаратты шексіз ала беруге болады.
Буферге ақпаратты жазу Правка Копировать (Вырезать) бұйрықтары (немесе тақтадағы сәйкес батырмалар) немесе CTRL + С пернелерін қатар басу арқылы орындалады.
Буферден ақпаратты оқу Правка Вставить бұйрығы (немесе тақтадағы сәйкес батырмалар) немесе SHIFT + INSERT пернелерімен орындалады.
Кең тараған Word 2003, 2007, 2010 мәтіндік редакторларында – кеңейтілген алмасу буфері болады. Ондай буферде 24 объектіге дейін бірден сақтауға болады. Буфердің мазмұнын көру үшін, мысалы, Word 2003-те – Правка Буфер обмена Office бұрықтары орындалады. Экранда редактордың жұмыс аймағының сол жағында буфердің мазмұнын толық көрсететін терезе пайда болады. Одан кез келген қажет үзіндіні таңдап, мәтінге енгізу өте ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет